35
Бұл формула заттың меншікті жылусыйымдылығының физикалық
мағынасын ашады. Заттың массасын бір өлшемге тең (
m = 1 кг), тем-
пература өзгерісі де бір градусқа тең (∆
t = 1
о
С) деп алсақ, жоғарыдағы
формула мына түрге келеді:
с =
Q/1 кг · 1
о
С. Олай болса,
меншікті
жылусыйымдылық деп массасы 1 кг заттың температурасын 1 гра-
дусқа өзгертуге шығындалған жылу мөлшерін айтады.
5. Халықаралық бірліктер жүйесінде меншікті жылусыйымдылық
Дж/(кг ·
о
С) бірлігімен өлшенеді, сондай-ақ кДж/(кг ·
о
С) =
10
3
Дж/(кг ·
о
С)
бірлігін де пайдаланады. Мысалы, алюминийдің меншікті жылусыйым-
дылығы с = 920 Дж/(кг ·
о
С). Бұл шама 1 кг алюминийдің температура-
сын 1 градусқа көтеруге шығындалатын жылудың мөлшері 960 джоуль
болатынын білдіреді. Немесе оның температурасы 1 градусқа төмен-
дегенде одан бөлініп шығатын жылудың мөлшері де 960 джоульге тең
екенін көрсетеді. Қорғасынның меншікті жылусыйымдылығы алюминий-
ге қарағанда 7 есеге жуық кем (
с = 140 Дж/(кг ·
о
С), ал бірдей көлемдегі
массасы 4,5 есеге көп.
Табиғи судың меншікті жылусыйымдылығы ең үлкен шама бо-
лып
табылады (
с = 4200 Дж/(кг ·
о
С). Судың бұл тамаша қасиеті жылу
жүйелерінде ғимараттарды жылыту үшін, машиналардың іштен жана-
тын қозғалтқыштарын суыту үшін қолданылады.
Заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерінің меншікті жылусыйымды-
лықтары да әртүрлі болады. Мысалы: судың меншікті жылусыйым-
дылығы 4200 Дж/(кг ·
о
С), мұздың меншікті жылусыйымдылығы –
2100 Дж/(кг ·
о
С); алюминийдің қатты күйдегі меншікті жылусыйымды-
лығы 920 Дж/(кг ·
о
С), сұйық күйдегісі – 1080 Дж/(кг ·
о
С).
Достарыңызбен бөлісу: