Бағдарламасының магистранттарына ӛзіндік жұмыстарды орындауға арналған Әдістемелік нҧСҚАУ



Pdf көрінісі
бет2/47
Дата09.10.2024
өлшемі1,02 Mb.
#147493
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау 2024

Мәтін лингвистикасы
– ӛзінің теориясы мен практикасы бар 
салыстырмалы түрде алғанда жас (ХХ ғасырдың ортасы) дербес ғылым және 
оқу пәні. Мәтін лингвистикасы мәтін ұғымына негізделіп, кӛбінесе оны 
талдаумен байланыстыратын филологиялық риторика аталатын риториканың 
тағы бір бағытының дамуына ықпал етеді. 
Заманауи 
мәтін лингвистикасы мәтіннің ӛзі мен құрылымын, 
категориялары мен тілдік бірліктерін, сол сияқты мәтінді, ең алдымен кӛркем 
мәтінді құрастыру, тудыру және талдау тәсілдерін зерделейді. 
«Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша маман дайындауда 
«Мәтін лингвистикасы» пәнінің алатын орны мен маңызы ерекше зор.
Магистранттар бұл пәнді оқып үйрену барысында мәтіннің негізгі 
ұғымдары мен категорияларын, қазақ тілінің бай тілдік құралдарын және әдеби 
тілдің функциональды стильдік тармақтарын жан-жақты, терең игеруі қажет.
Бұл пәнді игеру барысында білім алушы микро және макро мәтіндержі 
талдаудың аспектілері лингвистикалық түсіндірме-қазіргі қазақ әдеби тілін 
қазіргі әдеби нормамен шендестіру тұрғысында тілдік бірліктерді, соның ішінде 
тілдік бірліктердің функциялық-стильдік және стилистикалық бояуын 
қарастыруды, деңгейлері мен принциптерін меңгереді.
Пәнді оқытудың мақсаты:
 
Мәтіннің мағыналық, кұрылымдық жақтарын 
зерттеумен айналысатын мәтін лингвистикасы саласынан, оның нысанынан, 
ӛзіндік басты белгілерінен, тұлға-бірліктерінен теориялық тұрғыда да, 
практикалық жағынан да жүйелі білім беру арқылы магистранттардың ой-ӛрісін 
кеңейту. 
Пәнді оқыту міндеттері:
- Мәтін және оның белгілері туралы түсінік қалыптастыру; белгілерін айқындай 
алуға дағдыландыру;
- Мәтіннің тұлға-бірлігі - күрделі фразалық тұтасымды жэне абзацты ажырата 
алуға уйрету;
- Мәтінді құраушы бірліктердің байланысу амал-тәсілдерін игерту; 
-Мәтін түрлері, баяндау қабаттары туралы білік-дағдыларды қалыптастыру;
- Магистранттарды ӛз ойларын жүйелі де айқын тілмен жеткізе білуге 
дағдыландыру; сӛйлеу мәдениетін арттыру т.б. 
- Проблемалық оқыту әдістері негізінде магистранттардың бойында
шығармашылықпен ойлау қабілетін қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет