Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет132/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді сөздер: рухани жаңғыру, ұлттық болмыс, бәсекеге қабілеттілік, патриотизм. 

 



276 

 

Сөздің астарында елінің, жерінің тарихын біліп, қадірлеу, қазіргі өміріне белсене араласып, 



болашағын жоспарлау мәселесі жатыр. Патриотизм - бұл туған мәдениетін, дәстүрін, ана тілін білу 

және құрметтеу, сіздің отандастарыңызға деген сүйіспеншілік пен ізет. Бұл біздің болашақтағы әл-

ауқатымыздың  кепілі.  Менің  ойымша,  бұл  сөздер  ежелден  мәлім.  Өз  елін  сүю  -  отбасында, 

мектепте,  тұтастай  алғанда  қоғамда  өмірінің  алғашқы  жылдарынан  бастап  тәрбиеленуге  тиіс 

маңызды құндылық. Патриоттары бар ел - бұл гүлденген ел. «Барлық халық пен ұлт барлық ұлы 

және тамаша нәрселерді жасауғақабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген 

тереңсүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп,оларды сүйе 

білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы[1]. Өзі 

елі  мен  мемлекетін  сүй  дегеніміз  -  басқа  барлық  ұлттармен  халықтарды  құрметтеу  дегенді 

білдіретінін  естен  шығармауымыз  керек.  Осы  сөздердің  мағынасын  түсіне  алған  адам  ғана 

толыққанды  патриот  атана  алады.  Патриотизм  дегеніміз  жалған  адамгершілік  көрінісі  немесе 

митингілерде жалынды сөз сөйлеу емес. Бұл сезім адамның жүрегінде өмір сүреді, сүйікті Отаны 

үшін қиын сағатта шешуші жалынмен өртеуге дайын, сөнбейтін ұшқын болып жарқырайды. 

Мемлекетіміздің  анық  және  табысты  болашағына  жол  ашар,  Елбасымыздың  ұсынған 

бағдарламаларын  дұрыс  қабылдап,  оны  іске  асыру  жолында  еңбек  етуіміз  де  отансүйгіштіктің 

айқын көрінісі. 

2017  жылы  сәуірдің  12-жұлдызында  Елбасымыз,  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

«Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласы  жарық  көрді.  Бірінші  жаңғыруды  жүзеге 

асырды.  Содан  кейін  «Қазақстан–2030»  Стратегиясын  қабылдады  және  Астананы  салды. 

Нәтижесінде  еліміз  әлемнің  дамыған  50  елінің  қатарына  кірді.  Екінші  жаңғырудың  нәтижелері. 

Биылғы  жылдан  бастап  Қазақстан  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілікке  қол  жеткізуге  бағытталған 

еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаға белгілі. Оның басты мақсаты  – Ұлт 

жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру. Бүгінгі таңда Қазақстанның 

Үшінші жаңғыруын іске асыру аясында саяси реформа, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру 

және рухани жаңғыру сияқты үш жаңғыру үдерісі жүзеге асырылатын болады[2].  

Еліміз жүйелі эволюциялық даму барысында. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: 

рухани  жаңғыру»  мақаласы  еліміздің  мәдени-рухани  өмірінде  және  қоғамдағы  рухани 

құндылықтарды нығайтуда елеулі орын алатын аса маңызды бағдарламалық құжат. [3] 

Рухани  жаңғыру  идеясы  ата  мекенмен  ұлттың  бір  болуын,  үнемі  ұрпақ  пен  туған  жердің 

байланысуын,  адам  мен  табиғаттың  тұтастығын  негіздейді.  Рухани  жаңғыру  ұлттық  болмыстың 

негізінде  мемлекет  өмірінде  қалыптасатын  интеллектуалдық  өріс.  Ол  жеке  адамды,  ұрпақты, 

ұлтты,  халықты  табиғаттан,  өзінің  төл  болмысынан  ажыратып  алып  кетпейді,  керісінше  өз 

болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға 

ықпал  ететін  ұғым,  ұлттық  деңгей,  бір  ұрпақтың  мемлекеттің  тарихы  мен  болашағы  алдында 

жасайтын, қол жеткізетін жетістігі. 

“Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес 

деуге  де  болады.  Себебі,  ол  қандайлық  мамандық  білімі  болса  да,  рухани  ой  тәрбиесінде  сыңар 

жақ  азамат  болады”,-  деп  Мұхтар  Әуезов,  айтқандай  өз  ұлтының  рухани  байлықтарын  түсініп, 

білу адам үшін өте маңызды. 

Б.Момышұлы  “Халық  тәжірибесі  тек  бізге  ғана  емес,  біздің  келер  ұрпақтарымыз  үшін  де 

қымбат қасиет”,- деп атап көрсеткен, сондықтан мемлекетінің тарихын білу арқылы ғана, өзінің, өз 

елінің толыққанды болашағын құруға болады. Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ 

болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып 

өскен  ұрпақ  өмірге  ширығып  өседі.  Өмірге  ширыққан  адам  елге  жаны  ашитын,  бойында  бар 

қабілетті,  қолы  жеткен  бар  игілігін  елге  арнайды.  Елге  жаны  ашитын  зиялы  адам  өз  заманының 

жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп 

түсінеді. [2] 

Рухани  жаңғырудың  негізі  мақсаты:  өз  тарихын,  ел  тарихын  білуі  арқылы  нағыз  елінің 

жанашыры,  нағыз  патриот  болған  ұрпақ  тәрбиелеп,  нәтижесінде  қасиетті  Отанымыздың  дамуын 

ілгерілетіп, дамудың жоғары сатысына өту. Патриотизмді жас ұрпақ санасына сіңіру үшін, әрине, 

ең алдымен ата- ана тәрбиесі қажет. Ал екінші орында мектеп тәрбиесі өте маңызды рөл атқарады. 



277 

 

Менің  ойымша,  сан  ғасырларды  қамтыған  тарихтың,  ежелден  келе  жатқан  мәдени  даму 



жолының  балаларға  таныстырылуы  шетел  тілін  үйретуде  де  өз  жалғасын  табуы  керек.  “Нағыз 

патриот  -  өз  елін  мақтайтын  емес,  нағыз  патриот  кемшіліктерді  байқап,  оларды  түзеуге 

ықпалдасатындар”, - деген Н.Ә. Назарбаев сөздеріндегідей, біздің, жастардың, Рухани жаңғыруды 

іске асыруға ықпал етуіміз өте маңызды[3].  

Қорыта  айтатын  болсақ,  Елбасымыз  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 

мақаласында  көрсетіп  кет  кендей:  “Жаңа  жаһандық  үрдістер  ешкімнен  сұрамай,  есік  қақпастан 

бірден  төрге  озды. Сондықтан,  заманға  сәйкес  жаңғыру  міндеті  барлық  мемлекеттердің  алдында 

тұр...  Мен  барша  қазақстандықтар,  әсіресе,  жас  ұрпақ  жаңғыру  жөніндегі  осынау  ұсыныстардың 

маңызын  терең  түсінеді  деп  сенемін...  Жаңа  жағдайда  жаңғыруға  деген  ішкі  ұмтылыс  –  біздің 

дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың 

шаңына  көміліп  қала  береді”  ,  әрбір  қазақстандық  азамат  рухани  жаңғырудың  мәнін  түсінуі  өте 

маңызды. Елбасымыз бағдарлаған жол бойынша жүру, әрбіріміз үшін дұрыс шешім екеніне кәміл 

сенемін.  Бір  орында  тұрмайтын,  осынау  заманда,  жаһандану  үдерісінің  шаңында  қалмайтындай, 

көзі ашық ұрпақ болу, біздің, яғни жастардың өз қолында. Әрқайсымыздың жаңғыруға деген ішкі 

ұмтылысымыз дамуымызға апарар жалғыз, әрі ең жемісті жол. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Нұрсұлтан Назарбаев, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, Егемен Қазақстан 

газеті, 1-2 б., 12 Сәуір, 2017 

2. Гүлшара Әбдіқалықова,  «Рухани жаңғыру  – Қазақстанның үшіншіжаңғыруының негізі» 

мақаласы, 

www.abai.kz

 порталы, 6 Шілде, 2017 

3.  Үмбетхан  Қуандықұлы,  «Рухани  жаңғыру  идеясы  және  ұлттық  рух»  мақаласы, 

www.abai.kz

 порталы, 6 Шілде, 2017 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет