3. Өткізгіштерді параллель жалғаудеп резисторларды (жүктеме- лерді) бірнеше тармаққа бөліп, олардың сәйкес ұштарын біріктіріп жалғауды айтады (сурет 5.17).
Параллель жалғанған өткізгіштердің біреуінен (мысалы, суреттегі
R 1 резистордан) ток өтпесе де, тізбектің басқа тармақтарынан (мысалы
R 2 резистордан) ток өте береді.
Өткізгіштерді параллель жалғау төменде көрсетілген заңдылық
қасиеттерімен сипатталады.
Біріншіден, өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектегі жалпы ток-
тың күші әр тармақтағы ток күштерінің қосындысына тең (сурет 5.17):