Түйінді сөздер: Рухани жаңару, бала-бақша, ұлттық сана, ана тілі, орыс тілі.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы шыққалы бері
барлық жағынан рухани жаңғыру жүйесі қолға алынғаны белгілі. Білім салаына да рухани
жаңғыру керек. Ол дегеніміз баланың біліктілігі мен білімінің арқасында көрінетін дүние. Өзі
жаңғырып, өзі өзгеріп, өзінің кәсіби шеберлігін арттырып отырған тәрбиеші ғана рухани
жаңғыруға сай білім нәрін құя алады. Рухани жаңарудың ең маңызды миссиясы - ұлттық сананың
әр түрлі тілдерді меңгерумен үйлестіру. Қоғамдық сананы жаңғырту саяси және экономикалық
жаңғыртудың негізі болады.
ХХ ғасырдың ірі өкілі, белгілі ағартушы Ж.Аймауытов ұстаз қызметін былай сипаттайды:
«Балаларға білім берумен, тәрбиелеумен мұғалімнің қызметі тәмәм болмайды. Ол балаларды
тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол
шәкіртінің алдағы өмірін өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, оларға келешекте өмірде
аяғын шалыс басып, соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоры».
Өз елін сүю - отбасында, бала-бақшада, мектепте, тұтастай алғанда қоғамда өмірінің
алғашқы жылдарынан бастап тәрбиеленуге тиіс маңызды құндылық. Патриоттары бар ел - бұл
гүлденген ел. «Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір
азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі
арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың
мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Өзі елі мен мемлекетін сүю дегеніміз -
басқа барлық ұлттар мен халықтарды құрметтеу дегенді білдіретінін естен шығармауымыз керек.
Осы сөздердің мағынасын түсіне алған адам ғана толыққанды патриот атана алады.
2017 жылы сәуірдің 12-жұлдызында Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді. Мақала төменде көрсетілген 2
бөліктен тұрады: І. ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы. ІІ. Таяу жылдардағы міндеттер. Жеке
адамның рухани жаңғыруы – өмірге, уақыт ағымына ақыл парасатымен, білімімен бейімделе
білуінде. Адамды өмірге, қоғамдық ортаға ақыл парасатымен және білімімен бейімдейтін ұлттық
қасиеттер (ұлттық сана) мен ұлттық құндылықтар (тәрбие, имандылық, тектілік және т.б.) болып
274
табылады. Ұлттық сана, тәрбие, имандылық, тектілік – жеке адамды қоғаммен, бүтін бір ұрпақты
ұлттық негізімен біріктіреді. Бұлардан қол үзген адам рухани жаңғырудың биігіне жете алмайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық
кодыңды сақтай білу... Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге
шекеден қарамауы тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты
жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер, жаңғыру елдің ұлттық-рухани
тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың
түрлі жақсы жақтарын қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» [1].
Рухани жаңғыру идеясы атамекен мен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің
байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың
негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуалдық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты,
ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше өз
болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға
ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тарихы мен болашағы алдында
жасайтын, қол жеткізетін жетістігі. “Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам
толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да,
рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады”,- деп Мұхтар Әуезов, айтқандай өз ұтының
рухани байлықтарын түсініп, білу адам үшін өте маңызды. Б.Момышұлы “Халық тәжірибесі тек
бізге ғана емес, біздің келер ұрпақтарымыз үшін де қымбат қасиет”,- деп атап көрсеткен,
сондықтан мемлекетінің тарихын білу арқылы ғана, өзінің, өз елінің толыққанды болашағын
құруға болады. Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет.
Ал екінші орында бала-бақша мен мектеп тәрбиесі өте маңызды рөл атқарады. Менің ойымша, сан
ғасырларды қамтыған тарихтың, ежелден келе жатқан мәдени даму жолының балаларға
таныстырылуы шетел тілін, орыс тілін үйретуде де өз жалғасын табуы керек. Елдің тұрмыс
тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ өмірге ширығып өседі. Өмірге
ширыққан адам елге жаны ашитын, бойында бар қабілетті, қолы жеткен бар игілігін елге арнайды.
Елге жаны ашитын зиялы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды
бағыттау оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді. [2]
Балабақшада тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде-тәрбиеші басты тұлға болып
табылатыны сөзсіз. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен оқытушы өзінің теориялық
және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру
және қызметі саласындағы жаңалықтар мен өз тәжірибесін үнемі пайдалануы тиіс. Сонда ғана
оқытушы қызметі бүгінгі күннің талабына сай болады. Үздіксіз іздену - бүгінде мұғалімге
қойылып отырған басты талаптардың бірі. Мұғалімнің шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі –
әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Оларды өзінің
күнделікті қызметінде пайдалана білу, осы орайдағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең
алдымен, сабақпен байланысты. Демек сапалы, тиімді әрі нәтижелі жүргізген әрбір сабақ –
ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.
Менің ойымша, сан ғасырларды қамтыған тарихтың, ежелден келе жатқан мәдени даму
жолының балаларға таныстырылуы шетел тілін, орыс тілін үйретуде де өз жалғасын табуы керек.
“Нағыз патриот - өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге
ықпалдасатындар”, - деген Н.Ә. Назарбаев сөздеріндегідей, біздің, жастардың, Рухани жаңғыруды
іске асыруға ықпал етуіміз өте маңызды. «Қандай жағдайда мемлекттік жаңғыру толығымен
жүзеге асады?» - деген сұраққа: «Тек қана сол мемлекттегі әрбір азамат Рухани жаңғырудан
өткерген кезде жүзеге асады»,- деп жауа берер едім. Өз тарапымыздан, тіл маманы ретінде,
қазақтың, орыстың ұлы тұлғаларының әдеби шығармаларын оқудың мәнін түсіне отырып, оны
насихыттауымыз маңызды. Шетелдік мамандар да осы ұстанымды қолдайды. Байранның
айтуынша, шетел тілін оқыту төрт негізгі құрамдас бөлікті қамтуы тиіс, атап айтсақ: тіл үйрену,
тілдік түсінік, мәдениет аясындағы білім және жаңа мәдениетті тану. Осы орайда ана тілі екі тіл
мен мәдениетті байланыстырушы құрал ретінде қызмет атқарады. Тіл - бұл тіл мен мәдениеттің
үйлесімі.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір білімгердің сапалы және терең
білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті
275
болуын талап етеді. Оқыту технологиясы оқыту үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық
талап секілді психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Қазіргі
кездегі білім беру сапасы білімгердің әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға
мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен
түсіндіріледі.
Еліміз жүйелі эволюциялық даму барысында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» мақаласы еліміздің мәдени-рухани өмірінде және қоғамдағы рухани
құндылықтарды нығайтуда елеулі орын алатын аса маңызды бағдарламалық құжат. [3]
Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді
әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін
жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін
сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің сипаты қандай екендігіне
тоқталып өтсек, кейбір сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға,
салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген.
Тұлға құзыреттілігін дамыту үшін ұстаздың құзыреттілікті тәсілдерді меңгеруі, білім беру
мазмұнын жетілдіруі қажет және жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалануда
жоғары нәтиже береді деген сенімдеміз.
Қорыта айтатын болсақ, Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласында көрсетіп кет кендей: “ Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан
бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында
тұр... Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың
маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің
дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың
шаңына көміліп қала береді”, әрбір қазақстандық азамат рухани жаңғырудың мәнін түсінуі өте
маңызды. Елбасымыз бағдарлаған жол бойынша жүру, әрбіріміз үшін дұрыс шешім екеніне кәміл
сенемін. Бір орында тұрмайтын, осынау заманда, жаһандану үдерісінің шаңында қалмайтындай,
көзі ашық ұрпақ болу, біздің, яғни жастардың өз қолында. Әрқайсымыздың жаңғыруға деген ішкі
ұмтылысымыз дамуымызға апарар жалғыз, әрі ең жемісті жол.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру / Егемен Қазақстан 26.04.2017 ж.
2..Үмбетхан Қуандықұлы, «Рухани жаңғыру идеясы және ұлттық рух» мақаласы,
www.abai.kz
3. Х. Досмұхемедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің басылымы, «Ұлттық
сана-рухани жаңғыру» мақаласы, Университет газеті, 1б., 21 Сәуір, 2017
Достарыңызбен бөлісу: |