213
мың шамасында. Қамауда жатқан түрік әскері отыз
мыңнан артық емес дейді. Балғарлар соңғы соғысты
бастағанда Түркианың
хәлін нашарға санап, Едірне
ішіндегі әскерді жүдегенге шамалап, Едірнені тез
ғана ала қойыуға ойы бар еді. Балғарлар бар күштерін
салып ұмтылса да Едірне болмай тұр. Едірнені қама-
ған балғар әскерінің қырылуы шамадан тыс дейді. Бұл
күнге дейін тыйу дұшман жағынан болып, түріктер
жалғыз-ақ қарсы тұрушы еді. Енді түріктер
өздері
шаһардан шығып балғарға тие бастады. Мәселен,
29-ншы ғинуарда түрік әскері шаһардан шығып,
балғарлардың көп әскерін қырыпты. Едірне шаһары
төрт жақтан дұшпан әскеріменен қамаулы болып,
Түркиа хүкіметі әскер үшін азық, соғыс құралы, қару
жарақ кіргізе алмай тұр. Сөйтсе де Түркиадағы азық
һәм құрал және екі айға жетерлік бар деді.
Соғыстың екінші орны Стамбұлдан түстік жерде
Шаталжа һәм Калибули маңайында. Түрік әскері
Шаталжада жүз алпыс мың, Калибулиде елу мың бар.
Дұшпан әскері де сол шамада дейді.
Бұл соғыс басталғаннан бері Шаталжада түріктер
жеңілген жоқ және бір адым кейінде шегінген жоқ.
Әр күн балғарларды қамалдарынан қуып шығып азда
болса ілгері аттап бара жатыр. Шаталжада зор соғыс
болған жоқ. Бірін-бірі аңдысып тұр. Түріктер Калибули
жағынан ілгері жүре беріп,
балғар әскерінің артын
орап алуға ойы бар дейді. Бұл пландары іске асса
Едірнені құтқаруға да мүмкіндік болады. Сондықтан
Калибули төңірегінде соғыс болып тұр. 3-нші һәм
4-нші феуралдағы қатты соғыста бір мың екі жүз балғар
солдатын түріктер тұтқынға алыпты.
Соғыстың үшінші орны «Ашқудра» шаһары жанын-
214
да. Бұл шаһарды Қаратау хүкіметі аламын деп мейлін-
ше тырысып жатыр. Қаратау хүкіметі Ашқудраға
қарсы шауып-шауып барлық әскерін қырдырып
болды. Сондықтан Ашқудра жанындағы соғыс тоқтап
тұр. Екі-үш күн ішінде
кішкентай ғана Қаратау
әскерінен алты мың адамы қырылып, тиыш болды.
Мұнда түріктің он екі мың әскеріне қарсы дұшпан-
ның алпыс мың әскері бар.
Соғыстың төртінші орны «Ианиа» шаһары жанын-
да. Бұл шаһарды Иуінан (Грек) әскері қамап,
аламыз
деп жатыр. Иуінанлардың да хәлі Қаратаулардікінен
оңды емес. Қаратау менен Иуінан әскеріне берілмей
жатқан түрік қазилары Жауид патша қомандасын-
да, азғантай ғана дейді.
Түркие хүкіметінің басына жас түріктер келген
соң бағы оң қарап тұр.
Соғыс сапындағы әскер бек
ықыласпен соғысып, балғарларды жеңіп дұшпанға
қайрат көрсетіп тұр. Бастапқы соғыстағыдай тура
қашпай, тұтқынға түспей, бар құтынша қарсыласып,
дұшпанды жеңбей қоймайды.
Түркианың қазынасында ақшасы таусылып қалған-
дығын жазып едік. Соғыс басталғанда ақша табылмай
қала ма деген қауып зор еді. Бірақ, жас түріктердің
біркесінде ақшаға қысылу болмаса керек. Соғыс
басталғаннан бері іштен һәм
сыртқы мұсылмандар-
дан берілген жәрдем мол-мол болса керек. Жалғыз
Мысыр мұсылмандары бір жұма күнінде жүз алпыс
мың теңге жәрдем жинап жіберіпті. Жас Түрік хүкі-
меті өз ішінен он милион сом қарыз алмақ болыпты.
«Қазақ» газеті, №2. 10 феурал 1913.