Кудайбергенова кунимжан тыныштыкбековна


  2.3 Жоғары оқу орындарында Сыр сүлейлері шығармаларындағы



Pdf көрінісі
бет32/71
Дата13.10.2024
өлшемі4,13 Mb.
#147906
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71
Байланысты:
kudaibergenova kt zhogary oku oryndarynda syr suleileri shyg

 


110 
2.3 Жоғары оқу орындарында Сыр сүлейлері шығармаларындағы 
әдеби бейне және бейнелілікті оқытуға арналған құрылымдық-мазмұндық 
моделді оқу процесіне енгізу эксперименті: өту барысы, нәтижесі 
Педагогикалық зерттеудің ең өнімді əдісі педагогикалық эксперимент 
болып табылады. «Эксперимент» сөзі латынша «experimentum» - қазақша 
«сынама», «тəжірибе», «сынақ» деген мағынаны береді. Педагогика 
саласындағы ғалымдар берген «педагогикалық эксперимент» ұғымының 
көптеген анықтамалары бар. Соның бірнешеуі мынадай: педагогикалық 
эксперимент - педагогикалық құбылыстар, фактілер, тəжірибелер зерттелетін 
таным əдісі (Ю.В. Василькова); педагогикалық эксперимент - алдын ала 
əзірленген теориялық болжамдарды немесе гипотезаларды тексеру жəне 
негіздеу мақсатында оқытушылар мен білім алушылардың педагогикалық 
қызметін арнайы ұйымдастыру (Э.А. Соснин); педагогикалық эксперимент - 
педагогикалық процесті нақты ескерілетін жағдайда қайта құрудың ғылыми 
алға қойылған тəжірибесі (И.П. Подласый) жəне педагогикалық эксперимент - 
заңдылықтарды ашу жəне қолданыстағы практиканы өзгерту мақсатында 
зерттеушінің өзі зерттейтін педагогикалық құбылысқа белсенді араласуы 
(А.В.Коржунов) [139]. 
Осылайша, «педагогикалық эксперимент» ұғымын сипаттайтын көптеген 
түсіндірмелер авторлардың анықтамаларының мазмұндас екенін айқындайды, 
өйткені барлығында педагогикалық эксперимент - білім беру қызметін ғылыми 
негізделген жəне қисынды құрылған ұйымдастыру, оның мақсаты ғылыми 
гипотезаларды тексеру үшін ұсынылған білімнің жаңа педагогикалық 
тəсілдерін растауды (теріске шығаруды) іздеу болып табылады.
Осыны негізге ала отырып, педагогикалық эксперимент - зерттеушінің 
ғылыми гипотезасын растау (теріске шығару) үшін нақты ескерілетін 
жағдайларда жасауға бағытталған білім беру қызметін өзгертудің ғылыми алға 
қойылған тəжірибесі екенін анықтаймыз. Тəжірибелік жолмен оқу-тəрбие 
қызметінің жаңа тəсілдері, əдістері, нысандары, жүйелері практикаға жолдама 
алады. Экспериментатор (ғылыми-педагогикалық қызметкер) педагогикалық 
жағдайларды пайдалана отырып, оқыту мен тəрбиелеу процесінің барысын 
өзгертеді. 
Толық ауқымды эксперименттерден басқа, ғылыми-педагогикалық 
қызметкерлердің фрагментарлық эксперименттерді де жүргізуге толық 
мүмкіндігі бар. Педагогикалық экспериментті ұйымдастыру жəне өткізу 
үдерісінде мұғалімнің алдында екі міндет түр: алғашқысы – ол эксперименттік 
топтардың жағдайын бағалау жəне нəтижелерін анықтау, содан кейін - 
эксперименттің өзінен педагогикалық немесе тəрбиелік оң (теріс) əсерді ескеру. 
Педагогикалық эксперименттің жоспарын жасау кезінде мақсат-міндеттерді 
нақты тұжырымдап, педагогикалық шарттар мен орындалу уақытын белгілеп
мəселенің бастапқы деңгейін жəне білім алушылардың тəрбиеленуі мен 
оқытылуын, олардың тұлғааралық қатынастар құрылымына мəн беру керек.
Педагогикалық эксперимент əрқашан теориялық зерттеуге ғана емес, нақты 
педагогикалық проблемалар мен міндеттерді шешуге де бағытталуы тиіс. Бұл 


111 
ретте формализм болмауы керек. Эксперимент жүргізу кезінде ғылыми 
гипотезаға басымдық беріледі. Оны зерттеу - құбылыстарды байқаудан оның 
ішкі мазмұнын тану механизмін көрсетеді. Эксперимент нəтижесінде алынған 
қорытындылардың дұрыстығы оны жүргізу шарттарының сақталуына тікелей 
байланысты. 
Жоғары оқу орындарында Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби 
бейне жəне бейнелілікті біз құрастырған құрылымдық-мазмұндық модель 
арқылы оқытудың тиімділігін дəлелдеуге арналған педагогикалық эксперимент 
үш: анықтаушы (диагностикалық), қалыптастырушы жəне қорытынды 
кезеңдерден 
тұрды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет