Методические рекомендации по формированию первоначальных навыков экологической культуры детей дошкольного возраста нҧр-Сҧлтан 2021



Pdf көрінісі
бет7/52
Дата01.10.2024
өлшемі1,35 Mb.
#146367
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52
Байланысты:
экология м ж д

Судың қасиеттері: 
оның пішіні, тҥсі, иісі мен дәмі жоқ. Сондықтан: ол 
қҧйылған ыдыстың пішінін алады; егер оған бояу қосса, сол тҥске боялады; 
тҧз, қант, лимон және т. б. қосса тиісті дәм мен иіске ие болады.
 
Су таза және кір болуы мҥмкін: таза – мӛлдір, кір – лай. Су әртҥрлі 
температурада болады: суық, ыстық, жылы. Су ӛзінің кҥйін ӛзгерте алады: 
аязда ол мҧзға, ал қызған кезде буға айналады.
Мҧз қатты, сынғыш, мӛлдір, 
суық болады, жылудан ериді және суға айналады. Су қайнаған кезде буды 
байқауға болады.
Бу жеңіл, ақшыл тҥсті, жоғарыға кӛтеріліп, салқындаған 
кезде су тамшыларына айналады.
Кҥн кҥрт салқындаған кезде бу қарға, 
қырауға айналады. Қар ҧшқындап жауады, қардың тҥсі ақ, жҧмсақ және суық 
болады, жылудан ериді. 
Судың тіршілік ҥшін маңызы ӛте зор. Ол барлық тіршілік иелеріне – 
адамдарға, ӛсімдіктерге, жануарларға қажет. Адамға таза, тҧщы су қажет. 
Мҧндай су ӛзендерде, кӛлдерде, бҧлақтарда, жер астында болады. 
Су-жер ғаламшарының қазынасы. Сондықтан ерте жастан бастап 
балаларды суды ҥнемді пайдалануға тәрбиелеу керек. 
Суды үнемді пайдалану ережелері
1. Егер сіз ҥйде немесе балабақшада шҥмектен су ағып жатқанын 
кӛрсеңіз, онда шҥмекті дереу жабыңыз.


11 
2.
Шомылған кезде суды қатты ағызбаңыз, шҥмекті жартылай 
жабыңыз. Бҧл жуынуға кедергі келтірмейді және су аз мӛлшерде жҧмсалады.
3.Су ысырап болмас ҥшін тісіңізді жуып және аузыңызды шайып 
жатқан кезде судың шҥмегін ашық қалдырмаңыз немесе ыңғайлы болу ҥшін 
суды ыдысқа қҧйып, қолдануға болады. Осылайша сіз суды ҥнемдейсіз!
4.Егер судың шҥмегі бҧзылып су тамшылап тҧрса, дереу ересектерге 
хабарлау қажет.
5. Ӛзен жағасына қоқыс тастауға болмайды, тамақ қалдықтарын 
қоқысқа арналған контейнерге тастау керек.
Егер суды ҥнемді жҧмсау ережелерін білетін және орындайтын болсақ, 
біз суды ҥнемдеуге кӛмектесеміз. 
Жер 
Біз жаңа ӛнертабыстар арқылы адамның ӛмір сҥру салты жеңілдетілген 
технологиялық ілгерілеу дәуірінде ӛмір 
сҥріп жатырмыз. Адам жаратылысынан 
тҧтынушы болып табылады, бірақ сатып 
алған заттардың барлығы кҥнделікті 
тҧрмыста пайдаланылмайды.
Заттардың
кӛп бӛлігі қолданылмай, 
қоқысқа тасталады, яғни ғаламшарды 
ластауға ҥлес қосады.
Соңғы онжылдықта ғаламшар басқа 
мыңжылдықтарға қарағанда қатты ластанды.
Негізінен, бҧл ӛндіріс 
қалдықтары, ӛңделмеген қоқыстың жиынтықтары, пластика, дӛңгелек 
қалдықтары және т.б.
Кӛптеген зауыттар мен басқа да ӛндірістік нысандар ауаға ҧдайы 
зиянды заттарды шығарып, жерді қоқыстармен ластайды.
Бҧл қоқыс 
тасталған жерге ғана емес, бҥкіл ғаламшарға да зиян келтіретінін байқауға 
болады. Қалдықтарды шығару ҥшін кӛптеген кәсіпорындар оларды жерге 
кӛму әдісін қолданады. Әрине, бҧл тек қоқыс кӛмілген аймақтың топырағына 
ғана емес, сонымен қатар жақын аумақтағы топыраққа да кері әсерін тигізеді. 
Бҧл жерге кӛкӛністер мен жемістер отырғызылады, оның салдары кӛптеген 
аурулардың таралуына әкелуі мҥмкін. 
Семей ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы жҥргізілген ядролық 
қаруды сынау адамдардың денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға орны 
толмас залал келтіріп, халықтың жалпы сырқаттануы мен ӛлім-жітімінің 
ӛсуіне алып келді.
Семейдің барлық аумағы, Павлодар, Шығыс Қазақстан 
және Қарағанды облыстарының полигонға іргелес аудандары экологиялық 
апат аймағы деп танылды, ал радиациялық әсерді арттыруға ғарыш кемелерін 
іске қосу кезінде пайда болатын озондық тесіктер ықпал етеді. 
Ауаның 
ластануына 
автокӛліктер 
де 
кері 
әсерін 
тигізеді. 
Автокӛліктердің қалаларды ластау деңгейі 25% - дан 50% - ға дейін қҧрайды. 
Автокӛліктердің пайдаланылған газдарымен ауаның ластануы Алматы, 
Ақтӛбе, Семей, Жамбыл, Ӛскемен қалаларында байқалады. 


12 
Автокӛліктер ауаны, топырақты және суды ластаушылар болып 
табылады. Адамдардың шаруашылық қызметі: су, ауа, жер, орман, яғни 
барлық табиғат кӛздеріне кері әсерін тигізуде. 
Химиялық және биологиялық заттармен ластану, топырақ эрозиясы, 
тҧздану, батпақтану, су басу, қҧрғау, сарқылу нәтижесінде жер пайдалануға 
жарамсыз болып қалуы мҥмкін. 
Орман ӛрттері мен ағаштарды кесу топыраққа зиян келтіреді. Адам 
ағаштарды кесу арқылы кӛгалдандыруға залал келтіреді, осының 
нәтижесінде екпе ағаштарының саны азайды. Жер – барлық тіршілік 
иелерінің ортақ ҥйі, сондықтан оны қорғауымыз қажет. 
Келешек ҧрпақ таза қоршаған ортада 
ӛмір сҥріп, оның сҧлулығы мен ҥйлесімінен 
ләззат алуы ҥшін адамзат тірі табиғаттың 
байлығы мен тҥрлерін сақтауға міндетті. 
UNEP мәліметтері бойынша ғаламшар 
топырағының 
15%–ы 
тіршілік 
ету 
мҥмкіндігінен айрылған, 23%-да тозу процесі 
жҥріп жатыр, барлық жердің 30% - ы кӛңнің 
шайылуына байланысты қҧнарлылығынан 
айырылды. 
Халықаралық экологиялық ҧйымдар қоршаған ортаны қорғау ҥшін 
белсенді тҥрде кҥресуде. Экологиялық қозғалыс мҥшелері қоршаған ортаны 
адамның зиянды ықпалынан қорғап, табиғат мәселелеріне адамзаттың 
назарын аударуда. 
«Ғаламшарды қоқыстардан тазартамыз» акциясын ӛткізіп, кейін 
дҥниежҥзілік мәртебеге ие болған Австралия тҧрғындары алғаш рет 1993 
жылдың қыркҥйегінде жаппай мҧхит жағажайларын тазартуға шықты.
Бірте-
бірте акцияға басқа елдер де қосылды және бҥгінде оған бҥкіл әлемдегі 100 
мемлекеттен миллиондаған еріктілер қатысады.
Адамдар демалыс 
орындарын, жағажайларды, орман саябақтары мен су қоймаларын, қала 
маңындағы аумақтар мен ӛзендерді қоқыстан тазартады, «Қалдықтарды 
тастауға жол бермейміз», «Қоқыстың орнына саябақ тҧрғызамыз» және т.б. 
акцияларды ӛткізеді, ағаштар отырғызады, кӛрмелер, концерттер және 
баспасӛз конференцияларын ҧйымдастырады. 
Мектепке дейінгі ҧйымдарда педагогтер балалармен бірге әртҥрлі 
экологиялық жобаларды ҧйымдастыруы және жобалардың тақырыптары: 
флора мен фаунаның жарқын ӛкілдерін зерттеуден бастап ӛз бетінше 
ӛсімдіктерді ӛсіру және олардың ӛсуін жҥйелі бақылауды қамтуы мҥмкін. 
Мысалы, «Терезе алдындағы бау-бақша», «Ағаш отырғызу», «Ауланы 
қоқыстан тазартамыз», «Қҧстар-біздің досымыз және тағы басқалар. 
Жобалар әрекет тҥрлері бойынша бӛлінеді: 
балаларға эксперимент жасауға мҥмкіндік беретін шығармашылық-
зерттеу жобалары; 
кейіпкерлердің бейнесіне ене отырып, ойын тҥрінде тапсырмаларды 
орындауға мҥмкіндік беретін сюжетті-рӛлдік ойын жобалары; 


13 
ақпарат жинауға, талдауға және стендтерде, витраждарда және т. б. 
безендіруге мҥмкіндік беретін ақпараттық жобалар. 
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалармен жҥргізілетін жҧмыстың 
міндеттері: 
білім беру: 
балаларда қалдықтардың қоршаған ортаға және адам 
денсаулығына әсері туралы тҥсінік қалыптастыру; 
дамыту: 
балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, заттарды 
жасалған материалы бойынша ажырата білу, байланыстырып сӛйлеуін 
жетілдіру, балалардың сӛздік қорын байыту. 
Тәрбиелік: 
балаларды экологиялық мәдениет негіздеріне, кӛшеде тәртіп 
сақтауға, балабақшада тазалық пен тәртіпті сақтауға тәрбиелеу. 
Қорытынды: балалармен жҧмыс жҥргізудегі шынайы жетістіктер 
мектепке дейінгі ҧйым педагогтерінің кәсіби шеберлігімен, экологиялық 
тәрбиенің әдістері мен нысандарын білуімен және оларды практикалық 
тҧрғыдан меңгеруімен, сондай-ақ тәрбиелеу-білім беру процесінің Мектепке 
дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ҥлгілік бағдарламасының 
талаптарына сәйкес келуімен қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет