Будың сұйыққа айналу құбылысын конденсация деп атайды. Молекулалар булану барысында қанша жылу жұтса, сонша жылуды
конденсация кезінде бөліп шығарады. Тұман мен жауын бұлтының пай-
да болуы, шықтың түсуі конденсация салдары болып табылады.
4. Егер сұйық жабық ыдыста болып, оның біраз көлемі бос қалса,
булану процесінің көрінісі біршама өзгереді. Әуелі сұйық бетінен ұшып
шығатын молекулалардың саны сұйыққа қайта оралатын молекулалар
санынан артық болады. Бұл кезде будағы молекулалардың концентра-
циясы артады. Одан кейін сұйыққа кері қайтатын молекулалар саны
одан шығатын молекулалар санына бірте-бірте жақындай бастайды.
Ақыр соңында уақыт бірлігінде қанша молекула буланса, сонша моле-
кула сұйыққа қайта оралатын күйге жетеді. Мұндай күйді
сұйық пен будың динамикалық тепе-теңдігі дейді.
Қаныққан бу