Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет23/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

ШАҺЗАМАН МЫРЗАҒА
Басы 9 һәм 10-ншы нөмірде
Мен ойлаймын сіз менің кейбір сөздерімді теріс 
түсініп, теріс кеттіңіз-ау деп. Сіздің хата түсінген 
жерлеріңіз мынау шығар деймін: әуелі мұсылманша 
оқудың былғалақ-шырғалағы көп деген, екінші – араб 
әліфбасі дінменен байласқан, онан басқа әліфбані
қазақ қабылдамайды деген, үшінші – қазақ тілінен 
шығарып тасталатын хәріфтерді қазаққа тіпті білуге 
керегі жоқ деп, айтады деген шығарсыз.
Русша, мұсылманша оқу жайын сөйлегенде басқа- 
лар емес, қазақ бұл оқуларды қалай оқып жүргенін 
айтамын. Басқа жұрттың мұсылманша оқуы кемел- 
денген шығар, оған таласпаймын, бірақ қазақ арасында 
мұсылманша оқу, азын алмай, жалпақ көбін алғанда, 
байағы «қызғаныш заман»ның оқуынан алысқа кете 
қойды дей алмаймын. Усул жәдит йаки төте оқу жолы 
бар екенін білеміз, бірақ сол жол қазақ арасында 
аз таралған соң, біздің мақсатымыз да сол – оқуды 
қазақ арасына көбірек жайу. Усул жәдит жолын сіз 28 
хәріф оқыту мағынасында ұқсаңыз, оныңыз хата, усул
жәдит – жаңа жол. Ахметһади кітабында сіздің көрсет- 
кен хәріфтеріңізден басқарақ хәріфтер бар. Мысалы: 
«ұ, э, с» оныменен Ахметһади усул жәдит жолынан 
шығып кетпейді ғой, біз де бір-екі белгі қосқаннан
усул жәдит жолынан шықпаспыз.
Әлде сіз қазақ арасына усул жәдит жолы жайылып 
болды, мұнан артық һешнәрсе керек емес дейсіз бе? 
Екінші, теріс жорыған сөзіңіз: араб хәріфтерін алуға 
зорланады деген. Мен қиналғанымды білдірейін
дегенім жоқ, сол сөздердің ішінде қиналдым, зорлан- 


199
дым деген сөз жоқ шығар. Ол сөзді келтіргенім мәнісі: 
біреулер араб әліфбасінен қазақ тіліне жақсырақ 
келетін хәріф бар дейді, хәтта басқа хәріфтермен 
кітап шығарғанда да бар. Мен соларға айтқан сөзім 
еді: басқа хәріфтер қазақ тіліне жақсы келсе де, 
оларды қазақ қабыл алмайды, басқа жаққа алаңдамай, 
керегімізді араб әліфбасінен қаралық дегенім еді. 
Қазақ қабылдамағанда не үшін қабылдамайтын себебін 
айтайын деп, араб әліфбасінің дінменен бірге байласып, 
сіңгендігін көрсетіп едім. Оны сіз не себептен теріс 
жорығаныңызды білмеймін.
Үшінші, хата түсінді ме дейтінім: қазақ тілінен 
шығарған хәріфтер. Сіз бұларды, тіпті оқытпасқа керек 
деп, ойлады ма деп шүбаланамын. Бұл хәріфтерді 
балалар қазақ сөзіндегі хәріфтерді біліп болған соң 
оқиды. Мысалы: татарларда тіліне керек емес деп,
бүлік шығарған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет