Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет136/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді сөздер: Адамгершілік, құндылық, рухани-адамгершілік құндылық, ойшыл. 

 

Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған 



маңызды  қоғамдық  әрі  педагогикалық  мәселелердің  бірі.  Олардың  отансүйгіштік  сезімін,  білім 

мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір-қасиеттерін, 

жаңа    дүниетанымдық  көзқарастарын,  ұнамды  мінез-құлық  нормаларын  рухани-адамгершілік 

құндылықтар негізінде қалыптастыру – уақыт талабына сай қажеттілік. Бұл туралы ел президенті 

Н.Ә.Назарбаев өзінің халқына арнаған «Қазақстан-2030» жолдауында жан-жақты негіздеме берген 

болатын [1]. 

Қай  заманда  болмасын,  сол  қоғам  талабына  сай  азаматты  тәрбиелеуді  жүзеге  асырудың 

бірден-бір жолы – адамның рухани байлығын арттыру екендігі заңдылық. Бүгінгі таңда адам айтса 

нанғысыз  аурулардың  көбейуі,  адамгершілік  қасиетіміздің  жүдеу  тартуы,  мейірімсіз  жастардың 

кез-келген қоғамдық ортадан табылатындығы жасырын емес «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын 

жол  ізде»  деген  ата-бабамыз  қашанда  ұрпақ    тәрбиесіне  тірілікте  ерекше  мән  беру  керектігін 

ескерткен.Олай  болса,    жас  ұрпақтың  осындай  күйге  түспеуіне,  олардың  рухани  бай,  адами 

қағидаларға  негізделген  қарым  -қатынаста  өмір  сүруіне  жағдай  жасау  кезек  күттірмейтін  мәселе 

екені анық. 

«Құндылық»  - ұғымын адам бола білу, қадір  – қасиетті  сезіну, өмірдегі  өз орны мен өмір 

сүру жолын білу деп түсінеміз. 




282 

 

 «Рухани-  адамгершілік  құндылықтар»  -  дегеніміз  адамның  ішкі  жан-дүниесінің  даму 



жағдайын  көрсететін,  адамдық    деңгейін  ашатын,  сипаттайтын  оның  тұрақтылығы  мен  жетілу 

деңгейін,  әлеуметтену  дәрежесін,  қоғамдық  мәнін  айқындайтын  жеке  тұлғаның  ішкі  ең  мәнді 

құрылымдық элементі деп білеміз. 

Өйткені,  рухани  –  адамгершілік  құндылық  адам  санасында  орын  алып,  сана  арқылы 

игеріліп,  іс-әрекетке  жетелейді.  Сондықтан,  біз  үшін  құндылықтың  өзегі-  Адам,  тәрбиесі-Адам 

болуға ұмтылыс жасау болуы тиіс. 

Рухани-адамгершілік  тәрбие  қоғамның  барлық  даму  кезеңінің    зерттеу  обьектісі  болып 

келеді. Оған түрлі кезеңдерде өмір сүрген қазақ ғұламалары, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-

педагогтар  (Әл-Фараби,  Ж.Баласағұн,  Өтеубойдақ  Тілеуқабылұлы,  Қожа-Ахмет-Иассауи,  Абай 

Құнанбаев,  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  Ш.Құдайбердиев,  А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев, 

Ж.Аймауытов,  Х.Досмұхамедов,  Н.Құлжанова,т.б)  еңбектерінде  рухани-  адамгершілік 

құндылықтарды  үнемі  уағыздалуы,  қазақ  халқының  қоғамдық,  рухани,  мәдени  өмірінен  орын 

алуын мұрат тұтқан идеялар айқын дәлел. 

 Мәселен,  Әл-Фараби  «адам  көп  нәрсеге  мұқтаж  болғандықтан,  өзіне  керегін  қоғамдасқан 

ортадан  табады.  Осы  қоғам  арқасында  жетіліп,  өз  қабілетін  шындап  өзіндік  өмір  сүру  мәні 

қалыптасады» - десе, Қожа Ахмет Иассауи «Адамның жетілуінің нәтижесі- оның ақылдылығы, ал 

анықтаушысы- адамгершілік кемелінде» деп ескертеді. 

Сыр бойының х\\  ғасырдағы білімді оқымыстысы, ақын  Ахмет Иүгенекидің осы мәселеге 

қатысты,  «адамгершілік  мінез-құлық  уағыздау  жолымен  ғана  емес,  оларда  моральдық  сенімді 

дамыту және адамгершілікке бейімділікті туғызу арқылы қалыптасады» дейді [2-286]. 

Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы адамгершілікке тәрбиелеу әдісінде, ұлттық құндылықтың негізі 

ретінде тиым сөздердің мәнін аша отырып «Қырық бірге жұғыспау», «Жетіге тиіспеу», «Он екіден 

айырылмау» деген мағыналы ережелерді ұсынады.  

Адам тумысынан адамгершілік қасиетке ие болып тумайды, ол адам бойына тәрбие арқылы 

дариды.  Олай  болса,  тәрбие  мәселесін  ұстаздар  қауымының  мойнына  арта  салумен  іс  бітпейді. 

Оның  нәтижелі  болу  ата-аналар  мен  қоғамдық  ортаның  тәрбие  ісінен  шет  қалмай  белсене 

араласуына,  адам  тәрбиелеудегі  жауапгершілікті  бірлесе  көтеріп,  жұмыла  істеуіне  тікелей 

байланысты.  Ол  жөнінде  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заң  жобасының  35-

бабында: «Ата-аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі дене 

қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілік жағынан дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті» 

делінген  [3].  Мұндай  жағдайларда  отбасылық  дәстүрлердің  тәрбиеге  тигізер  ықпалы  зор.  Білім 

министрлігінің  тәлім-тәрбие  тұжырымдамасында  былай  деп  жазылған:  «Бүгінгі  таңда  жастарға 

әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен 

мәдениетін жетілдіру - әділетті қоғамның басты міндеті» [4]. 

Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  тәлім-тәрбие  негізінде  жас  ұрпақ  бойына  мақал-

мәтелдер,  жұмбақтар,  айтыстар,  өлең,  жыр,  дастандар  арқылы  рухани-адамгершілік 

құндылықтарды  дамытудың  маңызы  ерекше.  Яғни  ол-адамның  ішкі  жан  дүниесінің  ерекшелігін 

көрсететін, адамгершілік деңгейін анықтайтын, сипаттайтын, оның тұрақтылығы мен үздіксіздігін, 

дамуын,  әлеуметтану  дәрежесін,  қоғамдық  мәнін  айқындайтын  жеке  тұлғаның  ең  маңызды  ішкі 

жан дүниесінің элементі. 

Халық  ұстазы  атанған    Ы.Алтынсарин  еңбектерінде  рухани-адамгершілікке  тәрбиелеу 

проблемасындағы атап көрсеткен құндылығы, иман, әділдік, адалдық, көңілдік, сыпайылық-шын 

берілгендік, адал-ниет, өсиет, жомарттық, кеңпейілдік, үнемді- орынды жұмсау. 

Осындай түрлі адамгершілік мәселелерін талдап жүйелесек ғұлама ойшылдармен мен ұлы 

ұстаздарымыздың    шығармаларында  олардың  адам  бойындағы  ең  асыл  қасиеттерді  дәріптеуі 

бүгінгі ұрпақтың дүниетанымын кеңейте түсуге көмектесе қоғамның даму тарихын адамгершілік 

тұрғыдан  қабылдай  білуге,  талдау  жасауға,  терең  түсіне  білуге  үйретеді;  олардың  еңбектері 

жастардың адамгершілік мінез-құлықтарының қалыптасуына бағдар береді; ғұламалардың рухани 

қазынасы  қазіргі  жастардың  адамды  сүйе  білу,  адамды  тану  талғамын  қалыптастыруға  септігін 

тигізіп, адами жетілуіне, уақыт талабына сай  үйлесімді дамуына негіз болады. 

Еліміз  әлемдік  қауымдастыққа  зор  құрметпен,  беделмен  кіруі  үшін  ең  алдымен  ұрпақ 

тәрбиесін әрқашанда назардан тыс қалдырмауымыз керек. Ол үшін, мектеп оқушыларын  рухани-




283 

 

адамгершілік  сапа-қасиеттерге  тәрбиелеу  қаншалықты  қиын  болса,  соншалықты  маңызды  да 



жауапты  іс  ретінде  басты  назарда  болуы  тиіс.  Рухани  -адамгершілік  тәрбие  оқушының  тәртібін 

және  жеке  басының    дағдысын  қалыптастырады.  Осыған  орай,    бүгінгі  тәжірибеде  мектеп 

оқушыларына  адамгершілік  ұлттық-рухани  мұралар  негізінде  жан-жақты,  жүйелі  тәрбие  беруді 

көздейтін    «Атамекен»  бағдарламасының  негізге  алынып  жүргендігі  баршамызға  аян. 

Бағдарламада  «Салт»,  «Асыл  мұра»,  «Балалар  өсиеті»,  «Қыз  бен  жігіт»,  «Заманай»,  «Достық», 

«Ата-ана»,  «Қайырымдылық»,  «Сөнбес  жұлдыз»  атты  тәрбиелік  мәніне  орай  топтастырылнған 

бөлімдер  бар.  Егер  біз  бір  жеңнен  қол,  бір  жағадан  бас  шығарып,  көп  болып  жұмыла  осы 

бағдарламаның  өз  дәрежесінде  іске  асырсақ,  өркениетті  ел  қатарынан  көрінуімізге    мол  үлес 

қосқан болар едік. 

Қазақ халқы-рухани зор байлықтың мұрагері. «Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар 

шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар!» деді Л.Н. Толстой [5]. 

Ендеше,  өткеннен  нәр  алмай,  рухани  азық  алмай  болашаққа  қадам    басу  және  ұрпақ 

тәрбиесіндегі  ежелден  қалыптасқан  халкымыздың    жақсы  дәстүрлері  мен  тағылымдарын  оқып 

үйреніп, өнеге тұтпай, жастарды  рухани-адамгершілікке баулу мүмкін емес. Рухани- адамгершілік 

құндылықтар  мен  сапаларды  оқушының  бойына  дарыту  үшін,  ең  алдымен,  олардың  саналығын 

көтеру;  екіншіден  адамгершілік  тұрғыдан  сезімталдығын  тәрбиелеу  және  дамыту;    үшіншіде, 

оқушының  бойына  жағымды  мінез-құлықтың  дағдылары  мен  қылықтарын  үнемі  сіңдіріп  отыру 

қажеттілігі  талап  етіледі.Ол  үшін  жасөспірімдердің  өздері  өскен  аймақпен,  қоғамдық  ортамен 

тікелей  байланысты  оған  тәуелді  екендігін,  өзінің  жүріс  тұрысы  мен  мінез-құлқын  өмір  сүріп 

отырған  ортада  қабылданған  тәртіп  ережелеріне  сәйкес  үйлестіре  қалыптасу  қажеттігін  түсінуі, 

оларды  халықаралық  аренада  қолданып  келе  жатқан  өзара  сыйластық  пен  құрмет  тұтынушылық 

сезімді тәрбиелеу мәселелерін жүзеге асыруды басты бағыт - бағдар ретінде белгіленуі тиіс.  

«Жалпақ  әлемді  аузыңа  қарату  үшін  рухани  ерлік,  жалпақ  әлеміне  қысылмай, 

қымтырылмай қарау үшін рухани байлық керек», - дейді Ә.Кекілбаев [6-86]. 

Әл-Фараби  әсіресе  Аристотельдің  ғылыми  мұраларын  жан-жақты  зерттеп,  өзінің  ғылыми 

еңбектерінде адам ақыл-ойының дүние танудағы мүмкіндігін, құдіреттілігін дәріптейді. «Қайырлы 

қала  тұрғындарының  көзқарасы»,  «Бақытқа  жету»  т.б.  шығармаларында  ғылымды  меңгеруді 

бірден-бір  жолы  –таза  еңбек,  адал  еңбек,  ой  толғанысы  болып  табылады.  Фарабидің  осыдан  сан 

ғасыр бұрын ғылым, білім, тәрбие туралы айтқан құнды пікірлері бүгінгі педагогика ғылымы үшін 

терең мән-маңызға ие, баға жетпес мұра болып табылады.  

Жоғары мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда, оларға жан-жақты тәрбие 

беруде  ойшыл  Жүсіп  Баласағұн  шығармашылығы  да  ерекше  роль  атқарады.  Оның  түркі  тілінде 

жазылған «Құдатғу білік» атты кеңінен танымал еңбегі тәлім-тәрбиелік ой-толғамдарына бай, әрі 

онда  әл-  Фараби  сияқты  ұлы  ойшылдардың  адам  тәрбиесі  жөніндегі  гуманистік  ілімдерімен 

астарлас мәселелер жан-жақты сөз болады. 

Дастан авторы баланың мінез-құлқы жақсы тәрбиеден туындайды;  отбасы тәрбиесі  - бала 

мінез-құлқы  мен  психологиялық  бейнесін  қалыптастыру  негіздерінің  негзі;  сондықтан  баланы 

балғын  шағынан  оқытып,  жақсылап  тәрбиелеу  керек;  үлгілі  тәртіптің  негізі-  білім,  әдет-

дағдыларға  машықтану;  сол  себепті  баланы  кішкентайынан  тіл  алуға,  үлкендерді  сыйлауға, 

ағайын-туысты, ата-ананы қастерлеуге үйрету керек деп, тәрбиеші, ата-аналарға қажетті, маңызы 

зор ақыл-кеңестер береді. 

Мысалы, Әл-Фараби өзінің философиялық трактаттарында:  «жақсы  мінез-құлық пен ақыл 

біріккенде  ғана  олар  адамшылдық  қасиеттер  болып  табылмақ»,  [7]    -  деген  тұжырымы  рухани 

құндылықтар өзіндік тұрғыдан адамгершілік нормаларда көрініп, сана арқылы адамның күнделікті 

тұрмыс- тіршілігінде, яғни рухани-адамгершілік қасиеттер адамның болмысынан көрініс табады. 

Қожа  Ахмет  Иасауи.  Аты  әлемге  әйгілі  қазақ  халқының  дәстүрлі  мәдениетінде  шоқтығы 

биік  өр  тұлға-тарихи  рухани  мұрамыздағы  өзіндік  орны  ерекше,  сопылық  әдебиеттің  ірі  өкілі 

ақын, кемеңгер ойшыл Қожа Ахмет Иасауи (XIIғ.) екендігі баршамызға белгілі.  

Ұлы ойшылдың қазақ және көптеген Орта Азия халықтарына ортақ рухани құнды мұрасы 

«Диуани хикметі» («Ақыл, даналық кітабы») ата- бабаларымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі ұлағатты 

ойларымен астарласып жатқан терең тәрбиелік мәнге ие еңбек. Ахмет Иасауидің «Диуани хикмет» 

атты  еңбегінің  негізгі  мақсаты  араб  парсы  тілінде  жазылған  мұсылман  дінінің  негізгі  қағида- 




284 

 

шарттарын  түрік  тектес  халықтарға  түсінікті  етіп  насихаттап  жеткізу,  байыппен  баяндау  болды. 



Көне  түркі  тілінде,  айшықты  өлеңмен  жазылған  бұл  еңбегінде  ойшыл  адам  баласын  туыстық- 

бауырмалдыққа,  адамгершілік,  ізгілікке,  имандылыққа  шақырып,  мұсылман  дінінің  қағида-

шарттарын,  Алланы  танудың  жолдарын  насихаттайды.  Біз  өз  еңбегімізде  бұрын  соңды 

этнопедагогикалық  зерттеулерде  жете  сөз  етілмей  жүрген  Ахмет  Иасауи  еңбегі  мен  танымдық, 

тағылымдық ойларына барынша тоқталып талдау беруге тоқталдық. 

Ахмет  Иассауи  адам  мен  қоғам  мәселелеріне  де  назар  аударып,  оларға  дәстүрлі 

мұсылмандықтан  айырмашылығы  бар  ұсыныс  беруге  әрекет  жасайды.  Оның  дүниетанымында 

этикалық ойлар басым. Иассауидың этикалық көзқарстары құдай және оны тану туралы ілімімен 

тығыз  байланысты.  Адамгершілік  тазалығы  мен  моральдық  жағынан  жетілгендікті  Иассауи 

оппозициясылық суфизм позициясы тұрғысынан шешеді. Адам бойында кездесетін даңқұмарлық, 

күншілдік,  екіжүзділік,  надандық,  кекшілдік,  алдау  сияқты  жаман  әдеттердің  болатынын 

өкінішпен айтады. Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіреді. Жақсылық пен 

жамандық,  әділеттілік  пен  әділетсіздік,  адамның  жақсы  және  жаман  іс-  әрекеттері  сияқты 

моральдық  сипаттары  оның  құдайға  сенуіне  байланысты  болады.  «  Кімде-кім  жамандық  жасаса, 

ол күнәдан арыла алмайды, кімде- кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады»,- дейді. 

Ахмет  Иассауидің  пайымдауынша,  ол  өзін-өзі  тазартуға,  кемшілігін  жоюға,  игілікті  іс 

істеуге шақырған адам адасуы, әділетсіздік және жамандық жасауы мүмкін емес. Ол өзінің жолын 

қуушыларды өзін-өзі жетілдіруге шақырып отырып, адамгершіліктің құдайдан шығатыны туралы 

ойдан аулақ ұстайды. 

Міне осындай ұлағатты ойларға толы Ахмет Иассауи шығармасының өн бойынан бүгінігі 

жасөспірімдер ұрпақ тек жақсылықты танып, жамандықтан сақтануды ұғынары хақ. 

Жүсіп  Баласағұн.  Қазақ  халқының  әріден  бастау  алатын,  өзіне  ғана  тән  ұлттық 

педагогикалық мәдениетінен орнын алатын түркі  тілдес залықтардың  XI ғасырдағы аса көрнекті 

ақыны, қазіргі Жетісу өлкесі Шу өзенінің жағасындағы Баласағұн қаласында дүниеге келген есімі 

бүкіл  шығыс  елдеріне  танылған  данышпан  ойшыл,  шежіреші  ғалым,  белгілі  қоғам  қайраткері 

Жүсіп Хас Хаджиб Баласағұни бабамыздың ұрпақ тәрбиелеудегі тәлім-тәрбиелік ойларын, өсиет-

өнегелерін оның еңбектерінен табуға болады.  

Жүсіп  Баласағұн  «Құтты  білік»  еңбегінде  адамның  қадір-қасиетінің  алдымен  терең 

біліммен, ақылмен ғана қалыптасатынын сөз етеді:  

Ақыл қайда болса, ұлылық толады, 

Білім кімде, сол білікті болады. 

Ақылды ұғар, білімділер біледі, 

Түгел болар білімді, есті тілегі!... 

Білімсіздер бар кеселді көреді

Емдемесе, тектен текке өледі... [8 ]. 

Шығармада,  сонымен  қатар,  сөз  өнері,  адамдар  бойында  кездесетін  жақсы-жаман 

қасиетттер, ақылдылық, тәрбиелік, білімділік туралы да кеңінен жырланады. Мәселен, Баласағұн: 

Тілесең сен есендікте жүруді, 

Жаман    қимылдатпа тіліңді, 

Біліп айтқан сөз – білікті саналар, 

Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар,- 

Деу  арқылы  әрбір  сөзге  есеп  бере  сөйлеп,  әрбір  қадамды  ақыл  безбенімен  таразылау 

біліктілік белгісі екендігін айтады. Ақынның: 

Ер ажары - сабырынды сақтай біл

Сабыр жолы көк төріне бастайды. 

Өлімді ойла, ұмытпа еш, сарала, 

Өзіңді ойла, қасиетіңді бағала.  

Жұрт алдында аузыңды бақ, лепірмей,  

Кісі үйінде сөз қадірін кетірме... 

Жалған сөздің сезілмесін лебі де,  

Жүзің жанып, қор боларсың теңіңе.  

Дос, туғаннан лебізіңді аяма,  




285 

 

Кіші, үлкенді жылы леппен аяла.  



Тұз – дәміңді бөліс, жаса қайырым. 

Кешіре сал, көрсең кісі айыбын  

деген жыр жолдары  –  жас балалар үшін тәрбие тағылымының ізгі  үлгі- өнегесін іспеттес. 

Ұрпағының « сегізқырлы, қайтпас қайсар нар болуын» армандаған дана ойшыл «жүсіп Баласағұн 

жас  жеткіншектерді  адамдық  қасиеттерді  жоғары  бағалауға,  әділ  болып,  өтірік  сөз  сөйлемеуге, 

үлкен-кішіге құрметпен қарап, достықты аялай білуге, ынтымақ – бірлікті сақтап, өз ар-намысын 

жоғары ұстауға үндейді.  

Ж..Баласағұнидің  «Құтты  білік»  поэмасы  тарихта  ерекше  орны  бар,  рухани-адамгершілік 

тағылымы мол мұра. Ж.Баласағұни:  

«Үш нәрседен жүр алыс, сақ, байқағын, 

Бірі - қыңыр, қисық болма, айтарым. 

Бірі - жалған, сұғанақтық - үшінші, 

Үшеуінің түбі қорлық түсінші»  - деп адам бойындағы теріс мінезден сақтандыра отырып, 

оның бойындағы асыл қасиеттерді -  қайырымдылық, әділеттік, шыншылдық, парасаттылықты өте 

жоғары бағалап, «әділет- құт, құт құрығы - кішілік, әділеттің заты тұнған кісілік  - деуі адам қадір- 

қасиетімен,  білімімен,  ақылымен  және  әділеттілігімен  ғана  Адам  екенін  көрсетеді.  Демек,  адам 

бойындағы  бар  қасиеттердің  үйлесімді  көрінісі  оның  болмысының  көрсеткіші  екендігіне  мән 

берген. 


Сондай-ақ,  Баласағұн  өз  шығармасында  еңбек  адамдарын  жырға  қоса  отырып,  олардан 

түрлі  өнер  көздерін  үйренуді,  дана  адамдармен  араласу  арқылы  ғылым-  білімді  меңгеруді 

уағыздайды. «Құтты білік» дастаны - бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиелеуде басшылыққа алатын тәлім- 

тәрбиелік ой-толғамдарға өте бай педагогикалық рухани мұра. 

«Құтты  білік»  дастанының  басты  идеясы  төрт  принципке  негізделіп  жазылған.  Біріншісі, 

мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің 

бейнесі  ретінде  Күнтуды  патшаны  көрсетеді.  Екіншісі,  бақ-  дәулет  яғни  құт  қонсын  деген тілек. 

Бақ-  дәулет  мәселесі  дастанда  патшаның  уәзірі  Айтолды  бейнесі  арқылы  жырға  қосылған. 

Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл- парасаттың қоғамдық рөлі  уәзәрдің баласы Өгдүлміш бейнесінде 

жырланады.  Төртіншісі,  қанағат-  ынсап  мәселесі.  Бұл  мәселе  дастанда  уәзірдің  туысы,  дәруіш 

Одғұрмыш  бейнесі  арқылы  әңгіме  болады.  Өмір,  тіршілік,  адамгершілік  туралы  сан  қатпарлы 

философиялық толғамдар осы төртеуінің сұхбаты түрінде өрбиді. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес 

халықтардың  орта  ғасырдағы  тарихи,  қоғамдық-саяси  өмірі,  ғылымы,  әдебиеті  мен  мәдени 

дәрежесі,  әдет-ғұрпы,  наным-сенімі,  т.б.  жөнінде  аса  қызықты,  әрі  қыруар  мол  деректер  беретін 

көркем туынды. 

Ахмет  Иүгінеки.  Бүгінгі  жас  ұрпаққа  ұлттық  рухани  мұра  негізінде  жан-  жақты  тәрбие 

беруде  ұлы  ғалым  Ахмет  Иүгінеки  (XII)  шығрмашылығы  да  ерекше  рөл  атқарады.  Ғұлама 

шығармаларынан  адамгершілік  жөнінде  айтылған  қазақ  халқының  тарихи  қалыптасқан 

педагогикалық мәдениетінің айқын көрінісін табуға болады. 

Ахмет  Иүгінеки  -  аса  көрнекті  ақын,  есімі  кезінде  бүкіл  ұлан-ғайыр  Қарахан  мемлекеті 

түркілеріне  танымал  ғұлама  ғалым  болған.  Ақынның  біздің  заманымызға  жеткен  «Хибатул-

хақайық»  («Ақиқат  сыйы»  немесе  «Шындық  сыйы»)  атты  кітабы-тәлім-тәрбие,  адамгершілік 

туралы  өнегелерді  өлең  өрнектерімен  айтып,  ұрпақты  ұлағаттылыққа  тәрбиелейтін  аса  құнды, 

терең мәнді ойларға толы рухани мұра.  

Бұл  даналық  шығармада  ақын  тәлім-тәрбиенің  негізі  –  адам  болуға,  кісілікке  тәрбиелеу 

екенін баса көтеріп, ол үшін әрбір адам оқып, білім алу керек деп бастайды.  

Айтайын білім жайын, құнты бар бол, 

Ей, достым, білімдіге ынтызар бол. 

Ашылар білімменен бақыт жолы, 

Білім ал жолға түсіп бақыт толы. 

Білімді- алтын, нұры ашылатын, 

Білімсіз- қара бақыр шашылатын... 

Жүрсе де тым шіреніп, 



286 

 

Білімсіз жан- тірі өлік, - деп, ақын білімсіз, надан адамның адамдық бейнесі болмайтынын 



басып  айтады.  Халқымыздың  «оқу  -  инемен  құдық  қазғандай»,  «Оқу-білім  қазығы,  білім-өмір 

азығы» деген мақалы осы бір отты қайнар көзінен туындаған болу керек. 

Дидактикалық  шығарма  болып  табылатын  «Ақиқат  сыйы»  дастанында  негізінен  адамның 

мінез-құлық қағидалары, адамгершілік, этика, әдептілік т.б. моральдық мәселелер жан-жақты сөз 

етіліп, олар жөнінде автор кейінгі ұрпағына тағылымдық ойлар айтып қана қоймай, сонымен бірге 

бірсыпыра пайдалы кеңестерін де ұсынды.  Мысалы, «Егер билікке қолын жетсе, мақтанба, асып-

таспа»,  «Бастық  болсаң,  жайсаң  бол»,  «Кәріге  де,  жасқа  да  құрмет  көрсет»,  «Айтар  лебізіңді 

алдымен ойланып ал», т.б. ұлағатты өсиетнамаларын айтады. 

Иүгінеки  әдептіліктің  бір  белгісі  -  жомарттық  деп,  жомарттықтың  асыл  қасиет  екенін 

дәріптейді: 

Жұмсармас иілместі жомарт иер, 

Мұрат та қол жетпейтін бұған тиер. 

Мақтайтын бақылдарды жан бола ма, 

Сақыны  ағайын,  ел  бәрі  сүйер,  -  дейді.  Ақын  жеке  адамдардың  мінез-құлқын  жақсарту 

арқылы,  оларды  жомарт,  мейірімді,  білімді  ету  арқылы  заманды  да  жақсартуға  болады  деп 

үміттенеді де, тәлім- тәрбиеге, білім беру ісіне ерекше көңіл аударады. 

Тағы бір керекті сөз- айтам дастан, 

Ұғып ал құлақ салып мендей достан: 

Болып ал кішіпейіл өзгерместей 

Аластат  тәкаппарлық  ойды  бастан,  -  деп  ол  тәкаппарлық,  паң,  өркөкірек  мінезден  аулақ 

болуды уағыздайды. 

Дұшпандықты жоя біл, 

Жазықтыны кешіргін 

Ақылға ден қоя біл, 

Ашу өртін өшіргін, - деп, ақын соңғы бір сөзінде жақсы мінезді қалыптастыру үшін әрбір 

адам өзін-өзі тәрбиелей білу қажетекенін өнеге етеді. Жақсы мінездің қалыптасуы тәрбиеге, жеке 

адамды тәрбиелеуші оның тегіне байланысты екенін: 

Тегі асыл адамның 

Мінезі де сүйкімді, 

Тексіз- бұзық наданның 

Жоқ болады сүйкімі,- деп тұжырымдайды. 

Ертедегі  данышпан  бабаларымыздың  мұхиттай  мол  еңбектерінің  шашырандысы  іспеттес 

болса да, «Ақиқат сыйы» кітабы ұлы ойшылдардың ұлттық тәлім-тәрбиемізге бұдан былай да зор 

әсер ететін құнды еңбек екенін бағалай қажет. 

Махмұт  Қашқари  (XI)  Орта  ғасырлық  жұлдыздарымыздың  бірі  Махмұт  Қашқари  -  XI 

ғасырда дүниеге келіп, Шу, Талас өңіріндегі Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым.  Ол  – ұлы 

әдебиетші,  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинап,  зерттеуші,  ойшыл-философ,  белгілі  саяхатшы,  «Түркі 

тілдерінің жинағы» («Диуани лұғат ат-түрік») кітабын 1072-74 жылдары жазған. 

«Диуани  лұғат  ат-түрік»  тек  түрікше-арабша  түсіндірме  сөздік  емес,  ол  түркі  тілдерін 

зерттеуде теңдесі жоқ ғылыми еңбек болып саналады. Бұл түсіндірме сөздігінде автор халық ауыз 

әдебиеті  үлгілерін,  аңыз-ертегілер,  мақал-мәтелдер,  қанатты  сөздер  және  халық  фольклорын  өте 

орынды пайдалана білген. 

М.Қашқари  адамдарды  өнер-білімге,  әдептілікке  шақырып,  адамгершілік,  мораль,  этика, 

ұйымшылдық  мәселелерін  сөз  етеді.  Оның  түркі  халықтарының  бәйіттерінде  табиғат  сұлулығы, 

махаббат, көркемдік, үлкен парасаттылық, білім, батырлық суреттеледі. Мысалы:  

Құрметте, білімдінің сөзін тыңда жігітім, 

Үйретіп парасатын, ақта әділ үмітін. 

Өмірді білмесең - білімің жоғалар, 

Талғамды қашанда да - бос сөзді доғалар. 

Білімдінің қасына бар күнде балам ерінбей, 

Төмен тұрып үйрен толық тәкаппар боп көрінбей. 

Елім саған әдепті мирас етіп қалдырамын, 




287 

 

Жағалаған, жайқалған білімдінің бал құрағын. 



Бүгінгі  ұрпақ  үшін  Қашқарлық  ғұламаның  адамгершілік  тәрбие  жөніндегі  идеяларымен  

танысудың  қай  қырынан  алғанда  да  зор  тәрбиелік  мәні  бар.  Автор  қайырымдылық  пен 

қарапайымдылық,  адалдық пен шыншылдық ұғымдарын дәріптеп,  уағыздайды. Мінездің ар, ұят,  

әділеттілік  секілді  белгілерін  бөліп  атайды.  «Итке  ұят  бітсе,  өлексе  жемес»,  -  деп  ұятты,  ізетті 

болуға  үндеп,  адамдарды  жаман  қасиеттерден  аулақ  болуға  шақырады.  Осындай  теңдесі  жоқ 

тамаша туындыны оқып отырған адам қазақ даласының ежелгі дәуірлерден бері әдеби мұраларға 

бай,  ал оның халқының рухани мәдени дәрежесінің жоғары, парасатты болғандығына көз жеткізе 

алады. 


Қорыта айтатын болсақ, Махмұт Қашқаридың қалдырған бұл рухани мұраларының кейінгі 

ұрпақ  үшін  баға  жетпес  асыл  қазына  екендігіне    үлкен  мән  бере  отырып,  барлық  түркі 

халықтарына  ортақ    энциклопедиялық  тұрғыда  жазылған  ас  құнды  мұралардың  бірі  деп  танып 

білеміз. 

Сонымен қорыта айтқанда, бүгінгі ғылыми тұжырымдар мен жоғары клас оқушыларының 

дүниетанымы мен ақыл-ой, адамгершілік тұрғыдан дамып, қалыптасу ерекшелігін ескере отырып 

жоғары  да  мазмұндалған  халық  педагогикасының  озық  үлгілері  ретінде  ұлы  ойшылдардың 

көзқарастарын ұтымды пайдалану болып табылады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1  .Назарбаев  Н.Ә.Қазақстан  халқына  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  жолдауы  \\  Егемен  

Қазақстан, 2007 жылдың 28 ақпаны. 

2. Ахмет Иүгенеки Қазақтар-Казаки; 9-ый попул.Справочник. Алматы ,1998-Т.9.С.287 

3. Әбілова .З .Ә., Қалиева .К. М. \\ Этнопедагогика оқулығы .Алматы 1999  - 254 бет. 

4. Толстой Л.Н.Чем люди живы .Собр .сочинений .М . ,1982. 

5. Мұқанғалиев.Е. Өміртану ізгілік-Адамгершіліктің белгісі Жалын, 2007, №12, 86 бет  

6. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973. – 215б. 

7.Баласағұн Ж. Құтты білік / Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен  түсініктерін 

жазған А. Егеубаев. Алматы: Жазушы, 1986. – 616б. 

8.  Нұрғалиева  Д.  Адамгершілік  құндылықтарды  қалыптастырудың  педагогикалық 

шарттары. // Бастауыш мектеп. – 2004. -№3 – 6-7. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет