Мекембай Омарұлы
поэзия жанрында да қалам тартқан ерекше тұлғалардың бiрi. Поэзия
-
ақынның жан сыры. өмiр жыры болып табылады. Поэзияны ақынның қай
дәрежедегi арыны, дарынын өлең жолдарына құйып, сыртқа шығаратын жан
тебiренiстерi деп ойлаймын. Жыр
–
сапырылысқан сезiмдермен iлiп тҮсер
ұшқыр ойлардың да ұшқыны.
Мекембай ақынның «Махаббат» атты бұл жинағына Отан, адамгершiлiк,
махаббат жайында шынайы сыр толғайтын және балалар өмiрiн жүрегiмен
көре бiлетiн өлеңдерi енген. «Ойы бардың
-
оты бар» дейдi халық мәтелi. Сол
айтпақшы, өлеңге де мiнез керек. Ал, қан тамырыңды шарпып, от өткендей
ете бiлетiн мiнездi жырлар ақынның өлеңдерiнде мол кездеседi. Ақынның
«Түркiстан» поэмасы мен «Маржан», «Төле би толғауы», «Беташар термесi»
атты өлеңдерi бар. Солардың бiрi ретiнде «Қоғалы көл», «Қылтанақ»,
«Меннiң Отаным», «Бостандық Қаңтар», «Ақындар», «Бiздiң ел» сияқты
жырларындағы бiр ерекшелiк сол
-
мұнда азаттық тұлға тұтас көрiнедi.
Айтқандай бiр шүкiршiлiк,
Күн де бүгiн аса қызды.
Пияз кессем, сүтi шығып,
Көздерiнен жас ағызды.
Сөзiмдi кiм құптар екен?
Ташкент деген
-
құт
-
берекем.
Бiздiң елдiң сиыр түгiл,
Пиязында да сүт бар екен.
Бұл жолдар ақынның «Бiздiң ел», деп аталатын өлеңiнен.Осы сегiз
жолдың өзiнен айтайын деген жақсы ойын Мекембай Омарұлы ақындық
сезiмтал жүрегiмен жеткiзiп отыр.
«Түркiстан» атты поэмасында ақын:
Тiлек пен жүректегi сан армансың,
Содан ба, сен киелi саналғансың.
Бiшкексiң, Бұхарасың, Самарқансың.
Ұл
-
қызың асқақ арман жетелеген.
Қазығұрт, Қараспанмен сарыарқамысың.
Тұрса да күтiп өзiн алдан үш сын,
Аспаныңда қаоықтап арман ұшсын.
Әйтеуiр тегiн Отан емессiң сен,
Манассың, Қобыланды, Алпамыссың.
Күн деген көңiлге нұр құя тұрсын.
Сен Қанқамсың, Отырар, Қиятымсың.
Арымсың, Ожданымсың жүректегi.
Жүзiмдегi иба мен ұятымсың.
Гүл
-
тағдырың айналған дерексiзге.
Ұлы десе, ұлы
-
ақ ел ек бiз де.
Ананың жүрегiндей бөлiнбейтiн.
43
Бiр Түркiстан бәрiбiр керек бiзге,
-
дегендi айтады. Тарихтың,
қоғамның алдындағы үлкен жауапкершiлiктi сезiнген көзi қырағы, жүрегi
нәзiк ақын ғана осындай поэтикалық қорытынды жасай бiлсе керек.
Он сегiз мың ғаламның iшiнен бөлiп алып, туған жердiң суретiн салу
-
төрт тұяғы болаттай дүлдүл жүрiстi ақындардың ғана қолынан келедi.
«Қараманас» деген өлеңiнде:
Қызығар
-
ай,
Қызыл арай дала суып,
Жұдырыққа бет алды бала суыт.
Қараманас.
Қарасы батпас бiлем,
Беттi қарып барады қара суық,
-
деген жолдар
–
жүйрiк көңiлдiң
шалқып кетiп барып, әдемi сурет болып көрiнiс тапқаны.
Ақынның шабыты шалқыса, айтпайтын және айтылмайтын сыры қала
ма? Туған жердi тiлiне тиек етпеген ақын ақын ба? «Шәукеншек. Ақпан»
өлеңiнде өзiнше және өзгеше де ой айта бiлiптi:
Мүлгiп тұр Сiңлiм бабам бiр шуақты,
Ақ адал iс қылған жер.
Дүниенi оятып жүр сияқты
Желкеден ысқырған жел.
Сергек сезiмдiлiк, тапқырлық және байқағыштықпен өмiрлiк өлең жазу
деген, сiрә, осы болса керек.
Бәрiнiң жабыла жазып жүргенi
-
өмiр, өмiр шындығы. Ал, Мекембай
ақын сол өмiр туралы не деп тебiренедi?
Көктемiмдей көк жұлын өңiрге мен
Келгелi көп сүрiндi көңiл
-
дөнен.
Қайтып қана, айтсаңшы, көңiлденем?
Күшiк күйеу болып та қап кететiн
Қайын жұртым емес қой өмiр деген.
Жалтақсыз шындықты айту дегенiмiз
–
осы. Көңiлге көп түйгенi
болмаса, ақын бұлай деп сiрә
да айтпаған болар едi.
Ақынның «Махаббат» деген өлеңi бар. Бұл жыр азды
-
кемдi ұйқасқан
сөздердiң тiркесi емес, Мекембай туындыларының озық үлгiсi сияқты:
Өмiр деген шырын ғой бал жақпай да,
Бiрлiгi мен тiрлiгi бар жақ қайда?
Қу шаштық ағарғаны түк те емес,
Басында биiк таудың қар жаппай ма?
Өмiр деген ұлы дүниенiң тамырының соғуын
–
жан лүпiлiн кейде
тамыршыдай тап баса бiлетiн ақында:
Өнерiме қол соғып, күлiп елi,
Қуантқан тәңiрiмнiң күнi менi.
Ақынға айта алмайтын жылы бiр сөз,
Досым
-
ау, дүниенiң құны ма едi?
–
дейтiн жолдардың да барлығын
айта кетсек, терiс болмас.
44
Ендеше, Мекембай Омарұлының «Махаббат» жинағы бүгiнгi өскелең
поэзиямызға өзiндiк жаңа өрнегiмен қосылған дүние деп бiлемiз. Ақынның
өлеңдерiнде шынар жайы да тiлге тиек болар екен. Халық ұғымында шынар
–
биiктiк пен адалдықтың белгiсi. Дәмдi сөз бен әсем әуен, азаматтық үн, ырғақ
–
бәрi ақынның жырларында өз жарасымын тапқан. Ақынның 1996 жылы
жазылған мына бiр өлеңiне көңiл аударалық:
Достарыңызбен бөлісу: |