Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет5/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Есейiп жiгiт болсам да
Қоймайсың айналғаныңды. 
Өзге үйге бiр күн қонсамда, 
Айтасың сағынғаныңды.
Көзiмде сәби былдырлап, 
Не дедiм, қалай жүгiрдiм. 
Айтасың ылғи қызықтап, 
Қылығын сол бiр күнiмнiң. 
Есейдiм, ол бiр кез, 
Өмiрге ойлы қарадым. 
Қалыпты бойда бал мiнез, 
Алдыңда әлi баламын. 
Мiне ақынның ұшқан ұясы. Ынтымағы ұйыған осындай екi жанның 
ықыласы құйылған ұрпақ ақын болмауы тiптi де мүмкiн емес
дегендей. Яғни 
ата
-
бабасының атамекенiнен алшақ кеткенмен әкесiз жетiм шерлi жетiм 
деген тағдыр азабына түспегеннiң өзi не тұрады. Негiзiнен жас сәбидiң қаз 
тұрып кетуiне қос тiрек болатын ата
-
анасымен және Отан от басынан 
басталадының қуат
-
күшiне көзi жеткен жас ақынөз жырының бастауын 
осылай бастайды. Оған қоса ақын өле
-
өлгенше әке арманын бiр сәтте есiнен 
шығармауға серт бергендей үнемi осы тақырыпқа қайта оралып отыратындай 
әсер тастайды, яғни сонау жат жерде көз жұмған әке арманымен ақын үнемi 
қос өмiр сүрiп келе жатқандай. Болмаса ақын өзiнiң «Туған жердiң картасы» 
атты шағын дастанындағы әкесiнiң:
..Көрдiң бе сонау тауды нұр жамылған, 
Қараудың өзi жанды ырза қылған
Мен оны көз жұмып та көре аламын, 
Шықпайды жатсам-тұрсам бiр жадымнан. 
Созылған сонау таудың аты – Жоңғар,
Қырандар қиясынан қанат қомдар. 
Басына кен жастанып, құс төсенiп, 
Шулы өзен, шүйгiн шөптi жатар жондар. 
Туған тау одан төмен, жеке дара, 


10 
Ерекше қасиеттi Долаңқара, 
Бiледi жауа ма күн, соға ма жел, 
Қарай сап қариялар соған ғана. 
Сағынттың естен кетпей, қайран өсек, 
Суыңнан бiр жұтар ма ем бауырым төсеп. 
Ну орман жағаң толы өрiк, алма. 
Сенде екен, құт-береке қайда десек. 
Келгенше көптi көрдiң осы жасқа, 
Жаһанда жер жетпейдi Үйгентасқа. 
Әр жазда Белжайлауда асыр салған, 
Жайлауда жадыраман одан басқа…

деп «Әке арманы» одан әрi 
ағыла бередi. Сол әкенiң арманын үмiт артқан ұрпағы мүлтiксiз орындап, 
Қазақстанға алғаш жол тартқандардың бiрi болып елге жетiп, әкенiң 
санасында мәңгi жұмақ болып тұрып қалған туған өлкесiнде алшаң басып 
және сол
өлкенiң ажар
-
көркiн өзiнiң асыл сөздерiмен өрнектеп жүрген 
ұлынан айналып кетпей ме деген ой кiмдi болса да бүйiрiнен түртiп өтедi. 
Жалпы алғанда ақын еткен бiрiншiден, «Әке арманы» болса, екiншiден, 
өзiнiң iшкi қасiретiн сонау ата
-
бабаларының туған топырағының шипалы 
табиғатымен емдеуге келгенде алдына Жан салмайтындығы екi бастан. 
Содан да болар Оразақын Асқар ешуақытта қасiрет салған жараның бетiн 
тырнамай қайта оның емiн өз Қазақстанының әрқилы табиғат құбылыстарын 
тауып шарқ ұрып жазылып кеткендей күй кешедi. Және соның өз жүйесiн 
жүрегiнен өткiзiп, ақырын аңдағандай баяу әуенмен жол жорғасын 
қамшылай түседi. Яғни өзiнiң бойына бiткен шамасындағы талантына са 
ауыр жүк те артпай, екiншi жағынан тым жеңiлдетiп те жiбермей тiзгiндi бiр 
қалыпта ұстауға әбден шеберленiп алған ақын. Осыған орай ақынның өз 
жаратылысынан толық хабар беретiн «Мейiрiм» жырына көңiл бөлейiк.
Мейiрiм күннiң көзiнде,
Мейiрiм ана сөзiнде.
Адамдық әрбiр жүректен,
Әркiмдi жазсын сезуге.
Бiрге ол кiшiпейiлмен,
Мейiрмен қайғы сейiлген.
Мейiрмен ұстаз үйреткен,
Сәбилер өскен мейiрмен. 
Мейiрiм жылы жүздерде,
Мейiрiм пана түздерде.
Мейiрiм бойда мол болса,
Танытар түбi бiздi елге.
Мейiрiм менiң пейiлiм,
Мейiрiмсiз көрсем кейiдiм. 
Мейiрiм әсте жауда жоқ,
Бiзде жоқ жауға мейiрiм, 

дейдi ақын.
Бұл бiздiң бүгiнгi таңдағы жаңа замандық адамдарда жетiспей жатқан 
қасиет. Бұрынғы елдiң мейiрiмдерi өз арнасын таппаған соң, олар да басқаша 


11 
болып кеттi ме әйтеуiр, ойлауымызша бар дүниенi бүлдiрiп жатқан сол 
адамның мейiрiмi мен пейiлiнiң бұзылғанына
таң қаласың. Ақын соны 
ақырын айтып өз оқырмандарына сiңiрiп жатқандай.
Былайша айтқанда Оразақын Асқар қашан болсын табиғат пен адам 
мiнезiндегi астасып жатқан әлемдi барынша нақты беруге тырысады және 
онысы әп
-
әдемi көркем бейне де болып жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет