Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы электронды оқу құралы


Қазақстандағы индустрияландыру саясаты



Pdf көрінісі
бет57/74
Дата09.10.2024
өлшемі1,51 Mb.
#147318
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74
Байланысты:
Электронды Казахстан тарихы

Қазақстандағы индустрияландыру саясаты. 
Партияның 1925 жылы (18-31 
желтоқсан) өткен ХІY съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру 
міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі 
машиналы өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының 
салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды.
Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік индустриялан- дырудан 
ерекшелігі болды. Капиталистік мемлекеттер өздерінің индустриялды дамуын, әдетте, 
пайда тез түсетін жеңіл өнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды. Осы салаларға тән болып 
келетін кәспорындардың шағындылығы мен оған жұмсалатын қаржының (капиталдың) 
айналымдылығы әуелгі кезде жеңіл өнеркәсіпті өте тиімді салаға айналдырады. Тек уақыт 
өткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр өнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр 
индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады.
Кеңестік тарихнамаға партияның ХV съезі елді индустрияландыру съезі болып енді. 
Көптеген кеңестік кезеңдегі зерттеулерде лениндік индустрияландыру саясаты
республикалардың ұлттық ерекшеліктерін қатаң ескерді деген пікір басым болды. Алайда 
большевиктер партиясының басшылығымен жүзеге асырылған елді индустрияландыру
саясаты шеткері орналасқан ұлттық аймақтар, оның ішінде, әсіресе, Қазақстан үшін отаршыл 
бағытта болды. Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты туралы бір топ 
өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды 
деп есептеді. Бұл пікірдегі партия мүшелерін большевиктер партия жолынан ауытқығандар 
(уклонистер) деп айыптады.
С. Садуақасов бастаған топ өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан 
алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі десе де, ол 
мүлде индустрияландыру саясатына қарсы бола қойған жоқ. С. Садуақасов Қазақстанның 
өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп 
салу қажет деп санады. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол 
жақтан дайын өнімді қайта алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға, яғни 
өлкені тек шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болды.
Қазақстанға өнеркәсіпті күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи 
қалыптасқан жағдайына сай келмейді деген пікірдегілер артта қалған көшпелі халық
индустрияландырудың қарқынына ілесе алмайды деп санады. Қазақтар жұмыс істей 
алмайды, олар бәрібір даланы аңсайды деген көзқарас та болды. Большевиктер белгілеген 
индустрияландыру саясатында Қазақстан Одақтың шикізат көзіне айналуы керек болды. 
Орталықтың бұл саясатын өлкенің партия ұйымының басшылығына тағайындалған Ф. 
Голощекин де қолдады.
1927-1930 жж. ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір магистралінің аяқталуы сол 
заманның үлкен жетістігі болды. Ол Қазақстан мен Сібірді байланыстырып, республиканың 
экономикасының дамуына үлкен үлес қосты. Индустрияландыру жылдарында Қарағанды-
Балқаш, Гурьев –Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір 
жолдары салынды. Өлкені индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түрлі-түсті 
металлургия, көмір және мұнай өндіріс орындары мен теміржол саласын одан әрі өркендету
міндеттерін қойды.
Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды көмір бассейні мен Балқаш мыс 
қорыту комбинатын салу жоспарланды. Республиканың сол кездегі экономикалық 
ресурстары мұндай күрделі құрлыстарды салуға шамасы келмесе де, Кеңес үкіметі бұл 


122 
құрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды. Қарағанды көмір өндіріс орындарын да тез 
қарқынмен дамыту қажет болды. Себебі түрлі-түсті металл өндіру елде көмір өнімдеріне 
деген сұранысты ұлғайтты.
Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс 
қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын-мырыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы 
ақпан айында Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар
Қазақстанда ғана емес бүкіл ел көлеміндегі түрлі-түсті металдардарды өндіруші өте ірі
өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған
қорғасынның 73,9 пайызын, Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған 
мыстың 51 пайызын берді. Осы жетістік Қазақстанды түрлі-түсті металдар шығарудан
одақ көлемінде 2 орынға шығарды. Мұнай өндірісі бойынша Қазақстан 3 орынға шықты. 
1940 жылы мұнай өндірудің көлемі 700 мың тоннаға жетті. Ембі мұнай орны игеріліп,
Сағыз және Құлсары мұнай кендері ашылды.
Қазақстанда химия өндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтөбе химия 
комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды. 1928-1940 жж. темір жолдардың 
өсуі 50 пайызға артып, оның ұзындығы 6581 км. жетті. 
Қазақстан ХХ ғ. 20-жылдардың аяғы-30 жылдары аграрлы елден индустриялы елге 
айналды. Индустрияландырудың өте жоғарғы қарқынмен жүргізілгенін мына көрсеткіштер 
дәлелдейді: Одақ көлемінде мұнай өндіру 1926-1940 жж. 3 есе көбейсе, Қазақстанда - 5,9 есе 
көбейді; көмір өндіру Одақ бойынша 5,7 есе артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге артқан; электр 
қуатын өндіру Одақ көлемінде 23,7 есе артса, Қазақстанда–486 есе артқан, яғни одақтық 
көлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал 
Қазақстанда –3,1 есеге артқан.
Қазақстанда индустрияландырудың қарқында жүзеге асырылуы инженер-техник
маман кадрларға деген сұраныс туғызды. Бұл мәселені шешу үшін қысқа мерзімді курстар, 
фабрика-зауыт мектептері, техникалық минимум үйірмелер ашылды. Өнеркәсіп орындары 
шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі 
маман кадрларды даярлау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-
металлургия институты сияқты алғашқы жоғары оқу орындары ашылды. 1933-1937 
жылдары жоғары оқу орындары мен техникумдар 13 мың маман кадрларды даярлады. 
Сонымен қатар республиканың өндіріс орындары үшін маман кадрларды Рессейдің орталық 
аудандарындағы жоғары оқу орындарында даярлады. Маман кадрлар даярлайтын жоғары 
оқу орындары республикада ашылмады.
Қазақстанда өндірілген шикізаттарды өңдейтін өндіріс орындары салынбады. Өлкені 
индустрияландыру барысында өнеркәсіп өндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау 
бағыты, оның мынадай жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл 
шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы индустрияландыру
тек шикізаттық бағытта болды.
Осындай сипатта жүргізілген өлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін 
зардабы өте күрделі болды. Біріншіден, өлкенің экономикалық дәстүрі толық өзгерді, 
өнеркәсіп саласының өркендетілуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркәсіп 
өнімдері үлесінің көбейюіне әкелді. Екіншіден, қала халқы санының артуына, қалалардың 
урбанизациялануы мен күшеюіне әкелді. Қала халқының жартысы дерлік (47,5 %) 50 мыңнан 
астам халқы бар қалаларда жинақталды. 1928-1939 жж. Қазақстан қалалары тұрғындарының 
санының көші-қонымның нәтижесіндегі механикалық өсуі 1,8 млн адамнан асты. 
Үшіншіден, көші-қонымның нәтижесінде демографиялық өзгерістер болды, яғни Қазақстан 
көп ұлтты республикаға айналды. Большевиктер өлкеге жұмысқа басқа ұлттардың алдыңғы 
қатарлы өкілдерін әкелді деуге болмайды. Себебі кеңес үкіметі әртүрлі қылмысы үшін
сотталып, түрмеде отырғандардың еңбегін арзан жұмыс күші ретінде пайдаланды. 
Индустрияландыру саясаты республикада жергілікті ұлт өкілдерінің санының азаюына да 
әсер етті. Төртіншіден, индустрияландыру саясаты нәтижесінде өлкедегі ұлтаралық қарым-
қатынас шиеленісті.


123 
Қорыта айтқанда, бұрын жетекші орында болған ауыл шаруашылығы, әсіресе, көшпелі 
мал шаруашылығы артта қалып, дағдарысқа ұшырады. Халық шаруашылығының барлық 
саласы әкімшіл-әміршіл большевиктік басқару әдісіне бағынышты болды. Қазақстанды 
Кеңес өкіметі шикізат көзі ретінде ғана пайдаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет