Бағдарламасының магистранттарына ӛзіндік жұмыстарды орындауға арналған Әдістемелік нҧСҚАУ



Pdf көрінісі
бет8/47
Дата09.10.2024
өлшемі1,02 Mb.
#147493
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау 2024

репродуктивті регистрде
айтушы байқағанын тілге тиек етеді. Репродуктивті 
типтегі (регистрдегі) айтылымдар мынадай болып келеді: «Менің кӛргеніме 
қарағанда...», «Менің естігенім...», «Менің сезгенім...». 
Информативтік регистр
айтушыға белгілі немесе ой елегінен ӛткізген 
фактілер, оқиғалар, қасиеттер туралы хабарды ұсынады. Информативтік 


11 
регистр айтылымдары мынадай болып келеді

«Менің білуімше...», «...екені 
белгілі».
Генеритивтік регистрде
айтушы ӛмірді тәжірибемен және әмбебап 
біліммен шендестіре отырып, жинақталған ақпарат береді. Генеритивтік 
регистрлер ой түйіні, қанатты сӛздер, мақал-мәтел түрінде болады. «Ел болам 
десең, бесігіңді түзе» (М.Әуезов). «Ер елді қорғайды, ел ерді қорғайды» 
(Мақал). 
Диалогта волюнтивтік және реактивтік регистрлер құралдары ӛткеріледі. 
Волюнтивтік регистрдің
міндеті-адресатты іс-қимылға, ақиқат үзіндісін 
ӛзгертуге шақыру, 
реактивтік регистрдің
міндеті-жағдайды бағалау болып 
табылады.
Мысалы
Маған күйеуге ти, - деді тырна. – Сендей ұзынтұраға қалай тимейін... 
(В.Даль. Ертегілер). Бұл диалогта волюнтивтік регистр тырнаның с ӛзі, 
реактивтік-құтанның сӛзі түрінде берілген. 
Предикативтік бірліктердің кӛптігінен немесе олардың бірігуінен 
дерексізденіп, бір типті мәтіндерде қолданылатын сӛйлеудің коммуникативтік 
регистр ұғымы нақты айтылымдарда, мәтіндерде немесе олардың үзінділерінде 
беріледі. Бір жағдайда ол еркін, қозғалмалы, екінші жағдайда қатаң шектеулі 
комбинацияларда қоғамдық – сӛйлеу практикасының әр түрлі текстер мен 
жанрларындағы мәтіндердің композициясын құрайды. 
Сонымен, айтушының оқиғалар мен әлем туралы білімді қабылдауы мен 
мәтіндік түсінігі, біріншіден, сӛйлеу қорындағы тілдік және сӛйлеу 
құралдарының жүйесімен, екіншіден, хабарға және сӛйлеудің интенциясына 
қатысты 
кеңістік-уақыт 
ұстанымымен 
айқындалады, 
бұл 
кӛзделген 
коммуникативтік типтердің (сӛйлеу регистрлерінің) шеңберінде реттелуіне 
кедергі келтірмейді. 
Мәтінді сипаттаудың мұндай жолы оның тек сӛйлеудің нақты актісімен 
байланысты нақты бірлік қана емес, ең жоғары деңгейдегі тілдің абстрактілі 
бірлігі ретінде де кӛрінетінін дәлелдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет