47
күтпеген жерден қисынды детальдар енгізіп отырады. Мәселен, Мұраттың
аяғы сынып, мүшкіл халде болады деп ешкім ойлай қоймайды. Бірақ мұны
кірістіргеннен автор ұтылмаған, қайта жігіт жігерінің қандай қиындық
үстінде де мұқалмайтынын дәлелдейтін фактор ретінде көрінеді.
Лирикалық геройдың іштей Танакөзге деген қызғанышы болуға тиіс:
ол да арманшыл жас. Дегенмен, көзіне оттай басылатын сол қыздың өз досы
–
Мұратқа жар болғанына қуануы
–
жарасымды. Басқа біреу Мұраттың
әлгіндей аянышты күйін, алғашқы әйелімен сәнді тұрмыс құра алмай, қайын
енесі үйіне алып кеткен келіншегінен кейінгі тіршілігін мүсіркеуі әбден
мүмкін. Бұл арада өзінің қара басыңның қамынан шын досыңның қамын
ілгері қой деген идеяны ұсынады ақын. Поэма осынысымен және мұны
сендіре өрнектеуімен қымбат. Поэманың соңғы жағында:
Сендер өшпей жаныңдаршы,
Сендер бақыт табыңдаршы.
Онсыз өмір мәнді ме?
Екеуіңнен бұл бақытты егер титтей қызғансам,
Соқыр болып қалсын көзім мәңгіге ,
-
деген жолдар бар.
Мұның жадағай ұран еместігі түсінікті. Бұл шын махаббатын енді тапқан
достарға айтылған риясыз тілек.
Шығарманың лирикалық қаһарманы Мұрат, Танакөз
–
қазіргі жас
ұрпақты үлкен адамгершілікке, адамдыққа қанаттандырып, биіктететін берік
достыққа баулитын өнегелі кейіпкерлер
Ақынның бұл поэмасында аталған ұнамды кейіпкерлермен қатар,
арамызда ұшырап тұратын ойы жеңілтек, көңілі тар, мейірімсіз, тілі ащы,
тамыр
-
таныстықты сағалап күн кешетін Зеркүлдің шешесі сияқтыларды өте
батыл әшкерелеген.Абзал қасиетті, асыл мінезді замандастарымызға кедергі
болып, кесірін тигізетін ондай жексұрын пенделерді автор жеңіл юмормен
қатты әжуалап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: