28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


* Фазлаллах Рашид ад-Диннің «Жами ат-тауарих»



Pdf көрінісі
бет93/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

*
Фазлаллах Рашид ад-Диннің «Жами ат-тауарих»
(«Жылнамалар жинағы» 
1310–1311жылдары аяқталған) деген тарихи еңбегі ХІІ-ХІІІ ғасырдағы сонғол 
және түрік тайпалары мен халықтарының тарихы жөніндегі мейлінше елеулі 
еңбек болып табылады. Раши ад-Дин шығармасының негізінде ресми монғол, 
хроникалары, монғолдар жаулап алған түрлі елдердің тарихи шығармалары
оқиғаларға қатысушы хабарламашылардың материалдары алынған. Әдет-
ғұрыптар, діни нанымдар, көшпелі тұрмыс туралы, түрік және монғол 
тайпаларының орналасуы туралы мәліметтер алуан түрлі. «Жылнамалар 
жинағының» екінші томында тайпалардың этникалық құрамы, қазақстан 
моңғол ұлысының құрамына кірген кездегі оның топонимикасы, тарихи 
географиясы,саяси тарихы жөніндегі деректер. Орда –Ежен ұлысының тарихы, 
оның ұрпақтарының, басқа да Жошы ұрпақтарының генеалогиясы жөніндегі 
мәліметтер келтірілген. 
Тауарих-и гузидайи нусрат-наме
«Жеңістер кітабының таңдамалы тарихтары» 
деп аударылады. Авторы белгісіз.Түркі тілінде (ескі өзбек)Шейбани ханға 
(1451–1510) арналып жазылған шығарма. Кітап шамамен 1505 жылы жазылып 
біткен.Кейбір зерттеушілер кітаптың авторы ханның өзі болуы мүмкін деген 
болжам айтады. Тарихтан белгілі ол білімді адам болған,ақындықтан да кенде 
емес. Бізге дейін оның кейбір өлеңдері де жеткен. 
Шығарманың бір нұсқасы Санкт-Петербург қаласындағы РҒА Азия халықтары 
институтында да екінші нұсқасы Британ музейінде сақтаулы. Алла Мурад 
Аннабой оглы дегенқоңырат руының оқымыстысы шығарманың қысқаша түрін 
1815 жылы Бұхарада құрастырады.1849 жылы Қазан университетінің профес-
соры И.Н.Березин кітаптың түркі тілінде бастырып шығарды.1967 жылы өзбек 
ғалымы 
А.М.Акрамов 
шығарманың 
факсимилесінжариялады. 
Оның 
фрагменттері мен аудармасын қазақстан-дық ғалым В.П.Юдин 1969 жылы 
«Материалы по истории казахских ханств XV–XVII веков (Извлечения из 
персидских и тюркских сочинений)»деп аталатын жинаққа кіргізді.Кітапта 
түркі тайпаларының арғы тарихы,Шыңғыс хан туралы деректер бар. 
Автордың айтуынша, ол деректердіДжувейни мен Рашид ад-Диннен алған. 
Одан басқа ол белгісіз автордың«Тарих-и арба улус» («Төрт ұлыстың 
тарихы»)пайдаланғандығын жасырмайды. Одан әрі ол атасы Әбілхайырдың 
көшпелі өзбектер мемлекетінің тағына отыруын,ноғай биі Ваккаспен 


82 
араздасуын және оның маңғыт пен қазақтармен күресін, Мұхаммед 
Шейбанидің ноғай биі Мұсаменіске аспай қалған келісімі жөнінде баяндайды. 
Кітапта,әсіресе,Әбілхайыр ұрпақтарының Мәуренахр жерін жаулау жөнінде 
толық мәлімет бар.Шығарма 1504 жылы Әндіжанды басып алу оқиғаларымен 
аяқталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет