Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет117/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді сөздер: Ұлт, тәрбие, ұлттық мәдениет, рухани құндылық, өнер, жеке адам, әлеумет, 

оқыту, ғылым. 

 

Бүгінгі  таңда педагогикалық ойлауға орай оқыту мен тәрбие үрдісіне де  елеулі  өзгерістер 



орнығуда.  Мұндай  өзгерістер  бастауыш  мектеп  оқушыларын  оқыту  және  тәрбиелеуге  жаңа 

талаптар  қоюда.  Әсіресе    әсемдікті  түсінетін,  мәдениетті,  үйлесімді  дамыған  жеке  тұлғаны  

тәрбиелеуде    көркемдік  талғамды  қалыптастыру    ерекше  рөл  атқарады.  Болашақ  ұрпақтың 

көркемдік талғамын дер кезінде қалыптастыру жауапкершілікпен қарауды қажет етеді. Қазақстан 

Республикасы  мемлекеттік  «Мәдени  мұра»  бағдарламасында  маңызды  міндеттер  ретінде  рухани 

және  мәдени  мұраны  соның  ішінде  қазіргі  заманғы  ұлттық  мәдениетті,  дәстүрлер  мен  әдет  – 

ғұрыптарды  зерделеудің,  әлемдік  ғылыми  ой  –  сананың,  мәдениеттің  таңдаулы  жетістіктерінің 

негізінде гуманитарлық білім берудің толыққанды жүйесін құру мәселелері ретінде: «Білім беруді 

жаңарту  үрдісі  деп  –  ұлтымыздың  салт-дәстүрін,  мәдени  мұрасын, рухани  құндылықтарын,  яғни 

оқу-тәрбие  үрдісін    біртұтас  алып  жүретін  халықтық  педагогика  негіздерінен  құралатын  ұлттық 

идеологиялық бағыттың тұрақты бір жүйесін түсінеміз» - деп айқын көрсетілген. 

Шетелдік  философия  және  әлеуметтану  ғылымдары  құндылық  мәселелерін  әр  жақты 

қарастырып  келеді.  Ғалымдар  құндылықты  тұлға  қызығушылығының  ұмтылысы  мен 

бағытталуының  объектісі  ретінде  қарастырады  және  ол  ұсынылып  отырған  бірнеше  объектіден 

біреуіне  таңдау  жасауға  негіз  болады  деп  атап  көрсетеді.  Р.Б.Перри  XX    ғасырда  өзінің 

«Құндылықтардың  жалпы  теориясы»  атты  еңбегінде    «құндылық»  ұғымына  жан-жақты 

түсініктеме  бере  келе  рухани  құндылықтарға  мейілінше  мән  береді  және  материалдық 

құндылықтар  емес,  неғұрлым  әлеуметтенген  және  эмоциялық  тұрақтылығымен  ерекшеленетін 

идеялар  ғана  мәдениет  пен  өркениеттің  негізін  құрайды  деген  тұжырым  жасайды.  Перри  өз 

еңбектерінде құндылықтарды қарапайым, күрделі, жағымды, жағымсыз деп топтастырады. Кейбір 

философтар, Мәселен, В.П.Тугаринов құндылық ұғымына мынадай анықтама береді: «Құндылық-

адамдардың  қажеттіліктері  мен  мақсаты,  қызығушылығы  жағынан  алып  қарағандағы  пайдалы, 

қажетті  және  жағымды  деп  есептелінетін  құбылыстар  немесе  құбылыстардың  қасиеті»  деп 

анықтама  бере  отырып,  құндылықтардың  төмендегідей  топтарын  бөліп  көрсетеді:  1)  өмірдің 

құндылықтары;  2)  материалдық  құндылықтар;  3)  әлеуметтік-саяси  құндылықтар;  4)  рухани 

құндылықтар деп жіктеп көрсетеді. Рухани құндылықтарға білім, ғылым, өнерді жатқызады. 

Құндылықтар  жеке  адамдардың  жан  дүниесіне,  көңіл-күйіне  де  жағымды  әсер  етіп,  қуанышқа 

бөлейді,  оларды  қоғамдық  талаптарға  ұжымдастырып,  рухани  бірлестіктерге  ынталандырады. 




252 

 

Олар  адамдардың  қоғамдағы  өзара  қарым-қатынастарына  әсер  етіп,  ондағы  әлеуметтік, 



психологиялық  ахуалдың  жақсаруына  жәрдемдеседі.  Тарихи,  рухани  сабақтастық  -  жалпы 

дамудың,  соның  ішінде  ғылыми,  көркемдік  дамудың  да  объективті  заңдылығы  болып  табылады. 

Бұрынғы  мен  жаңаның  арасындағы  сабақтастық  жоқ  жерде  ілгері  өрлеу,  даму  болмайды.  Өйткені 

адамзат  баласы тарихи дамудың әр сатысында әдебиет  пен көркем өнерді,  ғылыми жетістіктерді 

қайталамайды, керісінше жаңаша қалыптастырып, өзгертіп, жетілдіріп отырады. 

Адам  тек  зерделі  тіршілік  иесі  ғана  емес,  сонымен  бірге  оның  бойында  қасиетті  рух  бар. 

"Руханилық  -  бұл  сыртқы  болмыс  әмбебаптығын  тұлғаның  ішкі  ғаламына  этикалық  негізде 

айналдыру  қабілеті,  сол  ішкі  әлемді  құрау  қабілеті  арқылы  үнемі  өзгеріп  отыратын  жағдайдың 

алдында  адамның  өзіне  сәйкестігі  мен  оның  еркіндігін  жүзеге  асыра  білуі.  Руханилық  ақыр 

аяғында  өзіндік  мағыналық  космогонияға,  әлем  образының  тұлғаның  адамгершілік  заңымен 

бірігуіне әкеледі" . 

Жалпы  өнерді  рухани  құндылық  ретінде  меңгеруге,  игеруге  және  оның  негізінде  жаңа 

образдар сомдауға және адамның мәдениетін қалыптастыруға көмектесетін руханилық құбылысының 

бірнеше  іргелі  салалардың  бір-бірімен  тығыз байланысынан  өрбіп  отырады.  Ал  оларды  болашақ 

ұрпақтың  бойына  қалыптастыруды  қажет  ететін  негізгілеріне  сипаттама берсек, төмендегілерді атап 

етуге болады. 

Бұл айтылғандар руханилықтың өнермен байланысын көрсетеді. Әсемдікті көре білген, сезе 

білген адам оны қоғамның рухани әлемін өз тарапынан толықтыра түседі. Сөйтіп, ол өз іс-әрекеті 

арқылы  адамдар  арасындағы  сұлулықпен,  үйлесімділікпен  көмкерілген  руханилықтың 

қалыптасуына, оның дамуына өз үлесін қоса алады. 

Өнерлік негіз руханилықтың әлеуметтік салада кең таралуына негіз бола алады. Әрбір өнер 

туындысы адам әлемін жаңа рухани күшке, рухани ахуалға айналдыруы шарт. Тарихи үрдіс өнерді 

уақыт  таразысынан  өткізе  отырып,  оның  керектісін  қалдырып  сараптаушы,  електен  өткізетін 

сыншы  болып  табылады.  Адамдар  тарихи  мұраларды,  дүниелерді,  көне  жәдігерлерді  сақтауға 

тырысады.  Бұл  -  барлық  халықтардың  ұлттық  мәдениетіне  тән  құбылыс.  Сондықтан  халық 

шығармашылығының,  ұлы  өнер  туындыларының  бүгінгі  күнге  жеткендерін  ұлттық  мәдени 

құдылықтар ретінде қабылдаймыз. 

Ал Қазақстандық философтар құндылықтар - қасиеттер дей отырып, бұл қасиеттердің бала 

кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, 

әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Ол 

құндылық  қатынас  әрқашан  да  субъектінің  бойында  белгілі  бір  эмоцияларды  –  қуану,  сүйсіну, 

таңдану, табыну т.б. туғызатындығын айта келе, мынадай құндылықтарды анықтайды: адам өмірі, 

еркіндік,  адамгершілік,  отбасы,  қарым-қатынас,  жеке  бақыт,  ұрпақ  көбейту,  күнкөріс  көзі  және 

әрекет мәні ретіндегі жұмыс, игілік, беделділік, заңдылық, мейірімділік, тәуелсіздік.  

Заттық  құндылықтарға  заттардың  табиғи  қажеттілігі,  еңбектен  шыққан  өнімнің  өзіндік 

құны,  әлеуметтік  игілік,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  мұра,  табиғи  және  қоғамдық  объектілердің 

эстетикалық қасиеті жатады.  

Ал, санадағы құндылыққа – қоғамдық ой, мақсат, баға беру, түрлі нормалар жатады.   

Әлеуметтанушылар құндылықтарды белгілі бір ереже немесе іс-әрекеттің реттегіші түрінде 

қарастырады.  Олар  үшін  құндылық-  әлеуметтік  объекті,  қажеттілігі  бар,  маңыздылығы 

айқындалған норма. Сондықтан олардың айқындаған басты құндылықтары: 

1.  Жалпы  адамзаттық  құндылықтар:  адам  өмірі,  бостандық,  отбасы,  адам  бақыты,  ұрпақ 

жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, мәдениет, денсаулық, заңдылық. 

2.  Рухани-адамгершілік,  ұлттық  құндылықтар:  мәдениет,  әдебиет,  тарих,  тіл,  дін,  діл,  ар, 

ұят,  намыс,  абырой,  дәстүр,  әдет-ғұрып,  салт,  ұлттық  дүниетаным,  туыстық  қатынастар,  Отан, 

Ана, Жер  т.б. 

Әлеуметтанушы  Б.Ерасов  -  «құндылықтың  пайда  болуы,  адамның  қажеттілігін 

қанағаттандыратын  іс-әрекет,  бұл  белгілі  бір  мақсатта  жүреді»,-дейді.  Сөйтіп,  әлеуметтану 

ғылымында  әлеуметтік-мәдени  құндылықтардың  мынадай  түрлерін  ажыратады:  саяси  мұраттар, 

мемлекет тарихы, мемлекет мәдениеті, мемлекеттік шекара, дәстүрлері, тіл т.б.  

Сонымен,  құндылықтар  -  идеал  ретінде  өмір  сүретін  неғұрлым  жағымды  сапаға  ие 

объектілер  мен  тұлғаның  ең  маңызды,  бағалы  қасиеттерінің  жиынтығы.  Құндылықтар  қандай  да 




253 

 

болмасын құбылысқа баға берудегі негізгі үлгі және  құндылық субъекті үшін объектінің жоғары 



мәнділігі ретінде айқындалады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Жаңғырған салт – дәстүрлер. Алматы, 1991жыл. 

2. Ата салтыңды аяла (қазақ салт –дәстүрлері туралы таным) Алматы, «Ана – тілі» 1998 ж. 

3.  Биқұмар  Кәмәлалиұлы  Қазақ  халқының  туыс  –  туғандық  жүйесі,  ұрпақ  өсуінің, 

тәрбиелеу дәстүрі, үйлену ғырыптары. Алматы, «Өнер» 2005 жыл. 

4. С.Б. Бабаев Бастауыш мектеп педагогикасы.Оқу – құралы. Алматы, «Заң әдебиеті»2007  

5. С.Г. Губашев, А.Ж. Отарбай Тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы, «Фолиант» 2007  

6. Ш. Құрманалина, Ә. Ғылымова Педагогика. Астана, «Фолиант» 2008 жыл. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет