толқыны, сөздің салмағы .
Мұндай бейнелі кӛркем метафоралар кейіпкер
тілінде де қолданылып, кейіпкердің шешендігін, тапқырлығын кӛрсетеді:
Бүгінгі шырғалаң – шалшық су, кешесің де өтесің. Ертеңгі дүрбелең – айналып өткізбес ми батпақ болып шықпасын (М.М.).
Метафора кейде мысқылдық қатынаста беріліп, кейіпкердің мінез-құлқын,
адамдық сипатын да білдіре алады.
Сүйіктім, мен өмірімде талай салпаңқұлақ есекті көрдім, ал мына сенің ғашығың солардың ішіндегі ең шымқай көгі (М.М.).
«Метонимия – белгілі бір заттар мен құбылыстардың сыртқы және ішкі мән
мағынасының реалды байланыстылығына қарай алмастыру амалы». Метонимия
тәсілі де теңеу мен метафора сияқты кейіпкердің белгі қасиеттерін ерекшелеп
кӛрсетіп, оқырман назарын аударуда, тұспалдап, астарлап жеткізуде тиімді
тәсіл болып табылады.
Ырсекеңнің қартайғанда көрген жалғыз қызығының тауаны шағылып қайтқаны мынау (М.М.).
«Құбылтудың бір түрі – кекесін, яки ирония /грек. Eironia –келемеждеу/;
тағы бір түрі мысқыл, яки сарказм /грек.sarkasmos – масқаралау/».
«Юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады.
Юмордағы күлкі - әзіл; ал әзіл келемежге айналса, - ирония, келемеж ащы
мысқылға айналып сын үдей түссе, - сарказм болғаны.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: 11-ТАҚЫРЫП: Кӛркем әдебиет мәтіні
Дәріс жоспары: 1.Күрделі фразалық тұтастық және абзац
2.Кӛркем мәтіндегі композициялық баяндау формалары
3.Диалогты бӛлшектеу
Мақсаты: Кӛркем әдебиет мәтіні қызметіне тоқталу.
1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж.
2.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті,
2015.- 186 б.
3.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ
университеті, 2012.- 228 б.
4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. –
Павлодар: Кереку, 2011.
5.Оразбаева, Э.Б. Кӛркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық
ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.