28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


Қожаберген жырау Толыбай ұлы



Pdf көрінісі
бет64/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Қожаберген жырау Толыбай ұлы
(1663–1763жж) «Баба тілі» және «Елім-ай» 
поэмаларында қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресін 
шынайы түрде баяндайды. 
ХІХ ғасырда өмір сүрген, сол кездегі қазақ даласындағы шым-шытырық 
уақиғаларға куә болған, өздері де сол уақиғаларға араласқан ақындардың 
шығармаларында қазақи шындық толық баяндалады. Кеңес заманыңда 
«Зар 
заман ақындары»
деген атқа ие болған 
Шортанбай, Қанайұлы, Дулат 
Бабатайұлы, 
Шернияз, 
Жарылғашұлы, 
Мұрат 
Мөңкеұлы
,
Әбубәкір 
Кердері
шығармаларына көңіл аударылмады, мән берілмеді, олар шыңайы ба-
ғасын ала алмады. Қазақтың болашағы, халықтың келешегі қыл үстінде тұр деп 
жырлаған ақындардың шығармалары, бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің 
бірі.
Қазақ әдебиеттану ғылымына бұл терминді 1927 жылы енгізген М.О.Әузов.Ол 
заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға 
ұластырып,Нарманбетпенаяқтайды.Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті 
жазбаша сипаталды. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан 
құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отар-
шылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих 
сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт 
қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-
дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен 
ажырамауға үндейді
.
ОларРесей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясатын 
жан-жақты суреттейді. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, 
ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге 
асуына қарсыласумақсатында пайда болған шығармалардың деректік 
мүмкіншіліктері мол.Бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын 
аңғарылады.
Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға 
берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт 
жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады. Олар елдің 
басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Халықты қан 
қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жа-
салған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. 
Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады. 
Отаршылдық дәуірін зерттеп жүрген тарихшылар зар заман ақындарының 
шығармаларын деректердің басқа тұрлерімен салыстыра отырып пайдаланса, 
оның зерттеуінің сапасы жоғары болатындығына сенімдіміз. 
Өз өлендерің жаза білген оны құйқылжыта әндете білген Сегізсері Бахрамұлы, 
Біржан Қорамсаұлы, Ақансері, Естай, Әсет өлеңдері тек қана музыка 
мәдениетіне қосылған үлес қана емес сонымен қатар шынайы тарихи дерек. 


57 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет