Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет259/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
Проблемалы-тарихи шолудың «Қа -
зақ совет әдебиетінің даму ке зеңдері» 
деген бөлімінде автор «Азамат 
соғысы кезіндегі бұқарашыл әде-
биет пен халық әдебиетіне» талдау 
жасаған. Сәкен, Бейімбет шы ғар-
машылықтарынан ой өрбіту мүм -
кіндігі болмағандықтан, қазақ әде-
биетінің Октябрь қарсаңындағы 
жай-күйін, Сұлтанмахмұт пен Сәбит 
Дө нентаев төңірегінен ұзап шыға 
алмаған. 1916 жылғы халық поэзия-
сын да осы тарауға икемдей баяндаған. 
Ал, «Совет шындығын жырлаған 
үгіттік әдебиет» деген тараушысында 
1920-1925 жылдардың арасын меже 
етіп алады да, үгіттік поэзияның 
тақырыптарын әңгімелейді. «Қазақ 
совет әдебиетінің нығаюын» 1925-
1929 жылдарға тұтас етеді де, 1929-
1933 жылдарды «Әдебиет қоз-
ғалысының жаңа кезеңі» деп тани-
ды. Ал, «Қазақ совет әдебиетінде 
социалистік реализм үшін күрес» 
тараушасын жазушылардың Бүкіл-
одақтық 1 съезінен өрбітіп, «1934-
1940 жылдардың арасы қазақ совет 
әдебиетінің барлық жағынан (әдебиет 
түрлері, пікір тереңдігі, шындықты 
кеңінен бейнелеу, жаңа бейнелер 
жасауы т.б. жақтарынан) күрделеніп 
өскен дәуірі деуге болады» деп та-
бады да, осы кезеңде айрықша қар-
қындықпен өркендеген халық шы-
ғар машылығына, оның көрнекті өкіл-
деріне арнайы тоқталады [76, 27]. 
Тарихи жүйелеуді осылайша жалпы-
лай баяндап шыққаннан кейін поэ зия, 
проза, драматургия жанрларының 
өсіп-өркендеу жолдарына талдау жа-
сайды.
Қазақ совет әдебиеті дамуының 
жалпы сүлдесі ғана аңғарылып, 
оның игерген тақырыбы, көркемдік 
проблемасы, шеберлікті жетілдіру 
жолындағы ізденістері қысқаша ба-
яндалады. Жаңа әдебиеттің өсіп-
жетілу жолын түсіндірудің алғаш-
қы тәжірибесі болғандықтан талай 
кем-кетіктер де айқын байқалады. 
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті 
туралы ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірге осылайша бастама салған 
Е. Ысмайыловтың 1947 жылғы қау-
лыдан кейін оқу құралдарын жа-
сау жұмыстарынан шеттетілгені 
бай қалады. Оған дәлел 9 сыныпқа 
арналған оқу құралы 1948 жылы 
Қ. Жұмалиев пен С. Мұқанов ав-
торлығымен, ал кеңес дәуіріндегі 
қазақ әдебиеті туралы 10 сыныпқа 
арналған еңбегі Ғ. Мүсірепов, Қ. Бек-
қожин, Қ. Жармағанбетов, С. Сейі-
товтердің атымен шығуы. Алайда 
бұлар бұрынғы Е. Ысмайылов жаз ған 
оқу құралдарының негізгі жүйе сіне 
айтарлықтай өзгеріс енгізе алған жоқ, 
керісінше, қаулы талаптарына сай 
бұрмалаушылықтарға толы болды.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің 
орта мектепке арналған хрестома-
тиялар мен оқу құралдарында көрі-
ніс тапқан деңгейін бағалаған уақыт-
та, 1920-1930 жылдардағы бұл 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


278


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет