ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
жолында сәтті ізденістер жасауға
ұмтылып жатқан ғылыми күштердің
«ұлтшылдыққа» негізделген бағыт-
бағдарын ұнатпаған БК(б) Орталық
Комитеті 1944 жылы бүкілодақтық
тарихшылар кеңесін өткізіп, еңбектің
тас-талқанын шығара сынады. Соның
негізінде 1943 жылы М. Әбдіхалықов
пен А. Панкратованың редакциясы-
мен шыққан «История Казахской
ССР с древнейших времен до наших
дней» атты еңбек «Орыс халқына
қарсы жазылған, Ресейге қарсы
ұлттық көтерілістерді дәріптейтін
зиянды кітап» болып танылды. Осы-
мен партия өз халқының тарихын та-
нып-білуге ұмтылған «ұлтшылдық»
көзқарастарға қарсы күрес ашып,
оны татар халқының «Едіге ба-
тыр» жырын ұлтшылдық мақсатта
насихаттағанына байланысты 1944
жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен
бекітіп тастады. Сыннан қорытынды
шығаруға ұмтылған Қазақстан К(б)
П Орталық Комитеті «Қазақ ССР та-
рихын екінші рет бастыруға даярлау
туралы» арнайы қаулы (1945) қабыл-
дап, жаңа ұлтшылдықты түп-тамы-
ры мен жою үшін күреске шықты.
Кеңестік идеология ықпалымен сой-
ылын ала жүгіретін сыншыларды
былай қойғанда, Е. Бекмахановтың
өзі «Қазақ және ұлы орыс халқы
достығының тарихи тамырлары»,
«Ұлы достық» («СҚ», 1945, 30 қазан,
18 қараша), орыс тілінде «Историче-
ские корни дружбы казахского и рус-
ского народов» (Большевик Казахста-
на, 1947, № 11) секілді мақалаларын
жариялап, ғылыми позициясынан
безіп шықты. Қазақстанның Ресейге
өз еркімен қосылуы туралы концеп-
ция орнығып, кеңінен насихаттала
бастады.
Міне, әдебиет сынында оқу құ-
ралдары мен басқа да зерттеу ең-
бектердегі «ұлтшылдықтың» сал қы-
нын әшкерелегіш жоғарыда ай тылған
мақалалардың жазылуына бұл бір
себеп болса, 1946 жылғы ВКП(б)
Орталық Комитетінің идеология са-
ласы бойынша қабылдаған «Звез-
да» және «Ленинград» журналдары
туралы және «Драма театрларының
репертуары туралы және оны
жақсарту жөніндегі шаралар тура-
лы» қаулылары отқа май құя түсті.
Осының барлығы Қазақстандағы
ұлтшылдықты әшкерелеудегі идео-
логия майданын жандандыра түсті
де, мәдениет, әдебиет саласында
қырық жылдан астам кесірін тигізген
1947 жылғы және одан кейінгі
қате қаулыларға ұласты. Олардың
күшін партияның ХХ съезінен кейін
басталған жаңаша көзқарастың өзі
жоққа шығара алмады.
Ұлттық әдебиеттану ғылымы
өзінің қалыптасу дәуіріне қадам
бас қан осы кезеңде қазақ әдебиеті
тарихын зерттеу мен дәуірге бөлу,
теориялық
мәселелерін
тексе-
ру жұмыстары тек қана оқу құ-
рал дарында жүзеге асты десек
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У