Методические рекомендации по формированию первоначальных навыков экологической культуры детей дошкольного возраста нҧр-Сҧлтан 2021



Pdf көрінісі
бет2/52
Дата01.10.2024
өлшемі1,35 Mb.
#146367
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
экология м ж д

 
 
«Мектепке дейінгі балалық шақ» 
Республикалық орталығы, 2021ж. 
 
 
 



ТҤСІНДІРМЕ ЖАЗБА 
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі даму кезеңінде экологиялық білім 
беру мәселесі ерекше ӛзекті болып отыр. Қазіргі кезде қоршаған ортаның 
ластануына қоғам тарапынан кӛбірек назар аударылуда.
Қазақстан XXI ғасырда кӛптеген мемлекеттер сияқты қоршаған орта 
саласында елеулі мәселелерге тап болды және бҥгінгі кҥні бҧл мәселелерді 
шешу мемлекеттік саясат деңгейінде кӛтеріледі.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы 
Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»
атты Қазақстан халқына Жолдауында: 
«Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму» еліміз ҥшін алдыңғы 
кезекте тҧрған мәселе екенін мәлімдеді.
Бҥкіл ӛркениетті әлем жҧртшылығы 
осы мәселемен айналысуда және бізге де мҧндай жаппай ҥрдістен шет қалуға 
болмайды»-деп атап ӛтті. Президенттің айтуынша, табиғаттың сақталуы әр 
адамның оған деген қамқорлығына байланысты. Президент «ерте жастан 
бастап балаларда қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеуді» 
ҧсынды. 
Қазақстанның «жасыл» экономикаға кӛшу тҧжырымдамасы Қазақстан 
Республикасын білім беру жҥйесіне кіріктіру арқылы - энергия, ауа, су, жер, 
биологиялық әркелкілік және тҧрмыстық қатты қалдықтарды жинау тәрізді 
алты маңызды бағытты айқындайды. 
Мектепке дейінгі балалық шақ - ҥздіксіз білім беру жҥйесінің алғашқы 
буыны.
Осы кезеңде баланы ҧтымды идеялар арқылы баулу, оның 
кемшіліктерін тҥзету жеңіл болып келеді.
Қазіргі кезеңде мектеп жасына 
дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру экологиялық тҧрғыда ойлай 
алатын, қоршаған ортаға қатысты ӛз әрекеттерінің салдарын тҥсінуге 
қабілетті және табиғатпен ҥйлесімді тҥрде ӛмір сҥре алатын адамды 
қалыптастыру ҥшін жҥйелі шаралар кешенін қамтамасыз етеді. 
Аталған әдістемелік ҧсынымдар экологиялық мәдениет, экологиялық 
білім және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау негіздерін қалыптастыруға 
бағытталған. 
Әдістемелік ҧсынымдардың мазмҧны Мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқытудың ҥлгілік оқу бағдарламасының талаптарына (бҧдан әрі-
Ҥлгілік бағдарлама) сәйкес келеді.
Мақсаты: 
тәрбиеленушілердің экологиялық тҥсініктері мен мінез-
қҧлық мәдениетін қалыптастыру мәселелерінде педагогтерге әдістемелік 
кӛмек кӛрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет