Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет76/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   302
5. Буланудың қарқыны конденсациялану қарқынынан артық болған 
жағдайда пайда болған бу қанықпаған бу болып табылады. Қанықпаған 
бу қасиеті жағынан газдарға жақындай түседі.
Қанықпаған  бу
  деп  өз  сұйығымен  динамикалық  тепе-теңдікке 
жетпеген буды айтады. 
6.  Ғарыштан  түсірілген  көптеген  фотосуреттер  (сурет  2.5)  Жер 
шарының негізгі үш қабатын бақылауға көмектеседі. Бұларға 
атмос-
фера, гидросфера және литосфера қабаттары жатады. 
Зерттеулер  көрсетіп  отырғандай,  Жерді  қоршаған  мұхиттар  мен 
басқа  да  су  көздерінің  беттерінен  әр  тәулік  сайын  жеті  мың  текше 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


56
км (7 000 км
3
) су буланады. Соншама судың 
мөлшері  жауын-шашын  түрінде  қайта  ора-
лады.  Ауаның  конвективтік  қозғалысына 
ілесіп жоғары көтерілген бу тропосфераның 
суық аймағына жетеді. Көтерілу жолында бу 
қаныққан дәрежеге жетіп, конденсациялана 
бастайды  да,  тұмандықтар  мен  жауын  там-
шыларынан тұратын бұлттар тізбегін түзеді.
Жалпы массасы 7 000 км
3
 су массасына 
теңелетін  атмосферадағы  будың  конденса-
циялану  барысында  орта  есеппен  тәулігіне 
ғаламат мол 1,6 · 10
22 
Дж жылу бөлінеді. Бұл 
барлық адамзаттың бір тәулікте өндіретін энергиясынан ондаған мың 
есе көп.
Сонымен,  Жерді  қоршаған  атмосфера  мен  гидросфера  арасын-
да  үздіксіз  зат  (су)  алмасуларымен  қатар,  энергия  (конвекция  және 
ұзынтолқынды сәулелік-жылулық энергия) алмасулары да орын алады.  
Сөйтіп,  қоршаған  орта  үшін  судың  булануы  мен  конденсациялануы 
климаттық өзгерістер мен ауа райы құбылыстарының қалыптасуына 
зор ықпалын тигізеді.
Күн  жүйесіндегі  планеталардың  ішінде  тек  Жерде  ғана  гидро-
сфералық  қабат  бар.  Оның  негізгі  бөлігін  мұхиттар  (94%)  құрайды. 
Мұхиттардың сулары Жер бетінің 71%-ын жауып жатыр.
Адамзат үшін тұщы су қорының маңызы орасан зор. Алайда өзен- 
дер мен көлдердегі және жасанды суқоймаларындағы тұщы су қоры 
барлық  гидросфераның  тек  0,6%-ын  ғана  құрайды.  Саналы  адамзат 
ұрпағының саны еселеп өссе де, өзендер мен көлдердің ластануы төз- 
бестік жағдайға жетті. Сондықтан экологиялық мәдениетімізді көте- 
ріп, су көздерін тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан қорғау – әр 
адамның қасиетті борышы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет