17
«Бөрiктер төмен қарап салбырадя» секiлдi ауыстырулармен өрнектелген
өлеңдердiң астарында әдетте әжуа басым келедi.
Қазақ поэзиясында Есенғали Раушанов шығармашылығы арңа белеске
көтерiлген көркемдiк құралдардың бiрi
–
кейiптеу. Есенғали ақын поэзиясын
зерттеген әдебиеттанушылардың басым бөлiгi кейiптеудi негiзгi нысанға
айналдырады. Табиғатқа жан бiтiру, желмен жел боп, сумен су боп сырласу,
солардың тынысымен өмiр сүру, адам тiлiмен айта алмаған сырлы жапырақ
сыбдырымен жеткiзу және ең бастысы, оны өлеңге айналдыру екi ақынның
бiрiнiң еншiсiне бұйыра бермейтiн сезгiрлiктi талап етедi.
Танымдық тұрғыдан алғанда бейнедеу құралдарының iшiндегi табиғаты
ерек құбылыс
-
кейiптеу табиғатты тiнi жан ретiнде қабылданған көне
дәуiрлiк түсiнiктен тамыр тартады. Тәңiршiлiдiкке тән осы ұғымның
ұлтымыздың түпсанасындаберiк орнығуы ұлттық сана
-
сезiмi терең
қаламгерлерiмiздiң ұлттық бояуы қанық туындыларында кейiптеудiң көп
орын алуына әсер еттi деуге негiз бар. Зерттеумiзге арқау болып отырған
шығармашылық иесiнiң кейiптеуге толы қолданыстары жоғарыдағы бiрқатар
мысалдарда кездестi. «Қыс келiп тұр ақ жаулық сап қайыңға», Қалбалақтап
барып
-
барып соқыр қар Шалшық суға құлап жатыр далада», «Дене дел
-
сал,
қысқа шаш ұйпа
-
тұйпа, Мұңды қайың көз жасын көлдетедi», «ауық
-
ауық
аулақта жел үредi, Қалың жақта адасып қалып кеткен», «Бiр күнi қыс та
жетер деймiн iштей, Жабысып өркешiне қылайғайдың» секiлдi кейiптеу
үлгiлерi қазақ поэзиясына Есенгали ақыннын дара колданбасы ретiнде өнерi
анық.
Кейiптеумен табиғатты туыс тағы бiр көркемдiк құрал
-
егiздеу
ақын
шығармашылығында елеулi орын алады. Бiр ерекшелiгi, автор
колданысында егiздеудiң ауқымды уақыт пен кеңiстiктi қамтитын
мазмұндық қабаты терең күрделi түрлерi орың анған:
Достарыңызбен бөлісу: