46.
Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» шығармасындағы
қарттың туған жеріне жеткен кездегі алғашқы әрекетін атаңыз.
Туған
жерден түйіп әкеткен бір уыс топырағын төкті.
47.
Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» өлеңіндегі замана
шындығын әңгімелеңіз
:
Шығарманың идеялық мазмұны: дүние өзгерді,
жер, су, адам, әкім-бәрі азды, тозды, бұзылды; енді бұл дүниені өзгертпесе,
қазақтың бағы ашылмайды деген түсінік. Туған жердің қасіретін көру,
арқыраған Аягөздің сол кездегі аянышты халін ақын ретінде жан-жүрегімен
езіле егілу өкінішімен ұштасып жатады. Туған өлкесінің сұлу табиғатын
ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқа теңейді.
48.
Д. Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы басты
кейіпкердің типін суреттеп, талдаңыз
:
Еспенбет – тек алып күштің иесі
ғана емес, сонымен бірге адал, ақ жүрек, кішіпейіл, көпшіл, барлығымыз үлгі
тұтарлық батырлардың бірегейі. Ақын «алып ерді өсіретін – халық, ел
жұрты екендігін айтып, ақын жастарға «әрқашанда еліңмен, жұртыңмен
бол» – деп насихаттайды.
49.
М. Өтемісұлының елдік, ерлік тақырыбындағы өлеңдерін
атаңыз және бір өлеңнен үзінді келтіріп, жатқа оқыңыз.
«Ереуіл атқа ер
салмай», «Мен, мен, мен едім», «Толарсақтан саз кешіп», «Мұнар күн» т.б.
50.
М. Өтемісұлының жалғыздық тақырыбына арналған
өлеңдерін атаңыз
:
«Жалғыздық», «Мен – құстан туған құмаймын»,
«Арысты аңсау», «Өкініш» т.б.
51.
Достарыңызбен бөлісу: |