Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет264/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
әдебиеті» оқулығында қазақ әде биеті 
тарихының Бұқар жыраудан ғана бас-
талатынын тұжырымдай айтуына 
мүм кіндік туғызды. Әдебиет туған-
мен де, дәуірге бөлу проблемасы ның 
осылайша қарама-қайшы көзқарас-
тар деңгейінде шешілуінің кері әсері 
болмай қалмады. Қ. Жұмалиевтің 
дәуірлеген жүйесі кейін концепцияға 
айналып көп жылдар бойы ұлттық 
әдебиетіміздің арғы бастауларын 
зерттеуге тұсау салғаны белгілі. 
1940 жылдарда ең құрығанда баста-
ма дәрежесінде болса да ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің нысанасы-
на айналу мүмкінділігіне ие бола 
алмаған ХV-ХVІІІ ғасыр әдебиетін 
зерттеу, «тұрпайы социологизм» да-
уылы қайта көтерілген 1950 жылда-
ры тіптен де мүмкін болмай қалды.
Солай бола тұрған күннің өзінде, 
1940-1950 жылдар арасында әдебиет 
тарихын дәуірлеу мәселесін нақты 
сөз ете бастаған ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікір, оқу құралдарында әр ғасыр 
әдебиетіне сай хронологиялық жүйе-
де топтастырылған ақын-жазушылар 
мұрасын жан-жақты тексеру міндетін 
алға тартты. Әдебиет тарихын зерт-
теу мен дәуірлеу мәселесінде оқулық-
тар жолбасшылық роль атқарды дей 
тұрғанымызбен, әр дәуір әдебиетіне 
сай қарастырылған ақын-жазушылар 
шығармашылығын монографиялық 
сипатта зерттеуге сай бағыт-бағдар 
ғылыми мақалалар мен зерттеулер-
де жүзеге асты. Мысалы, төңкеріске 
дейінгі әдебиеттен Махамбет, Шо-
қан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмах мұт 
шығармашылықтарын 
жан-жақты 
тек серуге деген ұмтылыс анық көрі-
ніс тапты. Олардың шығармала рын 
жинау, жариялау, кітап етіп басты рып 
шығару жұмыстары да қызу қолға 
алынды.
Сыншылдық және ғылыми ой-
пікірдің өріс алар өзегі болып келген 
Абай мұрасына жаңаша көзқараста 
қарау – зерттеу жұмыстарын күр-
делендіре, тереңдете түсті. Ол ұлы 
Абайдың туғанына 95 жыл то-
луына байланысты 1940 жылы шы-
ғармаларының екі томдық толық 
жинағының шығуы мен баспасөз 
бетінде танымдық мәні зор көптеген 
ғылыми мақалалардың жарияла-
нуынан басталды да, іле-шала 100 
жыл дық мерей тойына дайындық 
жұмыстары қызу қолға алынды. 
Тіл-әдебиет институты Абай өмірі 
мен шығармашылығын зерттеу жө-
нінде 1943 жылы М. Әуезов тің 
бас тауымен, 1944 жылы Е. Ыс ма-
йы ловтың жетекшілігімен екі бір-
дей ғылыми экспедиция ұйым дас-
тырылды. Жинақталған жаңа де-
ректер мен материалдар ақынның 
ғылыми өмірбаянының толықты-
рылған үшінші нұсқасының жазы-
луына негіз болса, жаңадан та былған 
шығармалары 1945 жылғы ака-
демиялық жинақтың толық мәнде 
жарық көруіне көп көмегін тигізді. 
Ұлы ақын мерейтойының бүкіл 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


283


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет