ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
4 қазан), С. Төлешовтің «Әдебиеттік
оқу кітаптарындағы елеулі кемші-
ліктер» («Лениншіл жас», 13 қараша),
«Қазақ әдебиетін зерттеудегі елеулі
қателіктер мен кемшіліктерді батыл
және тез жояйық!» («СҚ», 1 жел-
тоқсан), А. Ысқақовтың «Зиян ды
кі тап» («Лениншіл жас», 11 қыр-
күйек) секілді әшкерелегіш мақа ла-
ларға жалғасты. Бұлар 1947 жылғы
қаһарлы қаулыға алып барар жолда-
ғы дайындық кезеңінің жалпы сипа-
тын танытатын алғашқы белгілері
десе де болады. Оған партияның
көркемөнер, әдебиет және ғылым ту-
ралы саясаты мен идеологиясынан
туындаған объективті себептер де
әсер етпей қалмады. Бұл бағыттағы
бұрмалаушылық алғаш Қазақстанның
өзінде басталды.
«1943 жылы Кеңес Одағында
тұңғыш рет жасалған, одақтың ең
мықты тарихшыларының жәрде-
мімен, әсіресе академиктер Греков,
Дру жинин, Панкратова, Кучкин,
Бернш там, Вяткиндермен бірге,
М. Әуезов, С. Мұқанов, Б. Кенжебаев,
Е. Ысмайлов пен Е. Бекмахановтар-
дың ынтымақ-бірлігінен туған «Қа-
зақ ССР тарихы» Сталиндік сый-
лық қа ұсынылып, ең ақырғы са-
тыға жет кенде, өзінің шовинистік
көзқарасынан айыға қоймаған қарт
профессор А. И. Яковлев «бұл орысқа
қарсы жазылған кітап» деп сыйлық
комитетіне мәлімдеме жасады. «Қа-
зақ ССР тарихы» сыйлықтан қағыл-
ғаны былай тұрсын, осы кезде, яғни
1943 жылы 28 маусымда Е. Бек-
маханов «Қ. Қасымов бастаған қа-
зақтардың ұлт-азаттық күресі (1837-
1847)» деген тақырыпта кандидат-
тық диссертация қорғап, мәселені
одан әрі ушықтыра түсті». «Қазақ
ССР тарихындағы» өткен ғасырлар-
дағы қазақ халқының мәдениеті мен
әдебиеті туралы тарауларындағы
негізгі тұжырымдар 1941-43 жыл-
дардағы әдебиет хрестоматиялары
мен оқу құралдарынан бастау алып
жатқаны айтпаса да түсінікті. Ең-
бектің Исатай-Махамбет туралы
жазылған тұстары қазақша, орысша
(«СҚ», 1943, 26 қазан, «Казправда»,
1943, 24 қазан), ал «Повстанские
песни казахов в ХІХ в.», «Ч. Валиха-
нов» тараулары орысша («Каз. прав-
да», 1943, 30 қараша) жарияланып,
ғылыми ортада қолдау тапты. Оған
қазақ тілінде шықан А.Кучкин мен
М.Вяткиннің «Қазақ ССР-нің тари-
хы», А. Пясковскийдің «Қазақ ССР-
нің тарихы» («СҚ», 1943, 12 және
30 мамыр), А. Панкратованың орыс
тілінде шыққан «Основные вопросы
истории Казахской ССР» (Большевик
Казахстана, 1943, №10-12) секілді
мақалаларының жаңашыл бағыттағы
ғылыми ой-пікірлері де әсер етпей
қалмады.
Бірақ Қазақстанда және басқа ұлт
республикаларында өз халқының та-
рихы мен әдебиетін жаңаша тану
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У