28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет68/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

7.ЖАЗБАША ДЕРЕКТЕР 
Жоспары 
1.Жазбаша дерек түсінігі және түрлері. 
2.Жазу өнерінің пайда болуы және алғашқы жазбаша деректер.
3.Көне дүние деректері. 
1. Жазбаша дерек түсінігі және түрлері 
Жазбаша деректер тарихи зерртеулерде кеңінен қолданылатын ақпарат көзі 
екендігі баршамызға белгілі. Әлем тарихшылары арасында ондай деректердің 
беделі өте жоғары. Сондықтан әрбір зерттеуші алдымен жазбаша деректерді 
іздеп табуға тырысады. Жазбаша дерек дегеніміз кез келген затқа арнаулы 
белгілер арқылы өткен заманнан жеткен ақпарат. Оның тарихы жазу өнерінің 
пайда болуымен тығыз байланысты. 
ХІХ ғасырдың аяғында жазылғанның бәрі дерек емес деген түсінік пайда 
болды. Жазбашадеректерге сын көзбен қару қажеттілігі орта ғасырда айтыла 
бастағанымен, тек соңғы ғасырларда ғана деректемелік талдау мәселесі ғылыми 
жолға қойылды. 


62 
Жазбаша деректер сан-алуан. Пиктографиялық ақпарат көздерінен бастап 
ғылыми еңбектерге дейін жазбаша деректер болып саналады. Сондықтан да 
оларды бір жүйеге келтіріп, топтау мәселесі туындайды. ӘсіресеКеңес 
тарихшылары жазбаша деректерді бөлшектеудің бірнеше нұсқасын ұсынды. 
Алғашқыда барлық жазбаша деректерді
құжаттық
(документальные) және 
баяндайтын
(повествовательные)
деп екі топқа бөлді. Бірінші топқа жататын 
ақпарат көздері өмірде болып жатқан уақиғаларды тіркеп отыру қажеттілігінен 
туған. Ондай құжаттарды жасағандар келешек ұрпаққа ақпарат қалдыруды 
ойлағанжоқ. Сондықтан да мұндай құжаттар шынайы болып, зерттеушінің 
сенімін арттырады. Дегенмен мұндай деректер оқиға жөнінде толық ақпарат 
бере алмайды.
Жазбаша деректердің екінші әдеиі тарих үшін жазылады. Оқиға ретретімен, 
толық әрі оның ішіндегі элементтердің бір-бірімен байланыстыра отыра 
баяндалады.Баяндамалы деректер мұқият тексеруді қажет етеді. Бір ғана 
ақпарат көзін пайдаланып тарих жазуға болмайды. Зерттеуді басқа дерек 
түрлерімен толықтыру қажет. 
Әлбетте жазбаша деректерді осылайша топтау шартты түрде болуы мүмкін. 
Өйткені жоғарыда айтқанымыздай ақпарат көздері әр алуан. Деректердің бір 
түрі жойылып кетіп жатса, жаңа түрлері пайда болып жатады. 
Деректердің бұл екі тобы да өз кезеңінде бірнеше түрлерге бөлінеді. 
Деректердің түрі дегеніміз –мазмұны мен ішкі құрылымы ұқсас құжаттар 
кешенін айтамыз.Деректердің топқа және түрге бөліну мәселесі ғылымда ұзақ 
пікірталас тудырғаны белгілі. Сондықтан ешбір ғалымның концепцясына 
еліктемей қазақ тарихына байланысты жазбаша деректерді өз қалауымызша 
топтауға тырыстық. 
I. Құжаттық деректер: 
1.Заңнамалық құжаттар.(Құқық ескерткіштері); 
2.Акт деректері (келісім-шарттар); 
3.Іс қағаздары(кеңселер мен мекемелерде пайда болған құжаттар); 
4. Статистикаматериалдары. 
II.Баяндау деректері: 
1.Жылнама және хроника; 
2.Жазу өнерінің алғашқы нұсқалары; 
3.Ортағасырлық нарративті деректер; 
4.Естеліктер мен и эпистолярлық жанр ескерткіштері; 
5.Әдеби және публицистикалық шығармалар; 
6. Баспасөз материалдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет