28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


* Камал ад-дин Бинаидің  «Шайбани-наме»



Pdf көрінісі
бет94/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

*
Камал ад-дин Бинаидің
 «Шайбани-наме»
(Шайбан туралы кітап)деп аталатын 
шығармасы даШибандар әулетінің тарихына арналған.Авторы өз заманының 
белгілі тұлғасы,өнерпаз, әрі жазушы. Төменгі әлеуметтік топқа жатқанымен 
жасында жақсы білім алған. Өмір сүрген уақыты 1453–1512 жылдар аралығы. 
Карши қаласына сефевидтер әскері басып кіргенде мезгілсіз қаза болған. Ол 
Гератта,Иракта, Бұхара мен Самарқанда болған. Мәуеренахрды Мұхамед 
Шайбани басып алғанда ол жаңа ханға қызмет етеді.Оның ішінде екеуі1504 
және 1510 жылдары жазылған «Шайбани-наме» және«Футухат-и хани» 
шығармаларында қазақтар туралы құнды мәліметтер бар. Бұл шығармаларға 
кезінде көптеген зерттеушілер көңіл аударған.А. Самойлович , М. Салье, П.П. 
Иванов, Р.Г. Мукминова, А. Мирзоев, С.К. Ибраимов,Б.А. Ахмедовсияқты 
ғалымдар Бинаи шығармаларын дерек ретінде өз еңбектерінде кеңінен 
пайдаланған. 
*
Абдаллах бен Мухаммад
, басқа бір деректерде Абдаллах Балхи (XV ғасырдың 
соңы –XVI ғасырдың басы), есімді автордың жалпы тарихқа арналған 
«Зубдат 
аль-асар» 
(Жылнамалар қаймағы)атты кітабықазақтың саяси тарихының 
таптырмас дерегі. Ташкенттің билеушісі Келді Мухаммад-султанның тапсы-
рысы бойынша жаздым дейді.Ол кітапты 1510 жылғы Мухаммад Шайбани-
ханның қазақтарға жасаған сәтсіз жорығы , Қасым ханның Түркістан мен 
Тәшкентке жасаған сәтті жорығы,сияқты оқиғалар толық баяндалады. 
Компилятивті хроника сипатындағы шығармада мұсылман әулеттерінің 
тарихы, сол замандағы ел билеушілері жөнінде мәлімет береді. Өзінің көзімен 
көргендерімен қатар естігендерін де кітапқа кіргізген. 
*
Тарихшы, ақын, билеуші – Үндістанда Ұлы Моғолдар империясының негізін 
салушы 
Бабырдың
(1483–1530) қазақ тарихы үшін құнды деректерінің бірі 
(«Бабыр жазбалары») деген атпен белгілі болған еңбегі. Ол орта ғасырдағы 
тамаша тарихи–әдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады. Бабыр сол 
дәуірдегі көптеген оқиғалардың куәгері ғана емес, тікелей қатысушысы да бол-
ды.Бұл кітапта сол замандағы ғұрыптың мейлінше толық көрінісі берілген. 
«Бабырнамада» сондай-ақ ежелгі қазақ жеріндегі кен орындары, өзендер, 
көлдер, таулар, өсімдіктер мен жан – жануарлар дүниесі, т.б. әңгімеленген. 
Мысалы, қазақтың Түркістан, Сайрам, Отырар, т.б. шаһарлары туралы, 
Сырдария (Сейхун), Арыс, т.б. өзендері мен көлдері жөнінде қызықты 
мағлұматтар бар. 
Абай, 
Шоқан 
және 
Мұхтар 
Әуезов 
«Бабырнаманы» 
қазақ 
халқыныңтарихынатікелейқатысты деректікшығармадеп таныған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет