28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


 Генеологиялық шығармалардың деректемелік маңызы



Pdf көрінісі
бет65/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

5. Генеологиялық шығармалардың деректемелік маңызы 
Келесі бір деректердің үлкен тобы – шежірелер. Ғылыми атауы – генеология 
(гректің тұқымтану деген сөзінен шыққан). Бүгінде бұл ғылым жеке пән болып 
қалыптасып отыр. Қазақ халқында шежіре қалыптасқан дәстүр, ата танудын 
негізі, рухани байлық. ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтың алғашқы зиялы қау-
ымның өкілі 
Мақаш Баймұхамедов
(1803–1897жж.) Астраханда шыққан бір 
кітапта былай деп жазыпты: «
Хотя письменных источников по части 
исторического прошлого в Орде никаких не существует, но зато нет 
недостатка в преданиях устных, заслуживающих веры при отчетливомм 
знании киргиз – казаками своей генеологии»
[Благонравов М.О. быте киргизов. 
Сб.ст. Астрахань. 1910. С. 282.]
. Әрине бұл жерде авторменен таласуға да 
болар еді. Қазақ халқында жазбаша деректер болмады деген пікір шындыққа 
сәйкес келмейді, дегенмен оның қазақ баласы өз шежіресін жақсы біледі деген 
пікірін қолдаймыз. Өйткені әрбір қазақ өзінің жеті атасын білуге міндетті 
болған. Әрбір атаны 30 жылдан деп есептесек қазақ жұрты өзінің соңғы 200 
жылдық тарихын жақсы білген. 
Шежіре
, (арабша шаджарат –бұтақ, тармақ) 
–тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын 
тармағы.
Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан 
ресми 
Шежіре 
барлық 
халықтарда 
кездеседі.Ресей,Германия,Англия,Францияжәне көптеген шығыс елдерінде 
Шежіренің 
көп 
томдық 
жинақтары 
шыққан.Башқұрт,өзбек,түрікмен,қырғыз,Сібірхалықтарында Шежіре дерек 
көздері ретінде молынан кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша 
таратып отырған. Сондықтан оны кейбір ғалымдардалалық ауызша 
тарихнама(ДАТ) деп те әспеттейді. 
Жалпы Шежірені жинақтаған көнекөз қариялардың көмегімен қазақтың ру-
тайпаларының өткені туралы біршама мәліметтер алуға болатындығы ХVІІІ 
ғасырда белгілі болды. ХVІІІ–ХІХ ғасырларда мұндай Шежірелердің біразын 
Н.Аристов,А.Левшин, 
В.Григорьев, 
Л.Мейер, 
П.Рычков, 
М.Тевкелев, 
Н.Гродеков, 
И.Андреев, 
Ш.Уәлиханов, 
Г.Н. 
Потанин, 
Ә.Диваев, 
т.б.зерттеушілер жазып алып, ғылыми айналымға енгізді. Алынған жинақтар 
шежіре деректері орта ғасырлардан бастау алатындығын, тіпті жекелеген 
нұсқалары Адам атадан басталатындығын айқындады. Кейбір шежіре 
нұсқалары ортағасырлық деректемелермен де ұштасып жатады. Рашид әд-Дин, 
Ұлықбек, Әбілғазы, Бейбарыс, ибн Халдун, т.б. көптеген ортағасырлық 
авторлардың еңбектерінде белгілі бір тұлғалардың, ру-тайпалардың, 
халықтардың шығу тегі таратылып, бірнеше ұрпақтар алмастығы өрбітіліп 
отырды. 
Түркі, соның ішінде қазақ ойшылдары топтаған шежірелердің ең бағалылары –
Мұхаммед Хайдар Дулат пен Қыдырғали Жалайыридың еңбектері болып 
саналады. Сондай-ақ «Көшен-Қарауыл шежіресі» (ХVІІІ ғасыр), «Жәңгір хан 
шежіресі» (1835), Уәлиханов жазып алған «Ұлы жүз шежіресі», А.Ниязовтың 
«Үш жүздің шежіресі», А.Жантөриннің шежіресі, Потанин жазып алған Мұса 


58 
Шорманұлышежіресі, 
Ө.Бөжейұлының«Қазақ 
жұртының 
шежіресі», 
Қ.Бірімжанұлының бастауымен жинақталған «Орта жүз және Кіші жүздің 
шежіресі» (1894), «Насабнама» сынды шығармалардың да құндылығы жоғары.
Керей шежіресін алғаш рет қағазға түсіріп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдырған 
Дәулен Таузарұлы. Оны ұлы атақты Толыбай сыншы толықтырып, өзінің 
ұрпағы Қожаберген жыраудың қолына тигізді. Өз кезегінде Қожаберген, осы 
шежіре негізінде «Ата тек» деген дастан жазды. Қолдан қолға өтіп, керей 
шежіресі Сегіз сері Бахрамұлына жетті. Сегіз серіден кейін бұл шежірені 
жинап, жалғастырған Тәшмұхамед Тәбейұлы Барлыбаев. Осының бәрін бүгінгі 
ұрпаққа жеткізген белгілі фольклор танушы Қаратай Биғожин. 
Қазақ шежіресін кеңінен пайдаланып жазылған еңбек Құрбанғали Халидтің 
«Шығыстың бес тарихы». Автор Орталық Азия, ШығысТүркістан 
халықтарымен қатар қазақ даласын мекенейтін ру-тайпаларға да тоқталады. 
Өзен-көл, жер, ру-тайпа аттарының этимологиясы жөнінде көптеген мәліметтер 
бар. Бір қызығы Құрбанғали Сары арқаны екіге бөліп, бірін Оң Арқа, екіншісін 
Сол арқа депайтатындығынмәлімдейді. Обь және Ертіс арасын ерте заманда 
Сол Арқа деп атаған. 
Қазақ шежіресін алғашқы қағазға түсіргендердің бірі Мәшһүр-Жүсіп Көбеев 
(1857–1931). Ол өзінің кітабын 1911 жылы Орынборда шығарды. Кеңес 
заманында бұл шығарма бірнеше рет жарық көрді. Мәжһүр шежіресінің 
ерекшелігі ол әрбір аталарды баяндағанда, сол аталардың өз тұсында болған 
оқиғалар туралы ел аузында қалған ертегі-аңыздарды қоса айтады. Сондықтан 
ол жазған шежіре оқуға өте қызықты. 
Шежіреніөлеңмен жазған жерлесіміз Нұржан Наушабаев (1885–1919). Оның 
«Манзумат қазақия» аталатын 1903 жылы қазанда жарық көрген кітабына қазақ 
шежіресінің біраз материалдары пайдаланылған. Нұржанға еліктеп шежірені 
өлеңмен жазатындар көбейген. 
Қазақ тарихнамасында шежіре деректерін деректемелік талдаудан өткізу 
қажеттілігін алғаш айтқан Шәкәрім Құдайбердіұлы Көп оқыған, көп білген, 
шығыстың да батыстың да тарихи әдебиеттерімен таныс Шәкәрім қажы тарихи 
зерттеулерде батыс ғалымының әдіс-тәсілдерін пайдалану қажеттілігін түсінді. 
Әсіресе ол шежіре деректеріне үлкен күмәнмен қарап, оларды деректердің 
басқа да түрлерімен салыстыра отырып пайдаланады. Сондықтан да оның 
шежіре жөніндегі еңбегі шығыс және батыс тарих жазу дәстүрлерінің арасында 
жазылған. 
Хронологиялық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, ол қазақ тарихын 
жүйелі түрде баяндауға тырысты. Шәкәрімнің Керей-Уақ жөніндегі 
пайымдалулары талас тудырып, осы күнгі қалаптасқан пікірлермен сәйкес 
келмейді. 
Қазақтың белгілі жазушысы Сәбит Мұқановтың көзінің тірісінде баспаға 
ұсынған, бірақ өзі қайтыс болғаннан кейін жарыққа шыққан еңбегіндеқазақ 
шежіресіне арнаған бөлім бар. Онда қазақ шежіресіне сипаттама бере келе қожа 
және қазақ шежіресіне талдау жасайды. Ол шежіре тек ауызша, жазбаша ғана 
болып келмей оның өлеңмен айтылғанын да атап көрсетті. Бұл кітаптан жа-


59 
зушының туған жері Солтүстік Қазақстанда сол заманда өмір сүрген шежіреші 
қарттар жөнінде де мағлұмат бар. Бір қызығы солардың ішінде ССРО халық 
әртісі Ермек Серкебаевтың әкесі Бекмағамет те бар. 
Шежіре жинау, оны зерттеу, ғылыми айналымға кіргізу жөнінде алдына жан 
салмаған ғалым – Әлкей Марғұлан еді. Кеңес үкіметі заманында шежірені 
өзінің ғылыми еңбегіне негіз қылғанМұхаметжан Тынышпаев қазақтар 
жөніндегі алғашқы еңбектің авторы болды. Онда ол өзіне белгілі қазақ руларын 
талқыға салды. Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Ташкент қаласында жарық 
көрген оның кітабы көпшіліктің сүйіп оқитын шығармасына айналды.
Тағдыры тәлкекке түскен, атақты Е. Бекмаханов өз еңбектерінде шежіре 
материалдарын арнаулы тарихи дерек ретінде молынан пайдаланды. Одан 
кейінгі Х.Арғынбаев, Ж.Артықбаев, М.Мұқанов, В.Востров, Н.Әлімбай, 
Б.Жакинжәне тағы да басқа тарихшылар шежіре деректеріне зор баға берді.
Өткен ғасырдың 90 жылдары Моңғолия мен Қытайда Абақ Керейдің ру-
тайпалық құрамын зерттеу кең етек алды. Зерттеу нәтижесінде бірнеше кітап 
жарық көрді. 1995 жылы Ұлан Баторда Сұлтан Тәукейұлының «Шежіре» деп 
аталатын кітабы оқырмандар қолына тиді. Шежіре схемалық түрде жазылған. 
Қазақ Шежіресінде тайпа, ру, аталардың таралуымен қатар, оларға байланысты 
тарихи оқиғалар, елдің қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің қарым-
қатынасы, ол елдерден шыққан шешендер, батырлар жайлы әңгімелер қоса 
жазылады.
Қазіргі таңда шежірені дереккөзі ретінде қарастырып, одан алынған 
мәліметтерге 
ғылыми 
пайымдаулар 
жасау, 
тарихи 
материалдармен 
байланыстыру біршама жолға қойылып келеді. Қазақ тайпаларының шежіресі 
«Өнер» баспасынан бірнеше том болып басылып шықты. «Алаш» ғылыми-
зерттеу орталығы да (жетекшісі Х.Ғабжәлелов, Т.Омарбеков) шежіре 
деректерін жинақталып, қазақ ру-тайпаларының нақты тарихы жан-жақты 
баяндалудаТама-үш том, Табын-екі том, Кердері-бір томдақ, Керейт бір томдақ, 
Жағалбайлы- екі том, Рамазан- бір томдақ Телеу- бір томдақ, Жалайыр- екі том, 
Арғын- үш том, Найман- үш том, Дулат- екі том, Қаңлы- бір томдақ, Қаракесек 
бірлестігі-бір том,алты ата әлім-Әлім-Кете-Шөмекей»-төрт том, Қоңырат-1, 
Керей- бір томдақ шежірелері жарық көрді.Шежіренің қазақ қоғамындағы рөлі, 
одан алынатын құнды мағлұматтар тарихшы мамандар тарапынан зерттелу 
үстінде. 
Шежіреге бүгінгі күні үлкен көңіл бөлінуде жер-жерде, әр облыстарда 
жергілікті рудың шежіресіне арналған кітаптар жарық көруде. 2010 жылы 
Қостанайда720 беттік керей тайпасының шежіресі жарық көрді. 
Шежіре материалдарын ғылыми зерттеу дәрежесіне дейін көтерген ұмтылыстар 
да бар. 2007 жылы Алматыда Шыңғыстану институтында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет