127
Гистологиясы: лимфоциттер мен эпителиоидты торшалардан құралған
торшалық аумақтары мен карпоресті некроз.
Дифференциальді диагностикасы: маңқа түйіндерін паразиттер және
саңырауқұлақтар тудыратын түйіндерден ажырата білу қажет. Паразитарлы
түйіндер кезінде экссудатпен бірге эозинофильді лейкоциттер көшеді (маңқа
кезінде нейтрофильді).Паразитарлық түйіндердің ортасында хроматин үйінділері
бар эозинофильді массалар көрінеді. Некротикалық орталықтың айналасында
дәнекер ұлпасы өседі, ол капсула түзіп, гламендік зақымдалуға тез ұшырайды.
Микроскопиясы: жас паразиттік түйіндер маңқалыққа ұқсас (кескен кезде
біркелкі), ал ескілері – үгіледі және олардың орындарында жазық қабырғалы
қуыстар қалады.
Микозды түйіндерде маңқаға тән карпорексистер жоқ, бірақ, түйіннің
табиғатын анықтайтын саңырауқұлақ мицелилері кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: