10-сынып оқушыларына арналған сұрақтардың жауабы:
1.
Ежелгі дәуір әдебиетінің асыл мұраларын атаңыз:
«Орхон –
Енисей» ескерткіштері, «Күлтегін» жыры, «Алып Ер Тұңғаны жоқтау»
жыры, «Қорқыт ата кітабы», «Кодекс Куманикус», «Мұхаббатнаме»,
«Жүсіп-Зылиха», «Гүлстан» т.б.
2.
«Алып Ер Тұңғаны жоқтау» жыры қай кезеңге жатады және
шығарманың негізгі идеясын атаңыз:
(б.з.д. VII ғ. – б.з. VII ғ.) (Алып Ер
Тұңға – өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы
ақыны Фирдоусидің «Шаһнама» кітабының (XI ғ.) кейіпкері болған. Онда
Алып Ер Тұңға – Афрасияп Тұранның (Түр елі – түркілер) патшасы болып
суреттеледі. Ақыл-айласымен, күшімен, біліктілігімен ел есінде мәңгілік
қалған тарихи тұлға).
3.
Т. Медетбектің қай өлеңдерінен ежелгі әдеби дәстүр сарынын
байқауға болады?:
«Көк түріктер сарыны», «Тағдырлы жылдар
жырлары», «Аңқа кептірген аңызақ» т.б.
4.
Халық ауыз әдебиеті үлгілеріне мысал келтіріңіз:
Халық ауыз
әдебиеті
— халық
шығармашылығының айрықша
саласы,
ауызша
шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық
атауы.
1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған «фольклор» (ағылшынша
lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де халық ауыз әдебиеті атауы үшін
халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Халық ауыз әдебиеті жанрлық
құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері
(еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т.
б.), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең,
қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар,
айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар...
– міне, халық ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі
қарай түр-түрге бөлініп кете береді.
Достарыңызбен бөлісу: |