32
жанына жағыңқырайды. Жiгiттi ардақтағаннан
ақын қыздың лирикалық
кейiпкерi аласарып қалған жоқ, қайта өз бейнесi биiктеп, асқақтай түскен.
Француз жазушысы Альфонс Каррдың «Жазушы әйел кiтаптың санын
көбейткенмен, әйелдiң санын азайтады» деген сөзi бар. Бiрақ бұл сөз
Ақұштап апайға жүрмейдi. Өйткенi ол ақын да,
ана да бола бiлген
асылдардың санатынан.
Анамын бөбегiн сағынған,
Ақынның жыр болып, ағылған.
Көңiлмiн екiге бөлiнген,
Жүрекпiн екiге жарылған.
Осы өлеңдi оқи отырып сүйсiнесiң, оқи отырып ерисiң. Ақындығына
тәнтi боласың, аналығына басыңды иесiң. Бұл да болса өлең
-
сөздiң
құдыретi.
Шындығын айтсақ, бiздiң поэзиямыздың тұтас бiр қабырғасын
қыздарымыз ұстай бастады десек, оған ешкiмнiң таласы бола қоймас. Сол
топқа тағы бiр сөзi мен ойы нық ақындарымыз келiп қосылды.
Олардың
туындылары 2004 жылы жарық көрдi. Атап айтсақ, Ханбибi Есенқараеваның
«Ай туады бозарып», Марфуға Айтхожинаның «Аққу жүрек», Фариза
Оңғарсынованың үш томдық шығармалар жинағы (Астана, Елорда баспасы,
2004), Маржан Ершуованың «Шырақ» атты жыр жинақтары
жарық көрдi.
Өлең жолындағы небiр ащы да тұщы жолдардан өткен ақын
–
Ханбибi
Есенқараеваның жолы ерекше. Бұл ақынның керек десе өлең
-
сөз құдiретiмен
тасты иiтем десе иiтiп, одан от ойнатам десе оған да барып жүрген ақын.
Бiрақ көкiреу үнемi айқара ашылып
жүрмейтiндей, бұл жолы ақын айдың
бозарып туғанына бас қойған сияқты. Өнегейiн ақ найзасын арқалаумен күн
өткiзетiн жандар сирек кездесетiнi тағы бар.
Бiр сәт олар да тұнжырап,
мүлгiп ой құшағына қонақтау керек қой. Олай болса ақынның «Сексеуiл»
деген өлеңiнен үзiндi көрейiк.
.. Бағынбай балта-iрiңе,
Ұйысып ойға шомғансың.
Бiрiңдi ұрып бiрiңе
Сындырар қолдар болғансың!
Байқағанға осы өлеңде бүкiл халқымыздың тағдыры жатқандай.
Таласы жоқ көрнектi ақындардың бiрi
–
Күләш Ахметова. Ақынның
поэзиясы
–
үлбiреген дүниенiң үйлесiмдерiн көруден, танудан және
көрсетуден, танытудан тұрады десек те болады. Қазiргi қазақ поэзиясындағы
ақын Күләштiң даралығы да, ерекшелiгi де, iрiлiгi де
-
оның осынау
болмысында. Көрнектi талантының көркейе түсетiнi де, ұлттық өлеңiмiздi
көркейте түсетiнi де
–
үлбiреген дүниенiң үйлесiмдерiн өзi көрiп, өзi танып
қана қоймайды, соны өзгелерге көрсетуден де, танытудан да әрқашан әдемi
көрiнiс, әрқашан жемiстi өрiс тауып жататындығынан. Ақын құдiретi
-
өзiнiң
танығанын өзгелерге қапысыз таныта алғанында. Күләш Ахметованың отыз
жылға жуық шығармашылық жолында «Махаббат жылы», «Мейiрiм»,
«Бұлақтағы жұлдыздар», «Жасыл жағалау», «Ләйлектер қайтып келгенде»,
«Арғымақтар даласы», «Сен жанымда жүрсең», «Наурыз нұры» атты жыр
33
жинақтары мен жыр кiтаптарындағы өлеңдер мен поэмалардың, алуан
-
алуан
лирикалық туындылардың баршасы дерлiк әртүрлi тұрғыдан әртүрлi
өрнектермен, кiршiксiз мөлдiр сезiмдермен өмiршең де қарапайым ойлармен
ширақ та шымыр жеткiзiледi. Бiр өлеңiнен үзiндi келтiрейiк:
Менiң
өлең өмiрiм
–
Менiң үлкен сыбағам.
ёлы майдан, ұлы алаң.
Бар әйелдiң жеңiсiмен қуанып,
Бар әйелдiң көз жасымен жылағам.
Менiң өлең өмiрiм
–
Менiң үлкен сыбағам.
Өкiнемiн мынаған:
Түнде оянып, ой жiбiне сөз маржан,
Тiзген кезде көмек бердi кiм оған?..
Менiң өлең өмiрiм
–
Менiң мәңгi үлесiм.
Бiресе мұң, бiресе үн…
Қуанышым, махаббатым, қызығым.
Қылдай үмiт,
қымбат тiлiм, күресiм,
-
деген үш шумақты өлең көрнектi ақынның суеткерлiк дара болмысын
қаншама драмамен, қаншама трагедиямен, қаншама оптимизммен жеткiзiп
тұр емес пе?! Әлбетте, солай. Өйткенi оның
өлеңдерiнен осынау болмысты
көрмедiк, танымадық десек мүлде күпiрлiк, мүлде менмендiк, басырлық
болар едi.
Тағы бiр тамаша ақынымыздың бiрi
–
Достарыңызбен бөлісу: