Бағдарламасының магистранттарына ӛзіндік жұмыстарды орындауға арналған Әдістемелік нҧСҚАУ



Pdf көрінісі
бет15/47
Дата09.10.2024
өлшемі1,02 Mb.
#147493
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау 2024

Диалогтың драмаландырылған типі
драматизмді, шиеленісті, 
жағдайдың қарама-қайшылығын жеткізуге ұмтылады. Автор диалогты 
драмаландырады. 
Мұндай 
диалогқа 
эллипсистік, 
ескертпелердің 
ықшамдылығы, ауызша сӛйлеу ерекшеліктерін – демеуліктерді, одағайларды, 
модальды сӛздерді, фразаны құрау ерекшеліктерін стильдендіру тән. Ауызекі 
тілден айырмасы – бұл элементтер драмалық кӛркем диалогта ӛзектендіріліп, 
ерекшеленеді, олар кейіпкерлердің сезімін, ойын ӛзінше жеткізуге, экспрессивті 
күшейтуге ықпал етеді (ауызша сӛйлегенде мұндай элементтер ым-ишарамен, 
дауыстың құбылуымен, бет құбылысымен толығады, әңгімені жазбаша 
тіркегенде, олар жоғалады). Осындай кӛркем диалогта авторлық ремаркалар да 
маңызды роль атқарады. 
Қатысушыларына қарай мынадай диалог типтері бӛлінеді: диалог – 
түсіндіру, диалог – қарама қайшылық, диалог – синтез, диалог – дау, диалог – 
ұрыс, диалог – унисон, диалог – толықтыру, сол сияқты диалог – хабар, диалог 
– талқылау, диалог – әңгіме және т.б. 
Кӛркем әдебиетте бӛгде (ӛзінің емес) сӛз түрлері бар аралас сӛз жиі 
қолданылады. Бұл сӛз түрі айтушының ӛз сӛзіне (автор сӛзіне) бӛгде сӛз 
түрінде диалог сӛзі кӛрінсе, бӛгде айтылым немесе бірнеше адамның сӛздері 
жеткізілсе, басқа адамның сӛзінің қосылуына негізделген. 


20 
Мәтінге бӛгде сӛз ену жағдайын ӛз сӛзі мен оған қосылған бӛгде сӛзді 
салыстырғанда анықтау оңай.
Айтушының адресатқа жетізген оқиғалар мен фактілер айтушының ӛз 
сӛзінің объектісі болады. Ал айтушы басқаның сӛзін жеткізсе, басқаның 
айтқаны немесе басқа адамдардың әңгімесі ақпарат объектісі болып табылады. 
Айтушы ӛзінің немесе адресаттың айтқандарының мазмұны туралы ақпаратты 
адресатқа бӛгде сӛз формасында мәлімдеуі мүмкін. 
Бӛгде сӛзді жеткізу және оны мәтінге қосу тәсілдері сан алуан, сӛйлеудің 
түрлі функционалдық тәсілдері үшін дифференциалды және әрқайсысының 
грамматикалық безендіру нормасы бар. 
Басқаның сӛзін жеткізудің ең қарапайым тәсілі – оны тӛл сӛз формасында 
жаңғырту, яғни басқа кісінің айтқанын (жазғанын) сӛзбе-сӛз жеткізу. Мұндайда 
айтылым (әңгіме) жаңғыртылғанда ештеңе қосылмайды. Тӛл сӛз жоғарыда 
суреттелген монологтың немесе диалогтың қасиетін сақтайды. Ол сол сӛзді 
айтқан адамның атынан айтылып, оның жеке ерекшеліктері мен стилін 
сақтайды. Автор тек басқаның айтқан сӛзін жеткізетінін ескертеді.
Басқаның сӛзін жеткізудің ӛзге тәсілдері сияқты тӛл сӛзді қолдану кейбір 
функционалдық стильдерде елеулі ерекшеліктерімен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет