Жүйеге берілген жылу жүйенің ішкі энергиясын молайтуға және сыртқы күштерге қарсы жұмыс істеуге шығындалады: Q =∆U + А.
Жүйенің (мысалы, газдың) ішкі энергиясын өзгертуге қатарынан
екі тәсіл бір уақытта қолданылса (
Q = ∆U + А), онда сырттан берілген
Qжылу жүйенің ішкі ∆Uэнергиясын өсіреді; сонымен қатар сыртқы
күштерге қарсы
А жұмыс істеледі (газдың көлемі ұлғаяды, сурет 3.1).
Сурет 3.1. Газ ұлғая отырып, жұмыс істейді
а)
ә)
Р Р 0
А В V А V B V Термодинамиканың бірінші заңының салдарлары да бар. Мысалы,
жүйенің ішкі энергиясын өзгерту бір ғана тәсілмен жүзеге асуы мүмкін.
Айталық, жүйе жұмыс істемесе (
А= 0), онда барлық берілген жылу
жүйенің ішкі энергиясын молайтуға жұмсалады (
Q=∆U). Ал егер жылу
сырттан берілмесе (
Q= 0), онда А= –∆U. Мұндай жағдай сыртқы күштердің
жұмыс істейтінін және газдың көлемінің кішірейетінін білдіреді.