Бағдарламасының магистранттарына ӛзіндік жұмыстарды орындауға арналған Әдістемелік нҧСҚАУ



Pdf көрінісі
бет7/47
Дата09.10.2024
өлшемі1,02 Mb.
#147493
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау 2024

 
 
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: 
 
 
 
 
 
 
1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж. 
2.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті, 
2015.- 186 б. 
3.Есембеков, Т.О. Кӛркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ 
университеті, 2012.- 228 б.
4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. – 
Павлодар: Кереку, 2011. 
5.Оразбаева, Э.Б. Кӛркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық 
ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.
6.Әбдікәрім, Т.М. Қазақ тіл білімінің ғылыми зерттеу негіздері - Алматы: 
Эверо, 2014.- 288 б. 
7.Әлкебаева, Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы [Мәтін] / Д.А. 
Әлкебаева.- Алматы: Зият-Пресс, 2007.- 244 б. 


10 
2-ТАҚЫРЫП: 
Мәтін және оның негізгі белгілері.
 
 
Дәріс жоспары:
1.Мәтін туралы ұғым. 
2.Мәтін лингвистикасына байланысты зерттеулер.
3.Мәтін лингвистикасының ғылыми салалары. 
Мақсаты: 
Мәтіннің белгілерімен
 
танысу
Қысқаша мазмҧны:
Мәтіннің тууы мен түсінілуі мәтінді зерттеудің орталық объектісі және 
негізгі проблематикасы болып табылады. Мағынаның мәнге (мәтіннің тууы) 
және мәннің мағынаға (мәтіннің түсінілуі) түрлену механизмдері «сана-тіл-
әлем» триадасының шеңберінде қарастырылады. 
Тіл қызметі-басқа қызмет түрлеріне сіңіскен мәтін қызметі. Мәтін - 
қарым-қатынастың негізгі бірлігі. Адамдар жекелеген сӛздермен, сӛйлемдермен 
емес, мәтіндермен қарым-қатынас жасайды. «Мәтін» ұғымы ертеден 
болғанымен, терминологиялық ұғымда бертінде қолданыла бастады. 
«Мәтін» (текст) сӛзінің этимологиясы латынның texo-«тоқимын», 
«тігемін», «ӛремін» етістігіне ұштасады, textus -«мата», («ткань») дегенді 
білдіреді (орыстың «текстиль» сӛзін еске алайық»). Басқаша айтқанда, «мәтін» 
(текст) сӛзі семантикасының негізінде «тігу», «ӛру» метафорасы жатыр. 
Салыстыру үшін: «мән-мағынасыз әлденені айтуды» білдіретін, «плести» 
етістігі, «сплетни» зат есімі немесе кӛне орыс кітап сӛзі «плетение словес»; 
қазіргі лингвистер мен сыншылардың еңбектеріндегі «ткань текста» 
метафорасының қолданылуы. 
Қазіргі мәтін лингвистикасында даулы мәселелер кӛп. Айырмашылық, ең 
алдымен, мәтіннің тіл мен сӛйлеудің қайсысының жүйесіне жататындығында.
Мәтіннің коммуникация актісімен шендесуі, оның сӛйлеу тудырушы 
сипаты, мәтіндік қызметтің функционалды қызметі мәтіннің сӛйлеу және тек 
сӛйлеу құбылысы екеніне сендіреді. 
Алайда И. Р. Гальперин, О. И. Москальская, Е. И. Шендельс, Г. В. 
Колшанский 
және 
басқа 
ғалымдардың 
пікірінше, 
мәтін-тілдің 
модельдендірілген бірлігі, қарым-қатынаста коммуникативтік аяқталған ойға ие 
негізгі тілдік бірлік ретінде қоғамда қызмет ететін микрожүйе
.
Мәтіндердің тілдік ұйымдастырылуына және айтушының (жазушының) 
коммуникативтік ниетіне қарай Г.А. Золотова бес мәтін (сӛйлеу) типтерін 
немесе сӛйлеу регистрлерін бӛледі: репродуктивті (бейнелеу), информативтік, 
генеритивтік (ақпаратты жинақтау) – монологқа, волюнтивтік және реактивтік-
диалогқа тән. 
Осы типтердің әрқайсысының белгілі бір белгісі бар. Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет