136
Үлкен жастағы өлген торайларда патологиялық – анатомиялық өзгерістер
ұқсас, жаңа туғандарда милиарлы некроздар сипатталады. Катаральді
бронхопневмония мен серозды – катаральді гастриттер болады.
Үлкен шошқалар мен торайларда жұтқыншақ пен бадамша бездердің
кілегей қабықтарының крупозды – дифтериялық эәне ойық-жаралы некротикалық
зақымдалулар анық көрінеді. Бадамша бездерде некроз ошақтары немесе кратер
тәрізді жаралар орналасқан, жиі өткір серозды рини пайда болады.
Ашып сою кезінде пневмония байқалады (жиі аспирациялық асқынған
гангрена). Олар тыныс жолдарында тұрақты қоректенетін микрофлораоар мен
сыртқы орта факторларының әсерінен негізгі үрдіс нәтежиесінде болуы мүмкін.
Бас миында ми қабықшасы мен ми тамырларының қанға толуына назар
аударады. Мидың ісінуі біркелкі емес, ми қарыншасында аздаған мөлшерде
ликвора болады.
Гистологиясы:
өткір
іріңсіз
энцефалитн
энцефаломелит
және
менингоэнцефаломиелит құбылыстары. Мидың қабынуы жас торайларда
кездеседі. Ганглиозды торшалардың дистрофиясы фонында муфт тәрізді
периваскулярлы жиналулар (тамырлардың айналасында) мен экстраваскулярлы
торшалық инфильтраттар (тамырлар аралығында) дамиды.
Диагнозды көкбауырдың, бауырдың және басқада ағзалардың макро және
микро– некроздарының морфологиялық өзгерістері негізінде болжамды түрде
қояды. Түсік тасталған ұрықтарда және жаңа туған торайларда өткір іріңсіз
энцефалмиелит және энцефаломенингит; катаральді, дифтероидты және
некротикалық ларингофарингит.
Еске сала кету керек, өткір іріңсіз энцефаломиелитті шошқа обасы және
Ташен аурулары кезінде байқауға болады.
Іш сүзегі мен листериоз кезінде бауыр мен көкбауырда ошақты некроздар
көрінеді. Ауески ауруы кезінде түсік тасталған төлдер мен жаңа туған торайларға
тән белгілер олардың ареактивті сипаты болып табылады.
Ақырғы балауды ұлпа културасынан вирустың бөлінуі негізінде немесе
тәжірибиелік жануарларға жұқтыру нәтежиелері негізінде қояды (биосынама).
Достарыңызбен бөлісу: