10-сынып оқушыларына арналған сұрақтар Ежелгі дәуір әдебиетінің асыл мұраларын атаңыз. «Алып Ер Тұңғаны жоқтау»



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата28.09.2024
өлшемі1,05 Mb.
#146011
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
10 synyp suraktar (1)



10-сынып оқушыларына арналған сұрақтар 
 
1.
Ежелгі дәуір әдебиетінің асыл мұраларын атаңыз.
2.
«Алып Ер Тұңғаны жоқтау» жыры қай кезеңге жатады және 
шығарманың негізгі идеясын атаңыз.
3.
Т. Медетбектің қай өлеңдерінен ежелгі әдеби дәстүр сарынын 
байқауға болады? 
4.
Халық ауыз әдебиеті үлгілеріне мысал келтіріңіз.
5.
Ұлттық салт-дәстүріміздегі батаның құндылығын қалай түсінесіз? 
6.
Миф дегеніміз не? Қандай мифтік шығармаларды білесіз? 
7.
Қазақ әдебиетінде кездесетін діни әңгімелерді талдаңыз.
8.
Метонимия дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. 
9.
Құбылту, яғни троп дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
10.
Анафора дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. 
11.
Эпифора дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
12.
С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып»
 
өлеңіндегі жас ұрпаққа меңзеген тәрбиелік ойды қалай түсінесіз?
 
13.
С. Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін арқау 
етіп, екі қасиеттің ара-жігін ажыратыңыз.
14.
Әдебиет тарихы деген ұғымның мағынасын түсіндіріңіз.
15.
Тарихи шындық дегеніміз не? Тарихи шындыққа негізделген 
шығармалар ретіне мысал келтіріңіз.
16.
С. Сейфуллин «Далада» өлеңінде асау тұлпардың шабысын қалай 
суреттейді? 
17.
Ғ. Мүсіреповтың аналар тақырыбындағы шоқтығы биік туындыларын 
атаңыз. 
18.
Инверсия дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
19.
Сарказм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
20.
Образ дегеніміз не? Жіктелу типіне мысал келтіріңіз.
21.
Сатиралық образ дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. 
22.
Романтикалық образ дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. 
23.
Эпикалық образ дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. 
24.
Әдебиет сыны деген ұғымның мағынасын түсіндіріңіз.
25.
А. Сейдімбектің шығармаларын атай отырып, негізгі ерекшеліктеріне 
тоқталыңыз.
26.
Қадыр Мырза Әлінің «Кәрі қыран» өлеңіндегі қыранды суреттеу 
шеберлігін мысалдармен дәлелдеңіз. 
27.
Ш. Қанайұлының «Зар заман» толғауын жатқа айтып беріңіз. 
28.
І. Жансүгіров «Күйші» поэмасында Қарашаш бейнесін қалай 
суреттеген? 
29.
Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романының негізгі тақырыбы мен 
идеясын талдаңыз.
30.
Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романында кездесетін суреттеу 
тәсілдеріне мысал келтіріңіз.


31.
Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романының негізгі тақырыбы мен 
идеясын талдаңыз. 
32.
Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романында Ұлпанның болмысы қалай 
суреттелген? 
33.
Прототип дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
34.
Хандық дәуір әдебиеті кезеңінің өкілдерін атаңыз. Шығармаларына 
мысал келтіріңіз.
35.
Бұқар жырау өмір сүрген ханның кезеңіндегі арнау өлеңдерге мысал 
келтіріңіз.
36.
Жырау дегеніміз кім? Жыршыдан қандай айырмашылығы бар? 
37.
Толғау дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
38.
І. Есенберлиннің тарихи тақырыпқа арналған шығармаларын атаңыз. 
39.
І. Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары бейнесі 
40.
І. Есенберлиннің «Жанталас» романында қай хан тарих 
сахнасынан көрініс беріп, ерлігімен суреттеледі?
41.
І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының негізгі өзегі мен 
алтын желісін қалай түсіндірер едіңіз? 
42.
Ж. Аймауытовтың сыни мақалаларын атаңыз. 
43.
Ж. Жабаевтың ұлттық рух төңірегінде жазылған қандай арнау 
өлеңдерін білесіз? 
44.
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында қай көлдің 
пейзажын бейнелеген және қандай суреттеу тәсілін қолданған? 
45.
М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында т
әуіп шал ауру
баланы емдеудің қандай жолын ұсынды? 
46.
Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» шығармасындағы қарттың 
туған жеріне жеткен кездегі алғашқы әрекетін атаңыз. 
47.
Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» өлеңіндегі замана 
шындығын әңгімелеңіз.
48.
Д. Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы басты кейіпкердің 
типін суреттеп, талдаңыз.
49.
М. Өтемісұлының елдік, ерлік тақырыбындағы өлеңдерін атаңыз және 
бір өлеңнен үзінді келтіріп, жатқа оқыңыз.
50.
М. Өтемісұлының жалғыздық тақырыбына арналған өлеңдерін атаңыз.
51.
М. Өтемісұлының өлеңдеріндегі Исатай бейнесінің сомдалуына мысал 
келтіріңіз. 
52.
Айтыс дегеніміз не? Айтыс түрлеріне мысал келтіріңіз. 
53.
«Сүйінбай мен Қатаған айтысында» көтерілген басты тақырыпты 
атаңыз.
54.
Қ. Күржіманұлы өлеңдеріндегі ізгі қасиеттердің дәріптелуі мен 
әділетсіздіктің сыналуын дәйектеңіз.
55.
М. Әуезов атаған «Зар заман ақындары» кімдер?
56.
М. Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айтыңыз. 
57.
Ш. Уәлиханов туралы жазылған шығармаларды атаңыз. 
58.
Ш. Уәлиханов және оның зерттеушілік қыры жөнінде әңгімелеңіз. 
59.
Ш. Уәлиханов туралы айтқан өзге ғалымдардың пікірлеріне мысал 


келтіріңіз.
60.
Әлеуметтік теңсіздік тақырыбына арналған шығармаларды атаңыз.
61.
Ы. Алтынсарин әңгімелеріндегі тәрбие тағылымын талдаңыз.
62.
А. Құнанбайұлының қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтарын атаңыз.
63.
А. Құнанбайұлының «Ескендір» дастанының негізгі тақырыбы мен 
идеясын анықтаңыз. 
64.
Абай мен Шәкәрім шығармаларының үндестігін ашыңыз.
65.
М. Ж. Көпейұлының фольклортанушы екендігін айқындайтын 
шығармаларын атаңыз.
66.
М. Ж. Көпейұлының «Гүлшат-Шеризат» дастанының көтерген 
тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. 
67.
Н. Орманбетұлының «Сарыарқа, сайран жерім-ай» өлеңіндегі заман 
кейпін талдаңыз.
68.
Әнші-ақындар шығармашылығына мысал келтіріңіз. 
69.
Біржан сал шығармашылығы және оның ақындық, сазгерлік қырының 
қалыптасуына ықпал еткен ұстаздарын атаңыз.
70.
Ақан серінің әйел теңсіздігін жырлаған өлеңдерін атаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет