45
Көлдерге қанат көктемде жайғанда қулар,
Махаббат әнiн шалқыта салғанда арулар,
Кiрпiктерiне iлiнiп қалғанда мұңдар,
Күйiнiш пенен сүйiнiш, бал үмiттерден,
Сағыныштардан
–
мен мәңгi табынып келген,
От сезiмдерден тұратын армандарым бар.
Yкiлi басын паң ырғап тұрады шыңдар,
Құлағын содан кеудемде нұр
-
ағысым бар.
Сұлу сезiмдер жанымда сыланысыңдар
–
I
згiлiк күйi тартылып жырымда мәңгi
Сүйетiн бәрiн жақсыға ырымдағанды
Армандарымның серiгi
-
қуанышым бар.
Нұр алып содан бақтарым ашты гүлiн бар,
Еркелететiн гүлдерiн шатты үнiм бар.
Сағыныштарым, кеудемнен ақтарылыңдар,
-
Аруларымның аяулы махаббаттарын,
Аялай
-
тұғын менде ұлы шапағат барын
Әйгiлер айдай әлемге отты жырым бар.
Достарыңызбен бөлісу: