19
болсақ, ожау сабының бірте-бірте қатты қызғанын сезінеміз. Ал ағаш
ожаумен мейлінше ұзақ араластыруға болады.
Денелердің жылуөткізгіштігінің әртүрлі болатындығын дәлелдейтін
тағы бір тәжірибе жасайық. Жылуөткізгіштіктері зерттелетін ұзындық-
тары да, диаметрлері де бірдей
мыс,
шыны таяқшаларын штативке
бекітейік (сурет 1.8). Таяқшалардың бойына бірдей кішірек шегелерді
бірдей аралықта балауызбен жапсырайық. Таяқшалардың бекітілмеген
ұштарын түйістіріп, спиртовкамен қыздыратын болсақ, мыс таяқ-
шалардағы шегелердің шыныға жапсырылған шегелерге қарағанда жыл-
дам түсе бастағанын байқаймыз. Осылайша, мыстың шыныға қарағанда
жылуды жақсы өткізетініне куә боламыз.
Тәжірибелерден мынадай қорытынды туындайды:
біріншіден, энер-
гия (жылу) қызған денеден салқын денеге қарай беріледі; екіншіден,
әртүрлі денелердің жылуөткізгіштігі де әртүрлі болады.
2. Жылуөткізгіштік заттың
агрегаттық күйіне байланысты өзге-
ріп отырады. Шынында да, қатты денеге қарағанда сұйықтардың, ал
сұйықтарға қарағанда газдардың молекулалары тым алшақ орналаса-
ды. Сондықтан бір-бірімен жиі әрекеттесе алмайды да жылуды көрші
бөлшектерге кешігіп жеткізеді. Осылайша, заттың атомдары мен моле-
кулалары алшағырақ орналасқан
сайын жылуөткізгіштік нашарлай
береді. Сөйтіп,
жылуөткізгіштіктің табиғаты атомдық-молекула-
лық сипат алады, яғни
жылуөткізгіштіктің әртүрлі болуы зат бөл-
шектерінің арақашықтықтары мен өзара әрекеттесу ерекшелікте-
ріне байланысты түсіндіріледі.
3. Жылу алмасудың екінші түріне
конвекция жатады.
Достарыңызбен бөлісу: