Миф дүние туралы фантастикалық түсінік. Аңызды зерттейтін ғылым мифология– адамның рухани мәдениетінің алғашқы формасы. Арғы
тарих кезінде пайда болды.Адам қоршаған ортаны түсіну үшін қолданды.
Құдай мен батыр іс-әрекетін айтушы.
Аңыз – халық қиялынан туған ғажайып
қызық оқиға, әңгіме.
Өмірден ерте озған
Қондыбай Серікбол деген жас ғалым арғы қазақтардың
аңыз-әңгімелеріне өзінің 4 томдық еңбегін арнады. Қазақ фольклорының көп
жылдар бойы зерттеген профессор
Немат Келімбетов ертедегі ғұн
тайпаларында дастандардың болғаны жөнінде болжам айтады. Еділ Бабамыз
жөнінде европа халықтарында
«Песень о небелунгах » және «
Песень о моем Сиде» деп аталатын дастандардың барлығы белгілі. Одан кейінгі тарихи
аренаға көтерілген түркі тайпаларында аңыз-әңгімелердің көп болғандығын
Махмуд Қашғари өз сөздігінде атап көрсетеді.
Ауызша деректердің келесі бір тобына ықылым заманнан бері халық арасында
тарап келе жатқан мақал-мәтелдер жатады.
Мақал – нақыл сөздің бір түрі. Өмір құбылыстарын жинақтайтын, оларды бір қалыпқа келтіретін, бір не екі тармақтан құралып, алдынғысындашарт не жалпы пайымдау, соң- ғысында қорытынды шығаратын, түйінді пікір айтатын, өте ықшам, бейнелі халықтық поэтикалық жанр . Ғасырлар бойы екшеленген, қырланған,
алуан мазмұнды, сан тақырыпты сөз мәйегі. Қазақ арасында бүгінде кең
таралған мақалдардың көпшілігін Махмуд Қашқари сөздігінен, Жүсіп
Баласағұни еңбектерінен кездестіріп жүрміз (Атасы бір әрі тартады, анасы бір
бері тартады. Үйлену оңай, үй болу қиын.). Қазақ мақалдарына әдеби талдау
берген қазақтың белгілі ғалымы профессор Сейіт Қасқабасов. Кейбір елдерде
мақал-мәтелдерді зерттейтін ғылым бар. Оны
паремиология деп атайды. Бұл
гректің паремиа –нақыл деген сөзінен шыққан.
Енді мәтел сөзге тоқталайық.