14. Әдебиет тарихы деген ұғымның мағынасын түсіндіріңіз: Әдебиет тарихы – әр халықтың әдебиетін тарихи қалыптасу тұрғысында қарастырып, дәуірге бөліп, әдеби бағыттарды, оған үлкен үлес қосқан ірі жазушылар шығармашылығын нақтылы зерттейді. 15. Тарихи шындық дегеніміз не? Тарихи шындыққа негізделген шығармалар ретіне мысал келтіріңіз: Тарихи шындық – өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі. Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар, болған оқиғалар, өмір сүрген тұлғалар арқау болады. І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын мысалға келтіруге болады. 16. С. Сейфуллин «Далада» өлеңінде асау тұлпардың шабысын қалай суреттейді? Танаулары шелектей, Ырсылдап демі көріктей, Көздері оттай, өріктей. Өрге қарай орғыса, Өр не қылмақ асауға? Жел не қылмақ асауға? Желге қарай орғыса… 17. Ғ. Мүсіреповтың аналар тақырыбындағы шоқтығы биік туындыларын атаңыз: «Адамның анасы», «Ананың арашасы», «Өлімді жеңген ана», «Ақлима», «Ұлпан», «Ана шешемі айнымайды», «Ана жыры» т.б. 18. Инверсия дегеніміз не? Мысал келтіріңіз : Инверсия – сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып өзгеше тіркестер құратын фигураның бір түрі. Поэзияда да, прозада да қолданылады. Мысалы, «Сен құрметте оны. Түсіндің бе, қарағым. Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын» (Ә.Сәрсенбаев). Қазақ жазушыларының ішінде инверсияны Ғ.Мұстафин жиі пайдаланды:
«Сапардың Аманы ... шаңқан боздың басынан аса секірердей, еріне көтеріле, ұмтыла берді алға...» («Дауылдан кейін»).