бу болып келеді. Ауыз шығыстылардың босаңы сөз басында келмейді, қысаңы сөз
басында келеді.
Мұрын шығыстылардың босаңы сөз басында келмейді, қысаңы алдындағыға әсер етеді, тұйығы алдындағыға әсер етпейді. Дауыссыздардың
қысаңы мен босаңы бір-біріне жуыспайды. Қысаң дауыссыздың ашығы азбайды,
айнымайды; қысаң дауыссыздың тұйығы азады, айниды. Босаң дауыссыздардың
ашығы сөздің басында да келе береді; тұйығы сөздің аяғында келмейді; тұйықтауы
сөздің басында да, аяғында да келмейді.
* * *
Ауыз мүшелерінің ішінде көп қызмет атқаратыны – тіл. Басқалары оның
сепшісі (көмекшісі). Дыбыс атына тіл аты немесе басқа бір мүшенің аты қатысса,
сол дыбысты айтқанда сол аталған мүше ғана қызмет қылады екен деп түсіну
дұрыс емес. Дыбыстардың айтылу түрі басқа-басқа болатын себебі оларға түрлі
мүшенің қатысуы түрліше болатындығынан ғана. Дыбыстарды мүшелердің қатысу
түріне қарай қай дыбыс қалай жаралатынын көрсете жіктесек, мынадай болады: 1.