Екінші том маса астана, 2022 ахмет байтұрсынұЛЫ



Pdf көрінісі
бет31/67
Дата03.10.2024
өлшемі6,35 Mb.
#146744
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67
Байланысты:
А.Байтұсынов Маса жинақ

СЫРТ ПАТШАЛАР ЖАЙЫНАН
Газетамыздың 3-ші нөмерінде Еуропада қандай 
патшалықтар бар, олардың мықтылары қайсысы һәм 
мықтыларының аралары қандай екендігін және де 
Еуропа патшаларының арасында бөтен дінді, бөтен 
текті Түркиа патшалығының жайы қандай екендігін 
айтып едік. Енді Азиада қандай патшалар бар һәм 
олардың хәлдері қандай, қысқалап айтып өтелік. 
Мұның бізге керегі не деп айтатындар да болар. Оларға 
айтатынымыз мынау: қазірде біз газетаға көбінесе 
сыртқы хабарларды жазып жатырмыз. Олай етіп 
тұрғанымыз – қазіргі уақиғаның зоры сыртта болып 
жатқандықтан. Бүгін Еуропада болып жатқан уақиға 
ертең Азиада болуға ықтимал. Жер жүзінде тіршілік 
етіп тұрған адамдар, болып жатқан уақиға, істеліп 
жатқан жұмыс, жұмсалып жатқан қулық, сұмдық 
бәрінен де хабардар болмақ керек. 
Неге десең, дүниедегі адамдардың пайда, зарары 
матасулы. Біз Русиада тұрған соң, біздің пайда, зарары- 
мыз Русиа істерімен матасулы. Русианың пайда зарары 
басқа патшалардың істерімен матасулы. Русианың 


222
ішінде сыртында болған істердің бар шарапаты иа 
кесапаты бізге де тимей тұрмайды. Сондықтан сыртқы 
патшалармен Русианың арасы қандай екенін қазақ- 
тарға біліп тұру керек.
Азиада өз билігі өзінде болып тұрған патшалықтар 
аз. Мысалы, Жапониа, Қытай, Ауған, Сиам, Персиа 
(Қызыл бас). Басқаларын Еуропа патшалары иа әбден 
билеп алған, иа ыңғайлап алған. Мәселен, Белу- 
жестан, Бирма, Хинди патшалықтарын Англиа алған. 
Бұқара, Хиуаларды Русиа меншіктеп тұр. Өзге Азиа 
жұрттарын меншіктеген Еуропа патшалары толып 
жатыр.
Өз алдына патша болып тұрған Азиадағы жұрт- 
тардың мықтылары Жапониа һәм Қытай. Олардан
соңғы халқы аз болса да күші барырағы Ауған. Персиа- 
ның хәлі нашарланып тұр. Мұның оңтүстік жағын 
Англиа, Солтүстік жағын Русиа меншіктеуге тұр. 
Ауған аз халық, аз да болса әскері ретті, істері тәртіпті
болып бет алған халық, оны ала қойамын деп шеңгелін 
жайып тұрған Еуропа патшасы жоқ. Қытай бір
ұйықтап жатқан алып еді, Еуропа халқы оны да түрткі- 
леп ойатты. Ойанғанының белгісі мәнжүр тәсілінен 
басқа текті патшаны түсіріп, өз нәсілімізден қойамыз 
деп, жасақ жиып, жарақ асынып патшасымен екі 
жылдай соғысып, ақырында мәнжүр нәсілді патша- 
сын тақтан түсіріп, өздерінің қалаған адамын қойды. 
Ондай қалап қойған адамды «президент» дейді. Патша 
емес, президент билейтін патшалықты «республика» 
дейді. Қытай 1912 жылдан бері республика қалпына 
түсті.
Бұл жаңа қалыбы бекіп, әлі шыныққан жоқ. Қай 
халықта да болса жаңа қалыпқа түсерде бірсыпырасы 


223
ескілікті жойып, жаңалықты сүймекші, бірсыпырасы 
ескілікті сүйіп, жаңалыққа қарсы болмақшы. Осындай 
ескі қалпын сүйетіндерге манжур нәсілді патшаны 
түсіргенге намыстанып, манжур халқы қосылып қытай 
ішіне алалық кіріп, өз аралары жанжалсыз емес. Қытай 
патшасын тақтан түсіріп республика ретіне түсірген 
кезде Қытайға қарап тұрған баиәғы Шыңғысханның 
елі Моғолстан жұрты «өз алдына патша боламыз» деп 
доңыз жылы 10 декабрьде сөз шығарды. Қытай оның 
бөлініп шығуына риза болмай, қол астына қайыруға 
әскер жіберіп еді. Мағолдар соғысып, көп адамы 
шығындады. Оларды Қытай әлі қол астына қайырған 
жоқ. Қайыра алмай тұрғаны мағолдарды Русиа сүйей- 
ді. Русианың оларды сүйейтін себебі, Моғолстанды 
өзіне икемдейді. Қытай қол астында тұрғанда онан 
тартып алу қиын, бөлек шықса Русиаға қоса салу оңай. 
Моғолстан өз алдына патша болып тұра алмайды иа 
Қытайға қайта кіреді иа Русиаға қарайды. Өйткені, 
Қытай мен Русианың ортасында тұрып, біріне бағын- 
бай тұруға көп әскер керек. Көп әскерге көп расход
керек, ондай расходына шыдайтын Моғолстанда 
байлық жоқ. Сондықтан иа Қытай зорлықпен өзіне 
қайта қаратады, иа Русиа икемдеп еппен қаратып 
алады. Қазірде Қытай осы жаз әскер жіберіп Моғолды 
бағындырып қайта қол астына кіргізбекші. Русиа 
Моғолстан әскерін үйретуге офицерлерін беріп жатыр 
және де Моғолды Қытай қиратып, жаншып бара жатса 
Русиа көмек беруденде тайынатын емес. Олай бітсе 
Русиа мен Қытай арасында жанжал болып қалуы да 
ықтимал. Қазірінде Қытайға риза болмай «бөлінеміз» 
деп тұрған үш бұқпағы бар. Біреуі осы Моғолстан, 
екіншісі Тибет, үшіншісі Манжуриа. Бұлар бөлінсе, 


224
меншіктеуге аңдып тұрған үш патша бар. Моғолстан 
бөлінгенін Русиа аңдиды. Тибет бөлінгенін Англиа 
аңдиды, Манжурианы Жапониа һәм Русиа екі жағы- 
нан аңдып тұр. Қытай жаңа қалыпқа түсіп, ісінің 
бәрін жаңа тәртіпке салып жатыр. Бұл жаңа қалыбы 
шынығып жеттіккенше, аңдығандар аларлығын алып 
қалуға тырысып жатыр.
Азиа патшасының ең мықтысы Жапониа болып 
тұр. Жапон қандай халық екені Русиамен соғысқанда 
көрінді. Оны білмейтін қазақ кем шығар. Жапон мұнан 
қырық жыл бұрын Қытай секілді ұйықтап жатқан
жұрт еді. Оны да Еуропа халқы түрткілеп ойатты. 
20–30 жылдың ішінде ісінің бәрін Еуропа қалпына 
түсіріп күшті патшалардың бірі болып, 1894 жылы Қы-
таймен соғысып оны жеңді. 1904 жылы жер жүзіндегі 
зор һәм күшті патшаның бірі Русиамен соғысып
мұны да жеңіп бас патшалардың бірі болды. Жапо-
ниа күшейе бастаған соң Еуропа жұртының көңіліне
қорқыныш кіре бастады. Бұл «сары қорқыныш» деп 
ат қойған күншығыстағы сары терілі жұрттар ойанса 
Еуропа халі қауіпті болатын жайының мәселесі. Бұл 
қорқыныштың мағынасы мынау: Жапонианың ойанып, 
күшейгенін көріп Азиадағы басқа жұрттар ойанады. 
Азиа ойанса, 50 млн. Жапон жұрты, 400 млн. Қытай 
жұрты, 300 миллион үнді жұрты ақыл біріктіріп, күшін 
қосып Еуропаға жабылады дейді. Азиа оған жетсе 
Еуропа халі мүшкіл: оған төтепкі боларлық Еуропа 
әскер шығара алмайды дейді. Қазір дүние жүзіне
Еуропа араны жүріп тұр. Азиа ойанса Еуропа айақ 
асты болып, Азиа дүниені билейді деген құп. Азианың 
ойанғаны Еуропаға жағымсыз, оны ойатпасқа керек. 
Ойанғанының арасына алалық кіргізіп бытыратып, 


225
аздырып, берекесін кетіру керек деген Еуропа білімді- 
лерінің пікірлері бар. Осымен сыртқы патшалардың 
арасындағы әңгімелерін бітіреміз. Бұларды жазған- 
дағы мақсатымыз асылы хазірде патшалар арасында 
болып жатқан иа алдымызда болатын уақиғалардың 
түп тамыры халыққа түсінікті болсын деген.
«Қазақ» газеті, №5. 9 март 1913.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет