Төрегелдi Тұяқбаев.
Бұл ақынның «Астана»
баспасынан «Сүймегендер сағынбайды» деген жинағын айтуымызға болады.
Сол жыр жинағынан «Күзгi көрiнiс» атты өлеңiнен үзiндi келтiрейiк.
Ауада дымқыл сыз бардай,
Түсердей аспан бiр аунап.
Сабақтан қайтқан қыздардай
Тырналар қайтты тыраулап.
Томсарып тұрған салқын бақ,
Егiлдi-ай келiп егiлдi!
Жапырақ бiткен жалпылдап,
Көз жасы болып төгiлдi.
Қандай жарасымды! Ендi осы жерде тағы да бiр ақынның шығармасына
тоқталып өтсек. Ол
–
Жәркен Бөдешұлының «Бөрiнiң асығы» атты жинағы.
Адал жанды ақынның бiр құрсаудан бiр құрсауға түскен азабында өзiнiң
атамекен аруағы жебеп, қаншама жыр жазса да өзiн үнемi қабыршақ мұздың
үстiнде жүргендей болады. Қай кезде де балапан жүрегiнiң қанатын
39
қаққыштап,
көңiл күрсiнiсiне ем iздегендей жыр жолдары алдымыздан қайта
-
қайта мен
-
мұңдалап шығып отырады. Дәл бiз айтқан жоғарғыдай
табиғаттағы бiрегей ақын екендiгiнде сөз жоқ. Өзiнiң жеке тағдырына
жазылған «Өксiк» жырындай аласұрған алапат жәй поэзиясының өн бойына
еркiнен тыс сiңiп кеткендей. Ендеше оның жыр жолдарына жүгiнейiк.
Мұхиттай тулап толқыдым.
Жарасын жанның елемей.
Тағдырдың кешкен толқынын
Жүрегiм жүрдек кемедей.
Шегiнбей артқа мен ендi,
Белiмдi қойдым тас буып.
Абайлап келем кемемдi,
Алмайын деп те тасқа ұрып.
Ойланам ауыр жүгiме.
Шындықты айтпай не етермiн.
Түлейдiң түнек түбiне
Бiр күнi шөгiп кетермiн.
Етiме балық таласар,
Түнектi жүрген мекендеп.
Тебiренiп еске ала сал,
Тереңдеп кеткен екен деп.
Осы екi өлеңнен
-
ақ ақынның қай биiкте тұрғанын және
жанын қандай
сақтық жайлап алғанын сезiнбейтiн оқырман болмас.
Өзiнiң жырларынан батылдығы мен парасаты қатар өрiлетiн екi ақынның
жыр жинақтарына келейiк. Оның бiрi Ертай Ашықбаевтың «Нақыштар
мектебi», екiншiсi Ғалым Жайлыбайдың «Қаршығымдағы қара өлең» атты
жинақтары. Осы екi ақынның жырларынан бiздiң қазақ халқының өнерiне
келген, оның iшiнде әдебиетiмiзге, қала бердi поэзиямыздың төрiне ұмтылған
парасаттылықтың батыл да бекем ойлы белесiне тап боласың. Ертай
Ашықбаевтың «Өлең» деген жыры.
Хан Абылай бiз емеспiз түйе баққан құла түзде –
Құла түзде шөппен, гүлмен,
Таумен, таспен достаспадық.
Ақы берiп бiлiм алдық.
Ақша берiп көш бастадық.
Көш бастадық.
Қыр басында алқа-салқа көш келедi,
Жоқ iшiнде Бұқар жырау –
Автомобиль бос келедi. – дейдi ақын.
Бұл жинақта қазақ халқының iшкi
-
сыртқы трагедиясының бәрi толық
қамтылған деуге әбден болады. Былай алып қарағанда айтар жырдың ағыны
үстемелеп жатқандай әсер тастайды. Ал ол құр үстемелеу болса, одан ештеңе
де ұқпаған болар едiк. Бiрақ бұл жерде iштегi өкiнiш
пен күйiнiш, сырттағы
ұсқынымызбен ұласып, кешегi қасiреттi де қағылездiк өмiрiмiздi өзiнше
өрнектеп берген. Ал бүгiнгi iшкi күйзелiстi де жан дүниесiндегi қыжылмен
40
қуаттандыра отырып, байсалды қалыпта жырлайды. Бұл ақында қазымырлық
жоқ, қанаттандыру бар. Кектену жоқ, келеге келтiретiн даралық жолы бар.
Әр
-
бiрден соң ақынның ешкiмге ұқсамайтын батылдық әрекетiнiң соны
соқпағы жатыр. Бұл мiнез бүгiнгi таңдағы байсалдылыққа бет бұрғызған
қасиет деп бiлсек жарасар.
Ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қарашығымдағы қара
өлең» жинағына
келер болсақ, мұндағы байсалдылық бiз ойламаған тұстан өзiнiң қанатын
жаяды. Бiр ғажабы мақтан даңғазадан iргесiн аулақ салып жырлауы. алым
ақында бүкiл қасiретiңдi де, қуанышыңды да асығып, аптықпай ақырын ғана
өрнектеп, саналық өреңе өрiс ашқандай жеткiзетiн тәсiл бар. Барынша нақты
айтуға, жинақы айтуға тырысатындығы ғажап. Және әрбiр өлең
шумақтарының өзiнiң арқалаған жүгiн ақтап шығатындығы сонша, емi
-
еркiн
жекелеп ала беруге болатындығы. Ал тұтастай оқығанда бiр
-
бiрiне
жымдасыпкеткен шумақтар ақын межелеген жырдың күдерi жалын көтерiп
шығатыны тағы бар. Мiне солардан бiр үзiндi мысал келтiрейiк.
..Жаны асыл мұрам,
дара шұғылам.
Арымның арын аршыдым.
Қара өлеңiмнiң қарашығынан
Ыршып бiр кеткен тамшымын…
Немесе
.. Жалғанда жалғыз келемiн,
Жанымда жарық жалқындар.
Су емес ақын дегенiң -
Сүмбiле туса салқындар…
Осы шумақтардағы соны теңеулер кiмдi болса да тебiрентпей қоймас
және байсалды да парасатты жырдың маңызындай орнықты ойлар өз
өресiнен шыққан.
Сонымен бiрге бүгiнгi күнде жас ақындардың да шығармашылығына
көңiл бөлсек. Қазiргi жас ақындарды ынталандыруға ықылас та ұшар кеңiстiк
те көп. Компьютердiң арқасындатопан судай жайлаған толассыз басылымдар
да толымды шығармаға зар. Кезiнде жазғаныңды жақындатуға жасқанатын
«Қазақ әдебиетi» газетiнiң «Жас қалам» қосымшасы арқылы да жастар үшiн
жиi көрiнуге мүмкiндiк бар. Олардың жыр мүшәйралары «Шабыт» фестивалi,
«Жас ақындар антологиясы» басқа да мүмкiншiлiктер арқылы кейiнгi жастар
алдыңғыларға қарағанда көп кеңшiлiкке ие. Мұндай қошемет жастарды өсiре
ме, өшiре ме, ол жағы ертеңгiнiң еншiсiнде.
Сол жас ақындардың бiрi
–
Анар Шамшадинованың «Жоқсың сен..» жыр
жинағы. Бас жағы босаңдау басталған бұл кiтапты оқыған сайын бiрте
-
бiрте
жанды суреттерге көзiң түсiп, жаның ризашылық табады. Мысалы,
«Жапырақтар өлiп жаты қабiрсiз», «Кiлттенiп ап отырам ойларыммен»
немесе:
…Өлеңiмнiң әр жолы әрбiр жақтан
Тауып жатыр бiр-бiрiн өздерi кеп… -
41
дейдi. Кiтаптың әр жерiнен осындай сәттi жыр жолдары оқырманын елең
еткiзгенiмен көлемi он үш баспа табақ шығарма үшiн оның аздығы да
байқалады. Техникалық жағына келсек, «қалыпты» деген сөзге «ардақтым»
дегендi, «мидай ғаламға»«сиған қалай» деген тiркестердi ұйқастырған
iшiнара кемшiлiктер аңдаусыздан кеткен болуы мүмкiн. Өлең техникасын
ойдағыдай меңгерген Анардың бұл жыр жинағы көркемдiк жағынан да
сапалы шығармалармен жалғасын табатындығын аңғартты.
Ендi Алмас Темiрбайдың «Аллажар» жыр жинағына тоқталсақ, әу баста
жырларынан аңғаратынымыз да
–
кiтаптың атына сай бiр Аллаға деген сенiмi
мен құлшылығы. Оны құран хадистерiнiң шағын өлеңге айналдырған жыр
жолдары да дәлелдейдi. Жырды шариғатпен жазу Әбубәкiр Кердерi, Шәкәрiм
тағы басқа да ақындарымыздан жалғасқан дәстүр. Бұрын да жыр
мүшәйралары мен баспасөз беттерiнен жалт етiп көрiнiп жүрген оның:
…Өлеңдерiң жүрекке жас үйiрер
Өзегiнен өмiр исi бұрқырап,
-
деген суреттi жыр жолдарынан кейiн.
…Арам шөптер арасында күн кешкен
Сортаң жердiң соры қалың шөбi едiң, -
деген жолдарды оқығанда
философиялық таразылаудың тағы бiр олқы тұсын аңғарасың.
Мұнда
қажетсiздеу өсiмдiктер бiзге арам шөп болып көрiнгенiмен, қанша қаптаса да
өзiнiң тектi топырағында тыныш өсуге мүмкiндiк ала алмай, сонда да тiрлiктi
оттегiмен жарылқап жатқандығы ескерiлмейдi. Мүмкiн ол қарсылықтар
заңдылығына сәйкес болашақ поэзияның көтерер тақырыбы
болар. Сол
сияқты аллитерацияға құрылып, кiлең «Қ» әрпiнен басталған Кенесары
жайлы ассонансқа құрылып, кiлең «А» әрпiнен басталған Махамбет жайлы
жырлары да өзiндiк құрылымдық iзденiстен туған.
Десек те:
…Қыпшақ, Керей, Арғын да,
Қозған, Найман, Уақ та,
Қабақ, Шектi, Табын да,
Қоқпақ, Жаппас, Дулат та,
-
деген шумақтардың ұйқастары
дыбыстық жағынан әлсiреп тұрғандығын ескеру керек. Жалпы А.Темiрбай
кейiнгi толқынның бел ортасындағы ысылған ақын.
Бүгiнгi күнде жас ақындарымыздың шығармашылығғнда да талай
ұйқасты сөздердi байқауға болады. Мәселен, Айдос Имантаевтың :
«Тонына жырдың оранған
Тоңбайды жүрек тек қана», -
сияқты Ұлан Сағадиевтың:
«Шiркiн мен де есейген соң ақын боп
Ажар берем мына өмiрдiң түсiне», -
сияқты Бақытжан Байболовтың:
«Өзге қойға телiмесе қозыны
Асыраймын жырдың сауған сүтiмен»,
-
сияқты өлең жолдарындағы
кейбiр жалт еткен тұстары ғана болмаса, жастардың кiтап шығаруға көбiрек
дайындық, iзденiстерiмен келгенi абзал едi.
42
Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесi, «Қазақ әдебиетi» газетi мен
Алматыдағы халықаралық айтыстардың жүлдегерi
-
Достарыңызбен бөлісу: |