Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет61/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   302
 Т = (+ 273)K немесе t = (Т – 273)
о
С
.
5.  Ішкі энергия – заттарды құрайтын барлық бөлшектердің кине- 
тикалық  энергиялары  мен  олардың  өзара  әрекеттесулерінің  потен-
циалдық энергияларының қосындысы.
6.  Жылу алмасу  температурасы жоғары денеден температурасы 
төмен денеге энергияның берілу процесі.
7.  Жылуөткізгіштік – дене бөлшектерінің жылулық қозғалыстары 
барысында  өзара  әрекеттесулері  нәтижесінде  энергияның  дененің 
қызған бөлігінен салқын бөлігіне қарай берілуі.
8.  Конвекция  –  сұйықтар  мен  газ  қабаттарының  ағыны 
арқылы 
жылу энергиясының берілуі.
9.  Сәулелік жылу алмасу – энергияның бір денеден екінші денеге 
электрмагниттік толқындар арқылы берілуі.
10.  Жылу  мөлшері  –  жылу  алмасу 
процесінде  туындайтын  ішкі 
энергия  өзгерісінің  өлшемі.  Жылу  мөлшері  заттың  ∆t  температура 
өзгерісіне,  m  массасына  және  с  жылусыйымдылығына  тура  пропор-
ционал:
 Q = с m t = с m (t
2
 – t
1
)

11.  Отынның  меншікті  жану  жылуы  1  кг  отын  толық  жанғанда 
одан бөлініп шығатын жылудың мөлшері немесе отын толық жанғанда 
бөлініп шыққан жылудың бір өлшем массаға келетін мөлшері:
 q =  Q 
m
.
12.  Отын толық жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері оның 
массасы мен q меншікті жану жылуына тура пропорционал:
 Q = q  m.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


46
ЗАТТЫҢ АГРЕГАТТЫҚ КҮЙЛЕРІ
 
ОҚУШЫЛАР МЕҢГЕРУГЕ ТИІСТІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТТАР:
–   молекулалық-кинетикалық теория негізінде заттың қатты күйден 
сұйыққа және кері айналуды сипаттау;
–   балқу (кристалдану) кезіндегі жұтылатын (бөлінетін) жылу 
мөлшерінің формуласын есептер шығаруға қолдану;
–   заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның 
уақытқа тәуелділік графигін талдау;
–   эксперимент көмегімен мұздың меншікті балқу жылуын анықтау;
–   физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау;
–   молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ 
күйіне және кері айналуын сипаттау;
–   заттың булану және конденсация процесі кезіндегі 
температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
–   су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау;
–   меншікті булану жылуын анықтау;
–   қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру.
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
ІІ Т А Р А У
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет