Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4



Pdf көрінісі
бет90/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   126
Туберкулезді ажыратады: 
Біріншілік 
Екіншілік 
Инфекция енген орындарда және 
аймақтық лимфа түйіндерінде 
зақымдалулар болады (тыныс жолдары 
арқылы зақымдалу кезінде өкпеде 
біріншілік ошақтар пайда болады, ал ас 
қорту жолдарында - жұ–қыншақ арты 
немесе мезентеральді лимфа 
түйіндерінде) Ағза мен оның аймақтық 
лимфа түйіндеріндегі біріншілік 
зақымдалуларды толық біріншілік 
кешен деп атайды. Ағзаның бірнеше 
жүйесінде орналасса (тыныс және ас 
қорту жолдарында) күрделі кешен деп 
атайды. Зақымдалу ошағының 
орталық бөлігі ірімшікті массадан 
тұрады, онда әк түйіртпектері бар, ал 
перифериясы ақшыл ұлпадан тұрады. 
Зақымдалудың біріншілік ошақтарынан 
таралу нәтежиесінде дамиды 
 
 
Біріншілік  туберкулездің  ақыры  – біріншілік ошақтардың жазылуы  немесе 
генерализация.  Туберкулездік  ошақтар  зақымдалған  кезде  дистрофиялық 
өзгерістері  мен  өлі  және  тірі  ұлпа  арасындағы  шеттерінде  ыдыраушы  торшалар 
болмайды,  сондықтан,  ошақтың  шеттері  анық  көрінеді.Эпителиоидты  және 
гиганттық  тооршалар  казеозды  массаның  сорылуына  мүмкіндік  туғызады 
(фермент).  Өлі  ұлпалар  жиі  толығымен  әктенеді,  оларда  фибробласттар  немесе 
инкансулдар өседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Туберкулездің  қолайсыз  өтуі  кезінде  үрдіс  алға  басып,  дамиды.  Өлі  және 
тірі  ұлпалар    арасындағы  шеттеріндегі  туберкулез  ошақтарында  көп  мөлшерде 
торшалар  жиналады,  олар  дистрофия  мен  ыдыраудың  әр  түрлі  дәрежесінде 
болады,  соның  нәтежиесінде  түйіндердің  некротикалық  орталығының  көлемі, 
ұлпаның жаңа аумақтарын қамтып ұлғаяды.   
 
 
 
 
 
 
Туберкулез 
ошағындағы 
үрдіс 
асқынған 
кезде 
туберкуллездік 
бактериалардың  мөлшері  бірден  өседі.  Олар  одан  ағатын  сұйықтықпен  бірге 
шығады  және  басқа  ағзаларда  дамып,  лимфа  және  қан  тамырлары  арқылы 


124 
 
таралуы  мүмкін  болатын,  метастазаның  аналық  ошақтарынының  түзілуін 
тудырады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Миллиарлы  туберкулездік  ошақтардың  көлемі  дәнге  ұқсас.Туберкулездің 
бұл формасы қан немесе лимфа арқылы көп мөлшерде туберкуллез бактериялары 
енетін  жағыдайда  туындайды.  Миллиарлы  түйіндер  құрылысы  бойынша 
туберкулез ошағының біріншілік ошағына ұқсас: лимфоидты торшалардан тұрады 
немесе  орталық  бөлігі  өлі  ұлпадан  тұратын  типтік  туберклалардан  тұрады,  ал 
оның айналасында эпителиоидты және лимфоидты торшалар орналасады. Кескен 
кезде – ортасында туберкуллездік бактериялардың түйіндері көрінеді.  
 
 
Патологиялық  диагнозы:  Ірі  қара  малдардың  туберкуллезі.  Кескен  кезде, 
жиі  өкпе  бөлігінің  ортаңғы  тұйық  аймағының  аумағында,  құрамы  ірімшікті, 
казеозды  пролиферативтік-некротикалық  пневмониялар,  (гранулемалар)  ошақты 
пролиферативтер болады. Бронхтық, көкірек және жұтқыншақ арты түйіндерінде 
ошақты  продуктивтік  –  некротикалық,  кейде,  ошақты  немесе  диффузды 
некротикалық лимфаденит (сәулелі казеоз) анықталады.   
 
 
 
 
Туберкулездің  генерализделген  формасы  кезінде:  ошақты  продуктивтік-
нееротикалық  гептит,  спленит,  нефрит,  желін  сау,  галоктофорит  (бірнеше 
миллиарлық  және  казеозды  некроздалған  модулярлы  түйіндер)  болады. 
Зақымдалған  ағзалардан  аймақтық  түйіндерінде  ошақтық  продуктивтік  – 
неротикалық,  сирек  ошақтық  немесе  диффузды  некротикалық  лимфадениттер 
көрінеді.  Зақымдалу  орындарында  ацинозды,  ацинзды  –  нодозды  және  казеозды 
лобулярлы  продуктивтік  –  некротикалық  пневмония  болады.  Оларға  ошақты 
пролуктивтік  –  некротикалық  плевриттер,  мезентериттер,  нериспленит, 
перигептит, перитонит, перинефрит, перикардит және жалпы анемияның белгілері 
тән.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Гистологиясы:  түйіндердің  ортасында  (туберкулдарда)  –  цитоплазма  және 
ядро  лизисінің  типі  бойынша  некрозға  ұшырайды;  перифериясы  бойынша  – 
фибробласттармен және фиброциттермен (инкапсуляция) қоршалған, лимфоидты, 
эпителиоидық, гиганттық торшалардан торшалық зоналар бөлінеді.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет