Екінші тәсіл бойынша жүйенің энергиясы жүйегежылу беру немесе
жүйеден
жылу алу арқылы өзгереді. Мұндай жағдайда сыртқы денелер
орындарын өзгертпейді, яғни ешқандай жұмыс істелмейді.
Жылулық құбылыстарға байланысты алдыңғы тарауда қарастырыл-
ған эксперименттік материалдар мен теориялық талдаулардан мынадай
қорытынды туындайды:
Жүйенің энергиясын өзгертетін сыртқы күштердің А′ жұмысы мен оған берілген Q жылудың қосындысы жүйенің ішкі энергиясының өсімшесіне тең: ∆U = А′ + Q.
Денеге берілген
Q жылу және жүйенің істеген А жұмысы оң таңба-
мен алынады да, ал сыртқы күштердің
А′ жұмысы теріс таңбаланады
(
А′
=
–А). Олай болса, жоғарыдағы теңдікті мына түрде жаза аламыз:
∆U = –А + Q немесе Q =∆U + А.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
68
Соңғы теңдік бойынша термодинамиканың бірінші заңы былайша
тұжырымдалады: