29.
Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романының негізгі тақырыбы
мен идеясын талдаңыз
:
Романда феодалдық-рушылдық ортада қорлық
көрген қазақ қызының жаңа заман шындығын пайдаланып, өз бақытын
табуы, тең құқылы азамат болуы бейнеленеді. Ақбілек – Қазан төңкерісі
нәтижесінеде білім алып, қатарға қосылған алғашқы қазақ әйелдерінің өкілі.
30.
Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романында кездесетін суреттеу
тәсілдеріне мысал келтіріңіз
:
Еліміздің Шығыс өңіріндегі, әлемге аян
Алтай өңіріндегі ақыл көріністері, Ертіс-Күріш сипаты, Марқакөлдің
мөлдір суы мен оның айналасындағы аң-құс, жануарлар әлемі, алуан түсті
адам портреттері, этнографиялық этюдтер, яғни қазақ тұрмысы мен
заман көріністері, адамдар арасындағы қатынастар шебер бейнеленген.
31.
Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романының негізгі тақырыбы мен
идеясын талдаңыз
:
Романда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы,
әдет-ғұрпы, барымта, қалың мал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей
арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады. Жазушы Ұлпан
бейнесіне қазақ әйелдеріне тән асыл да құнды қасиеттерді жинақтайды.
32.
Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романында Ұлпанның болмысы
қалай суреттелген?
Ұлпан – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз
бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлі қоғам қайраткері. Ұлпан ата-
анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора
киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық,
тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі,
өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы
да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз
болып өседі. Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін
ашық, нақты жеткізетін болған.Ұлпан – кең пейілді, адамгершілігі мол,
Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.
Достарыңызбен бөлісу: |